Білімдегі жаңалықтар №1 (53), 2016 Республикалық ақпаратты-әдістемелік журнал



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,35 Mb.
#6379
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

63

№ 1 (53) - 2016

Ө

негелі

 

тәрБие

ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ЖӘНЕ 

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕ 

ТЕХНОЛОГИЯ, СЫЗУ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 

ПӘНДЕРІНІҢ РӨЛІ

Дуйсебаева М. Ж.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша 

ПҚ БАИ «Инновациялық дамуды әдістемелік

қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы

Қазақстан  Республикасының  Прези-

денті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан 

жолы  –  2050:  «Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ» Жолдауында атап көрсетілгендей, 

егеменді 

даму 

жылдарында 



барша 

қазақстандықтарды  біріктіретін  және  ел 

болашағының  іргетасын  қалаған  басты 

құндылықтар  жасалды.  Бұл  құндылықтар: 

Қазақстанның  тәуелсіздігі  және  Аста-

насы;  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік, 

бейбітшілік  пен  келісім;  зайырлы  қоғам 

және  жоғары  руханият;  индустриялан-

дыру  мен  инновацияларға  негізделген 

экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамы;  тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің 

ортақтығы;  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі 

және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді ше-

шуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 

Президент  сонымен  қатар,  жалпы-

қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша 

серпін  беретін    белсенді,  қазақ  халқының 

және  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен 

мәдениетті  бойына  сіңірген,  толерант-

ты,  дүниежүзіне  танымал  әрі  мәртебелі, 

білімді және дені сау азамат қалыптастыру 

міндетін қойды.

Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің    2015  жылғы  22 

сәуірде  №  227  бұйрығымен  бекітілген 

«Тәрбиенің 

тұжырымдамалық 

негіз-


дерінде»  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 

құндылықтар 

тұтас 

педагогикалық 



процестің  өзегі  бола  отыра,  тәрбие 

жұмысындағы бағыттары белгіленді:

1.  Қазақстандық  патриотизм  және  аза-

маттық, құқықтық тәрбие 

2. Рухани-адамгершілік тәрбие 

3. Ұлттық тәрбие 

4. Отбасы тәрбиесі 

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық 

тәрбие 

6.  Көпмәдениетті  және  көркем-эстетика-



лық тәрбие 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет 

тәрбиесі 

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты 

Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-

жоралар,  қолөнер  бұйымдарын  жасаудағы 

тәжірибелерін  үйреніп,  мәдениетімізді 

ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғастыруда, 

оқушылардың  ой  жүйесін  ұштауда,  жан-

жақты  жетілген  тұлға  болуға  баулуда, 

өнерге құштарлық сезімін оятып, әсемдікті 

сезініп, оның сырын терең түсінуге жетеле-

уде,  өзгенің  еңбегін  кемсітпей  құрметтеп, 

бағалау  керектігін  түсіндіруде,  көненің 

көзі  болған  ұлттық  мұрамызды  зерттеу-

де эстетикалық бағыттағы пәндердің  рөлі 

ерекше. 


Мәселен,  «Технология»  сабағында 

жас  ұрпақты  ұлттық  құндылықтарға 

тәрбиелеу  еңбек  арқылы  іске  асырылады. 

Тәрбиелік мәні бар дәстүрлер мен көнерген 

қолөнерімізді  қайта  жандандырып  оны 

көркем  өңдеп,  күнделікті  тұрмыста,  от-

басында,  ұрпақ  тәрбиесінде  қолданудың 

маңызы  зор.  Бұл  оқушыларды  болашақ 

мамандығын  дұрыс  таңдауларына,  әрбір 

оқушының  шын  мәнінде  келер  ғасырдың 

және  қазіргі уақыттың талабына сай адам 

болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз 

болады.  «Технология»  пәні  сабағында 


64

Білімдегі жаңалықтар

Ө

негелі

 

тәрБие

сәндік  қолданбалы  өнері  мен  ұлттық 

дәстүріміз  арқылы  оқушыларды  ұлттық 

құндылықтарға тәрбиелеу олардың өмірлік 

тәжірибелеріне рухани күш береді.

Ал  қыз  балаларға  арналған  «Техно-

логия»  сабағында  моншақпен  кестелеу, 

зергерлік  бұйымдар  жасау,  сәнді  картина-

лар, кесте тігу өнері, ұлттық ойыншықтарды 

жасау, ұлттық киімдерді тігу, теріден түрлі 

бұйымдар  жасау,  қыларамен  жұмыс,  ши 

тоқу  өнері  аса  шеберлікті  талап  етеді. 

Бұл  жұмыстар  оқушыны,  әсіресе  қыз  ба-

ланы 


шыдамдылыққа, 

ұқыптылыққа, 

ептілікке,  талғампаздыққа  тәрбиелейді, 

кәсіби  шеберлікке  баулиды.  Ал  қазіргі 

заманда  кейбір    оқушыларда    ұзақ 

жұмысқа  төзімділігі  мен  бастаған  ісін 

аяқтай  білу  қасиеттері  жетіспей  жата-

тыны  анық.  Дәл  осындай  жағдайларда 

оқушыға бағыт-бағдар беріп, олардың жеке 

қызығушылығын ескере отырып, ынталан-

дыру  тікелей ұстазға байланысты. 

Эстетикалық  бағыттағы  пәндер  арқы-

лы  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  берудің 

мақсаты:  мектепте  тұлғаны  ұлттық 

және  жалпыадамзаттық  құндылықтарға, 

ана  тілін  және  мемлекеттік  тілді, 

Қазақстан  Республикасындағы  этностар 

мен  этникалық  топтардың  мәдениетін 

құрметтеуге  бағдарлау,  этникалық  өзіндік 

санаға, этникалық сәйкестікке, өз халқының 

мәдени  мұрасына,  қазақ  халқының  салт-

дәстүрлері мен әдет-ғұрпына, этносаралық 

бейбітшілік  пен  келісімге  мақтаныш 

сезімін  тудыру  және  жауапкершілік  та-

ныту.  Бұл  -  сабақта,  оқу  пәндерінде, 

қосымша  білім  беруде,  сабақтан  тыс  іс-

әрекеттерге жалпыадамзаттық және ұлттық 

құндылықтарды  кіріктіру,  «Мәңгілік  Ел» 

жобасы  аясында  акциялар,  ҚР  Елтаңбасы, 

Туы  мен  Гимнін,  мемлекеттік  тілді,  қазақ 

халқының  мәдениеті  мен  дәстүрлерін, 

Қазақстан  тарихын  білу  бойынша  фести-

вальдер  және  байқаулар  өткізу,  өлкетану 

жұмыстары  және  т.б.  арқылы  жүзеге  асы-

рылады. 

Технология  сабақтарындағы  еңбек 

тәрбиесі,  қосымша  білім  беру,  мектеп-тен 

тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер өз кезегінде 

кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, 

жаңашылдармен,  табысты  кәсіпкерлермен 

кездесулер,  оқу  шеберханалары  мен 

зертханалардың  материалдық-техникалық 

базасын   нығайту  арқылы жүзеге асыры-

лады. 


Эстетикалық 

тәрбиелеудің 

тағы 

бір  бағыты  бейнелеу  өнерінің  мақсаты: 



оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру,  су-

рет  өнеріне  қызығушылығын  арттыру, 

қазақ  халқының  мәдениетін  құрметтеуге, 

қоршаған  ортаны  жақсартуға,  дамытуға 

шығармашылықпен  атсалысуға  баулу, 

халық  өнеріне  сүйіспеншілігін  артты-

ру  және  есте  сақтау,  бақылау  қабілетін 

жетілдіру.

Аталған 

мақсатқа 

оқушылардың 

ес,  зейін,  қиялдау,  фантазия  секілді 

психологиялық 

сезімдерін 

дамытуға 

ықпал  ететін  графика,  живопись,  сәндік-

қолданбалы  өнер,  мүсін,  архитектура, 

дизайн  және  пейзаж,  портрет,  натюр-

морт  секілді  түрлі  жанрлар  арқылы  қол 

жеткізіледі.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 

академиясының 2015-2016 жылға арналған 

әдістемелік нұсқаулығында бейнелеу өнері 

сабағында  аймақтық  компоненттерді  еске-

ру,  ұлттық  ерекшеліктерге  көңіл  бөлу, 

ұлтаралық  қарым-қатынасты  арттыруға 

айрықша назар аудару қажеттілігі айтылған. 

Осы  құжатта  белгіленген  «Технология» 

пәніндегі  ерекшеліктерге  тоқталсақ,  адам 

мен  оны  қоршаған  ортаның  өзара  тығыз 

байланысы, оқушыны адамгершілік, ақыл-

ой, физикалық, эстетикалық, экономикалық 

жағынан тұлға ретінде жетілдіретін еңбектің 

рөліне  баса  маңыз  берілген.  Сонымен 

бірге,  «Технология»  пәніне  оқушыларды 

  

    Адам естіп-білгені арқылы ғана 

жетілмейді,  еңбек  пен  іс-әрекет 

үстінде қалыптасады.

Альберт Эйнштейн



65

№ 1 (53) - 2016

и

скусство

 

воспитания

қазіргі  техника  мен  технология  заманын-

да  функционалдық  сауаттылығын  дамы-

ту  арқылы  кәсіпке  бейімдеу,  мамандықты 

таңдай  білу,  өмірлік  және  және  кәсіптік 

бағытын анықтай білуі арқылы нарықта өз 

орнын таба алатын тұлға тәрбиелеу міндеті 

жүктелген. 

Сызу  сабағы  –  эстетикалық  бағыттағы  

оқушының  аналитикалық  және  логикалық 

ойлауын  арттыратын,  геометриялық  және 

математикалық  білім-білігіне  сүйенетін 

пән.  Сондықтан,  аталған  пән  оқушының 

жобалау,  құрастыру,  модельдеу,  қалыптау 

сияқты қабілетін дамыту арқылы интеллек-

туалды тұлға болып қалыптасуының негізін 

құрайды.

Астана  қаласы  Білім  басқармасына 

қарасты  80-нен  астам  мектепте  техноло-

гия,  сызу,  бейнелеу  өнері  пәндері  бойын-

ша  100-ден  астам  мұғалім  еңбек  етеді. 

92%  -  жоғары,  7%  -  орта  арнаулы  білімді 

педагогтардың 42% - жоғары, 28% - бірінші, 

19% - екінші санатты мұғалімдер. Олардың 

еңбек өтілдері: 3 жыл - 6%, 4-15жыл - 37%, 

17-30 жыл - 48% және 30 жылдан аса еңбек 

етіп  келе  жатқандардың  үлесі  16%  -  ды 

құрайды.  Деңгейлік  курстан  35  мұғалім 

(23 - технология, 12 - сызу және бейнелеу 

өнері  пәндері)  өтіп,  өздерінің  біліктілік 

шеберліктерін  көтерсе,  «Өрлеу»  БАҰО» 

АҚ  Астана  қаласы  бойынша  педагог 

қызметкерлердің  біліктілікті  арттыру  ин-

ститутында қысқа мерзімді біліктілік артты-

ру курстарында аталған пән мұғалімдерінің 

31% -ы білімдерін жетілдірді.

Білім  басқармасының  әдіскері Гүлнәр 

Ахметжанованың  жетекшілік  етуімен 

эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің 

жұмысы  айтарлықтай  жанданды.  Кәсіби 

қызметтерінде  мол  тәжірибе  жинақтаған 

мұғалімдерден жас мамандарға әдістемелік 

көмек  көрсететін  мектептер  құрылды: 

«Жас технолог» (жетекшілері Айгүл Оспа-

нова,  №15  МЛ),  Мырзабай  Қожахметов, 

(№56 МЛ), «Жас суретші» (жетекшісі Сана 

Етекбаева,  ҮББМ),  «Жас  сызу  мұғалімі» 

(жетекшісі  Алия  Тұрғымбаева).  Соны-

мен  бірге,  кабинеттердің  төлқұжаты, 

техникалық 

қауіпсіздік 

Ережесінің 

бірыңғай  формадағы  журналы,  құжаттар 

және  шығармашылық  портфолио,  сабақ 

жоспарының ортақ үлгісі жасалды. Мұның 

бәрі  мұғалімдердің  онсыз  да  аз  сағатын 

қағазбастылыққа  емес,  шығармашылыққа 

жұмсауына  көп  мүмкіндік  берді.  Астана 

қаласы мектептерінде эстетикалық бағытта 

мол  тәжірибе  жинақтаған  С.  Садуақасов, 

Ш.  Ильясов,  М.  Жарасбаев,  С.  Қаріп,  К. 

Бөлебай,  Д.  Кауымбаева,  Ш.  Байдильдин, 

Б. Темиржанов, З. Хасенов, К. Ж. Сейдах-

метова,  З.  Төлендиева  секілді  көптеген 

он  саусағынан  өнері  тамған  шеберлердің 

жұмыстары  республика  көлемінде  кеңінен 

танымал.  Олардың  тамаша  туындыла-

ры  қалада  ұйымластырылатын  түрлі 

көрмелердің,  сайыстардың  жеңімпаздары. 

«Сәт  сайын  құбылған  аласапыран  заманға 

сай  амал  болуы  керек.  Ең  жақсы  жоспар 

–  уақыт  талабына  бейімделе  алатын  жос-

пар.  Біз  де  заманның  беталысына  қарай 

межелерімізді  белгілеп,  жоспарларымыз-

ды  жөндеп  отырамыз.  Біздің  мақсатымыз 

–  елі  бақытты,  жері  гүлденген  қасиетті 

Отанымыз  Қазақстанды  «Мәңгілік  Ел» 

ету!  Әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің 

қатарына  қосылып,  бай  да  қуатты  елдер-

мен  иық  түйістіру.  Біз  бұл  мақсатымызға 

міндетті  түрде  жетеміз.  Небәрі  ширек 

ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық 

байланыстарға  қосылған  егемен  ұлттық 

экономика  және  ұлттардың  әлемдік 

отбасының  толыққанды  қатысушысына 

айналған  мемлекет  ретінде  қалыптасты. 

Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп 

бердік,  шынықтық  және  нығайдық.  Біз 

өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген 

табысты  экономикалық  даму  қарқынына 

қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған дейін 

ешқашан  бүгінгідей  жақсы  өмір  сүрген 

емес. Біз көп нәрселерге қол жеткіздік" - бұл 

Елбасының    2016  жылғы  халыққа  арнаған 

Жолдауынан  үзінді  –  барлығымыз  үшін 

басты нысана. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесімен 

айналысып  жүрген  ұстаздардың  басты 

бағдарламасы.



Білімдегі жаңалықтар

66

Ө

негелі

 

тәрБие

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР — МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ 

ОДАН ӘРІ НЫҒАЮЫНЫҢ СЕНІМДІ ІРГЕТАСЫ

Әлмағамбетов Қ. С.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, 

Павлодар қаласы

Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесі 

–  әлемде  теңдесі  жоқ  тәрбие.  Жалпы 

«ұлттық»  деген  сөздің  астарында  елге-

жерге,  тілімізге,  дінімізге  деген  құрмет 

жатыр.  Ұлттық  тәрбиені  бала  бойы-

на  сіңіруде  ана  құрсағынан  бастаса,  оны 

білім  теңізінің  мектеп  атты  кемесінде 

ұлттық  құндылықтарымызбен  жетілдіру 

өте  маңызды.  Балабақша,  мектептерге 

ұлттық тәрбие негіздерін енгізу арқылы біз 

ұлтжанды,  парасатты  ұрпақ  өсіретініміз 

айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел бо-

ламыз  десек,  ең  бастысы,  ұрпақ  тәрбиесі 

мен  біліміне  сергек  қарауымыз  қажет.  Бұл 

жөнінде  Абай  атамыз:  «Балаға  мінез  үш 

алуан  адамнан  жұғады:  бірінші  –  ата-ана-

сынан,  екіншісі  –  ұстазынан,  үшіншісі 

–  құрбысынан»,  –  деген  екен.  Ұлттық 

тәрбие  атауын  алғаш  әдеби-педагогикалық 

оқулықтарға  енгiзген  М.  Жұмабаев  болды. 

Ол  педагогиканың  ұлттық  тәрбиеден  бас-

тау  алатыны  жайлы  айтқан.  «Педагогика» 

атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі 

баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып 

келе  жатқан  сара  жол  болғандықтан,  әрбір 

ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында  өз 

ұлты  үшін  қызмет  ететін  болғандықтан, 

әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен 

тәрбие қылуға міндетті» [1]. Ұлттық тәрбие 

мәселесі  –  адамзат  тарихынан  өн  бойына 

ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан 

ұлы мақсат.

Бүгінде  адамзат  өркениеттің  өзгеше 

биігіне  көтерілген,  үшінші  мыңжылдыққа 

қадам  басқан  кезеңінде  де  Қазақстандық 

патриотизм,  азаматтық  парыз,  тұлға 

бойындағы  ұлттық  құндылықтар  мен  ар 

тазалығы  және  тағы  да  басқа  қасиеттер 

жас  мемлекетіміз  үшін  рухани  асыл 

мұра  болып  табылады.  Баланың  өмірге 

белсенді  көзқарасының  бағыты  үлкендер 

арқылы  тәрбиеленеді.  Тәрбиелеу,  білім 

беру  жұмысының  мазмұны  мен  формала-

ры балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы 

нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке 

тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің 

қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру 

процесінде,  ойын  және  оқу  ісінде  жоспар-

лы  түрде  іске  асады.  Олай  болса,  қазіргі 

кезеңде  мектеп  табалдырығынан  бастап 

білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие 

сағаттарында  қазақ  зиялы  қауымының 

еңбектерін,  қоғам  дамуына  қосқан  үлесін 

айтып түсіндіру арқылы оқушылардың ада-

ми  құндылық  қасиеттерін  қалыптастыра 

аламыз.

Сондай-ақ  ұлттық  салт-сананың  өмір-



дегі  қолданылып  жатқан  көріністері: 

рәсімдер,  рәміздер,  ырымдар,  тыйымдар, 

жөн-жоралғылар,  сенімдер,  перзенттік  па-

рыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет 

арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге 

айналады. Оқушының ұлттық қасиеттеріне 

меймандостық,  кісілік,  сыйласымдылық, 

имандылық,  кішіпейілділік,  кеңпейілділік, 

салауаттылық, 

тіршілікке 

бейімділігі, 

өнерпаздық,  шешендік,  ақынжандылық, 

сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері 

арқылы ерекшеленеді. Әрбір ұлттың ұлттық 

қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты да-

мып, қалыптасқан. 

Әр  баланың  жеке  басы  –  оның 

моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау – 

бүгінгі күннің және алдағы күндердің тала-

бы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі 

талап  етіледі.  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  – 

дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани 

ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасат-

ты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бой-

ында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан 

ұрпақ тәрбиелеу. Руханилық жеке тұлғаның 

негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың 


67

№ 1 (53) - 2016

                                 и

скусство

 

воспитания

 

негізінде 

адамның 

мінез-құлқы 

қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және 

адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі 

мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Ұлттық  тәрбие  барысында  ұлттық 

сананы 

қалыптастыру 



ең 

маңызды 


шарттардың  бірі  десек  қателеспейміз. 

Қазіргі  жаһандану  кезіндегі    Бат-

ыс        өркениетінен   біздің  алатынымыз 

да  бар,  ысырып  тастайтын  тұстарымыз 

да  бар.  Алатын  тұстарымыз  қатарына 

батыстың  технологиялық  жетістіктерін, 

экономикалық  өндірісті  ұйымдастыру 

тәжірибелері  мен  ғылыми-техникалық 

мәдениетін  қабылдау  сияқтыларды  атауы-

мызға  болады.  Батыстың  білімі,  ғылымы, 

техникасы,  технологиясы,  біздер  үшін  өте 

қажет  десек  те,  Батыс  өркениетіне  шама-

дан  тыс  еліктеушілік  –  жақсылықтың  ны-

шаны  емес.  «Батыстың  технологиялық 

жаңалығына 

ұмтылу, 


экономикалық 

өндірісті  ұйымдастырудағы  жетістіктерін 

игеру  –  қажеттілік,  ал  одан  керісінше 

бүгінгі  күнде  рухани  тапшылыққа  айна-

лып  отырған  ізгілік,  кісілік,  адамгершілік, 

бауырмалдық,  әдептілік,  тәрбиелік  мазмұн 

іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс 

өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке 

жеткен  жоқ,  қайта  тоқырауға  ұшырады. 

