«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
2021-33

17.04.2021 жыл. № R00020
Қоршаған ортаның бала тілін дамытудағы рөлі
ЭЗДЖАНОВА КАТИРА ОТУЗБАЕВНА
Маңғыстау облысы Жаңаөзен каласы Аксу шағын ауданы 
№ 12 «Рахат» бөбекжайы тәрбиешісі
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-
тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте 
жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала 
табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. 
Біздің қоғамымызда тәрбиелік мәні, дүние танымдық орны жоғары 
бағаланады. Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. 
Бүгінде мектепке дейінгі мекемелердің мазмұнын жаңарту, басқаруды 
жетілдіру, балабақшалар желісін сақтау тұрғысынан біршама игі істер 
жүргізілуде. Балалар бақшасында тәрбие бағдарламасының ең ауқымды бөлімі 
балаларға айналадағы өмірді, түрлі заттар мен құбылыстарды бақылатуға 
арналған. Өйткені сәби тұңғыш білім-дағдыларын өмірден алады. 
Айналасындағы адамдарды іс-әрекетін, табиғат пен жан-жануарлар дүниесін 
қоғамдық өмірді бақылап көру, сезініп түсіну арқылы ой-өрісі кеңейіп, тілі 
дамиды лексикалық қоры молаяды. Осының нәтижесінде ол басқалармен сөздік 
қарым-қатынас жасайды.
Қоршаған ортамен таныстыру барысында, балалардың тілі дамиды: олар 
заттарды танып, қасиеттерін және атауларын біледі, өз пікірлерін айтуға, сұрақ 
қоюға, сұрақтарға жауап беруге, көргендерін айтып беруге үйренеді. 
Әрбір затты танып білуге кезінде балаларға сұрақтар қойып, әңгімелету 
арқылы сөздік қоры дами түседі. Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті процесінде 
дидактикалық ойындар, жаттығулар, балалармен қарым-қатынас жасау арқылы 
педагог балалардың тілін дамыта отырып, заттар туралы нақты білім беріп, 
сөздік қорын молайтуға ден қояды. 
Қоршаған ортамен таныстыру барысында бақылау жасаудан, мақсатты 
серуен және топтық саяхаттан алған әсерлерін, білімдерін нақтылау мақсатында 
әңгіме құру жұмысы кең көлемде жүргізіліп отырулы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет