Білім және ғылым



бет98/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Полимер

Еріткіш

Температура, 0С

Полиакрил қышқылы

Диоксан-1,4

60

1,4-цис-Полибутадиен

Изобутилацетат

20,5

Поливинилацетат

3- Гептанол

29

Поливинилхлорид

Диметилформамид

36,5




Тетрагидрофуран: су







(89,4:10,6 көлем )

31,5

Полистирол

Циклогексан

34




Толуол: метанол







(75,2:24,86 көлем )

34




бутанол: изопропанол







(85,7:14,3 көлем )

23

Полиметилтетакрилат

Ацетонитрил

27,6




3-Гептанон

33,7

Полиизобутилен

Бензол

24

Полиэтиленоксид

0,45М судағы ерітінді

35

Полидиметилсилоксан

Бромциклогексан

28




Тетралин

28

Флори-Хаггинс анықтамасы бойынша θ температурада ∆G = 0.

T H
S

(6.28)


Демек, Ө температурада π = сRТ, яғни θ жағдайдағы ерітінділерге осмос қысымының теңдеуін қолдануға болады.

    1. Полимер ерітінділерінің фазалық тепе-теңдігі

Полимер ерітінділері − термодинамикалық тұрақты, тепе- теңдіктегі гомогенді жүйе. Тепе-теңдік күйдегі көп фазалы бірнеше компонентті кез келген жүйе Гиббстің фазалар ережесіне бағынады.


C = k – ф + 2, (6.29)
мұндағы ф − фазалар саны; к − жүйедегі компоненттер саны; с − оның еркіндік дәрежесі.
Еркіндік дәреже С жүйедегі санын өзгертпей, яғни жүйедегі тепе-теңдікті сақтай отырып өзгертуге болатын тепе-теңдік факторларының (қысым, температура, концентрация және т.б) санын көрсетеді. Еркіндік дәрежесі 0, 1, 2, 3-ке тең болуына байланысты жүйе сәйкесінше нөл, бір, екі, үш нұсқалы болып есептеледі.
Әдетте, қысым конденсацияланған жүйелердің қасиетіне онша әсер етпейді, сондықтан қысымды тұрақты деп алып, фазалар ережесінің теңдеуін былай жазады:
C = k – ф + 1
Бұл теңдеу бойынша екі компонентті бір фазалы жүйенің екі еркіндік дәрежесі бар, яғни жүйенің күйі температура мен компоненттерінің бірінің концентрациясымен анықталады. Екі фазалық (ф = 2) екі компонентті жүйенің тек бір еркіндік дәрежесі болады. Демек, температура өзгергенде, екі фазаның концентрациясы да өзгереді. Екі компонентті жүйе не ерітінділер температураға байланысты бір фазалы гомогенді болуы немесе болмаса екі фазаға бөлініп, қабаттануы мүмкін. Ерітіндінің қабаттана бастаған температурасын фазалық қабаттану температурасы немесе фазалық
бөліну температурасы (Тф) дейді. Фазалық бөліну температурасының ерітіндінің құрамына тәуелділігі өзара араласу қисығымен − бір фазалы ерітінділерді екі фазалы ерітінділерден бөлетін шекаралық кисықпен өрнектеледі (6.9 а-сурет). Бұл қисық бинодаль деп аталады. Компоненттердің құрамына тәуелсіз бір - бірінде шексіз ери бастайтын температурасын критикалық еру температурасы не
критикалық қабаттану температурасы Te дейді.
Екі фазалы жүйелердің бірігуі температураны жоғарылатқанда
(6.9 а- сурет) немесе температураны салқындатқанда (6.9 б-сурет) болады. Соған сәйкес жүйені жоғары критикалық еру температурасы және төмен критикалық еру температурасы бар деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет