Білім және ғылым



бет101/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146
6.12-сурет. Полистиролдың бензолдағы ерітіндісінің тұтқырлығының оның концентрациясына тәуелділігі


6.13- сурет. Еріген заттың және еріткіш молекулаларының сұйытылған ерітіндідегі сызбанұсқа түріндегі бейнесі. а-төменмолекулалық зат;
б-полимер; 1-еріген заттың молекуласы; 2-еріткіштің молекуласы; 3-полимер молекуласының статистикалық шумағы

сегменттері әдетте бір-біріне жанаспайтын аймақ құрып, не бір координациялық гидродинамикалық сфера түзіп қалыптасады (6.14- сурет). Координациялық сфералар бір-бірінен алшақ орналасады.


Полимердің концентрациясы координациялық сфераның ішін- де аз-ақ, бірақ ерітіндінің орташа концетрациясынан жоғары болады. Демек, бір макромолекуланың алатын көлемінің екінші макромолекуланың көлеміне ешқандай әсері болмайды. Осындай бір-біріне әсер етпейтіндей оқшау орналасқан макромолекулалардың көлемі макромолекулалардьң оқшауланған көлемі (β) деп аталады.
Макромолекуланың оқшауланған көлемі оның физикалық көле- міне тең емес. Ол бөлшектердің пішіні мен полимер-полимер және полимер-еріткіш әрекеттестігінің шамасымен (еркін энергиясымен) анықталады. θ - еріткіште буынаралық әрекеттесу болмайды, оның орнына буындар мен еріткіш молекулаларының әрекеттесу қалыптасады. Макромолекулалардың, олардың ешқандай өзара байланысын болдырмайтын θ еріткіштегі мөлшерін макромолекула- ның ұйытқымаған мөлшері дейді (6.15-сурет).
Ұйытқымаған макромолекула статикалық шумақ түрінде болады. Егер сұйытылған ерітінді θ жағдайда болса, (яғни Т=θ, А2= 0) макромолекуланың оқшауланған көлемі нөлге тең (β=0).
Полимерлердің еріткішпен термодинамикалық әрекеттесу неғұрлым
күшті болса, яғни, A2 мәні неғұрлым жоғары болса, макромолекула соғұрлым көбірек «ісінеді», демек оқшауланған көлем үлкенірек болады >0). Сонымен, макромолекулалардың оқшауланған көлемі сұйытылған ерітіндінің энергетикалық сипаттамасы. Ол температураға, полимердің молекулалық массасына, полимер






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет