Тәрбиеші Ән салғызып, билетіп, ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп, ойната да біледі.
Қызық-қызық ертегілер біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді
Бастап бізді далаға, серуенге де шығады.
Біз шомылсақ жағада байқап өзі тұрады.
Кішкентаймыз әлі біз, үлкендерге сенеміз.
Бұл тәтені бәріміз сыйлап, жақсы көреміз.
Естіп кейде қаламын, тәрбиеші апайды
"Қамқоршысы баланың" деп ауылда атайды
Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы
бүгін қандай көңіл күймен келетінің ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі
ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!
Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» деген өлеңі есіме алып отырып,
менің мамандығымда «Үш бақытымды» былай дегім кеп тұр.
Әрбір сабақ мен үшін маңызды, өйткені басқа сабақтардан өзгеше.Оларды
өткізу менің бірінші педагогиқалық бақытым. Екінші бақытым ол менің
мектепке дейінгі балаларым. Оларға білім беріп, жақсылыққа үйрету менің
үшінші бақытым.
Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш
әкелсе,менің жұмысымда маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен
болсам, гүлдің әсем дағы-балалар, ал күлтелері – менің міндеттерім мен
әдістерімді теңеймін. Менің тобым сол гүл сиякты жайнайды.
Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.
Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Әлі де қызмет
етемін, баламен жұмыс жасау мен үшін өте қызықты. Әр оқу қызметінің сәтті
шығуы бірінші кезекте, әрине, тәрбиешілер қауымына–өзімізге байланысты.
Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда бүлдіршіндеріміздің биіктен
көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген
тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
Сондақтан да, менің педагогикалық ұстанымым – кішкентай
бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Болашақта
тәрбиеленушілерімнен Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары
болады деген үлкен үміт күтемін.
3
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077 ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------