6.9-сурет. Күй диаграммалары:а-жоғары критикалық еру температурасы бар сұйық-сұйық жүйе; б-төменгі критикалық еру температурасы бар сұйық-сұйық жүйе; в-ацетилцеллюлоза-хлороформ жүйесі
Көпшілік полимерлер төмен молекулалық сұйықтарда белгілі бір температура аралығында ғана шексіз ериді (толық араласу). Бұл температура аралығынан тыс компоненттердің өзара ерігіштігі шектеледі де (жартылай араласу), ерітіндінің әр фазасы бір компоненттің екіншісіндегі қаныққан ерітіндісін береді. Төмен молекулалық заттар ерітіндісінен өзгеше полимер ерітінділері фазалық бөлінгенде, өте ісінген тұнба түзіледі. Бұл тұнбада полимерге қарағанда еріткіш көбірек болады. Полимер ерітінділерінің тағы бір ерекшелігі − оның құрамында еріген заттың онша көп бола алмауы, себебі полимердің ерігіштігі аз болғандықтан ерітінді тез қанығады. Сондықтан критикалық еру температурасы ерітіндінің біршама төмен концентрациясында байқалады (6.9 в-сурет).
Полимер ерітінділеріне де бірнеше фазалық диаграммалар тән. Критикалық еру температурасының типі еріткіштің полимерге деген термодинамикалық ынтықтығы температураға сәйкес қалай өзгеретініне байланысты. Мұндай тәуелділік сызбанұсқа түрінде 6.10-суретте келтірілген. Егер екінші вириальды коэффицент А2 және
Gap теріс мәні температура төмендегенде кеміп тұрса, яғни еріткіш нашарлай берсе, онда жүйе салқындағанда қабаттанады деуге болады. Мұндай фазалық диаграммада жоғары критикалық еру температурасы (ЖКЕТ) байқалады (6.10 а-сурет). Үдеріс эндотермиялық, энтропия- ның өсуі арқылы жүреді (∆H > 0, ∆S > 0).
Температура артқанда А2 абсолют мәні төмендейтін болса, онда жүйе қызғанда қабаттануы керек, яғни қабаттану қисығы төменгі критикалық еру температурасы (ТКЕТ) арқылы өтеді (6.10 б-сурет). Бұл кезде (∆H< 0, ∆S < 0), яғни үдеріс экзотермиялық, энтропия бұл
Достарыңызбен бөлісу: |