Мысалы,  дәстүрлі  қазақ  қоғамы  мәдени 

құндылықтарды  ешуақытта  тауар  деп 

қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша 

қоғамның  шаңырағын  шайқалтпай  ұстап 

тұруға  тиіс  тетік,  өмірлік  ұстын  ретінде 

қарастырады.  Ал  Батыс  өркениетінде  бұл 

тұрғыдағы  ұстаным  мүлдем  басқа,  олар 

мәдени  құндылықтарды  тауар  ретінде 

қабылдайды,  мақсат  –  сату  (сатылу)  және 

пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сон-

ша  пайдасы  көп»  [2].  Қазақ  қоғамы  қазір 

қарқынды  түрде  жүріп  жатқан  жаһандану 

үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау 

бола  алмайды.  Жаһанданудың  қауіпті 

тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, 

әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп 

сіңіре алу керек.

Құндылық  –  ұмтылыстар  мен  мақ-

саттардың,  ал  абсолюттік  мағынасында  – 

болмыстың мәні болып табылады. Ал жоғары 

рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, 

өмір  мәні,  ақиқат,  еркіндік,  сұлулық, 

адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір 

сүру, жалпы адамгершілік және т.б. Ұлттық 

құндылықтар:  ұлттың  тілі,  ділі,  діні,  салт-

дәстүрі,  әдеп-ғұрпы,  тарихы,  мәдениеті, 

өнері, әдебиеті, музыкасы, ата мұрасы және 

т.б. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы 

қандай,  мақсаты  неде  дегенге  келетін  

болсақ,  құндылықтардың  әрқайсысы  адам 

баласының  өмірлік  ұстанымына  тікелей 

ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, 

оның  сенімдерін,  дүниеге  көзқарасын, 

идеалдарын,  ұмтылыстарын,  өмір  сүру 

түрін  еркін  таңдай  алуын  өз  бетінше  іске 

асырып,  жеке  тұлғаның  әлеуетін  барын-

ша  ашуға  мүмкіндік  береді.  Осы  тұрғыдан 

алып  қарағанда  ұлттық  құндылықтарды 

дәріптеуді,  оны  білім  мазмұнына  енгізу 

арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз 

білім  берудің  көзіне  айналдыруды,  оның 

тереңдігі  мен  рухани  шындығын  балалық 

кезден бастап сіңіруді мұрат ету маңызды.

Бұл орайда, ұлттық тәрбие беру желісі 

нені  тұтқа  етеді  деген  мәселеге  келсек, 

мұндағы  басты  құрал  оқу  материалдары, 

яғни  тақырыбы  мен  мазмұны  жағынан 

жастардың  рухын  тербететін,  жанын 

елжірететін, масаттандыратын, табындыра-

тын,  әсемдік  сезімін,  ар-намыс  сезімін  оя-

татын,  білуге  құмарлыққа,  ақ  көңілділікке, 

ерлікті  көксеуге,  күш-қайратты  шыңдауға 

ұмтылдыратын – нағыз ұлттық, қазақша ой-

лайтын,  қазақша  сөйлейтін,  тілеуі,  қалауы, 

арманы  қазақша  болатын,  өз  бойынан  ата-

бабасының  қаны  мен  рухын  сезінетін,  өз 

халқының би, батыр, шешен, даналарының 

өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, 

тарихына  жаны  тебіренетін  –  көркем 

шығармалар,  адамгершілік  бастаулары, 

    Ұлттық  мәдениеттен  жұрдай 

рухта  тәрбиеленген  ұрпақтан 

халқымыздың 

қажеті 

мен 

мүддесін  жоқтайтын  пайдалы 

азамат шықпайды.

 

      Мұстафа Шоқай



68

Білімдегі жаңалықтар

Ө

негелі

 

тәрБие

әдептілік  қағидалары,  өсиет  әңгімелері, 

шешендік сөздері. 

Қазақ  халқы  ұрпағының  «Сегіз 

қырлы-бір  сырлы»  азамат  болып  да-

муын,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ру-

хани 

мәдениет 



құндылықтарының 

тәлімдік  мүмкіндіктерін  тиімді  пайда-

лана  отырып  жүзеге  асырып  келді.  Ол 

құндылықтардың  негізін,  халқымыздың 

-  әдеби,  музыкалық,  кәсіби,  тұрмыстық 

фольклорлары  құрайды.  Халқымыздың 

ауыз  әдебиеті  шығармашылығы  ұрпақ 

тәрбиелеуге  өлшеусіз  үлес  қосты  және  әлі 

де  үлес  қосып  келеді.  Қазақ  фольклоры 

тілінің  бейнелілігімен,  көптеген  мақал-

мәтелдерінің  мәнділігімен,  мазмұндық 

өткірлігімен  аса  құнды  қазына.  «Өнер 

алды  -  қызыл  тіл»  деп,  «Тоқсан  ауыз 

сөздің,  тобықтай  түйінін»  шешкен  ата-ба-

баларымыз,  халықтың  өмірі  мен  тұрмыс-

тіршілігінің      алуан      түрлі    жақтарын 

қамтитын  өзінше  бір  жылнама  болатын, 

ұрпақтарға  тәлім  болатын  асыл  мұра 

қалдырған.  Сол  бай  құндылықтардың 

ішінде,  патриотизмді  дәріптейтін  мұра 

-  батырлық  дастандар.  «Алпамыс», 

«Қобыланды»,  «Қамбар  батыр»,  «Едіге», 

«Сырым батыр» т.б., «Ақтабан шұбырынды, 

алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт 

жаулардан  қорғаған  Қабанбай,  Бөгенбай, 

Наурызбай  сияқты  мыңдаған  қазақ  ба-

тырларына  арналған  көптеген  дастандар, 

өз  халқының  мүддесі,  арман-тілегі,  туған 

жері  үшін  жан  аямаған  батырларға  деген 

халықтың  сүйіспеншілігі,  азаматтарының 

рухани  жан  дүниесінің  беріктігі,  ерлігі 

мен  патриоттық  қасиетін  баяндайтын,  сол 

сияқты  «Қыз  Жібек»,  «Айман-Шолпан», 

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  лиро-эпостық 

жырлар  мазмұны,  рухани  тазалықты, 

адамгершілік  пен  махаббатты  паш  ететін, 

халқымыздың 

этномәдениетінің 

асыл 

қазыналары. 



Қазақ  халқының  музыкалық  және 

поэтикалық  шығармашылығында  жырла-

ған  халықтың  Отан-анаға,  туған  жерге, 

көз  жетпейтін  ұлан-байтақ          қазақ      да-

ласына,  оның  табиғат  байлығына  де-

ген  сүйіспеншілігі  музыкалық  және 

эстетикалық  тәрбие  құралы  болды. 

Сондықтан  да  қай  кезде  болмасын  жыр-

шылар,  күйшілер,  өлеңші-әншілер  қазақ 

халқының  музыка  мәдениетін  сақтау 

мен  байытуда,  жастардың  эстетикалық 

талғамдарын,  көзқарастарын  тәрбиелеуде 

айрықша  маңызды  рөл  атқарады.  Олар 

өздерінің дидактикалық әндерінде халықты 

Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, 

әділетке  шақырып,  жақсылықтың  жеңіп 

шығатынына  сенуге,  жамандықпен  күресе 

білуге,  жақсы  атаулыға  ұмтылуға  дәріптеп 

отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерт-

теген,  ноталық  жазуды  дүниеге  әкелген 

Әл  Фрабиді,  күй  атасы  Қорқыттан  бастап 

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина 

сынды күйші композиторларымызды, әнші-

композиторларымызды  (Біржан,  Мұхит, 

Абай,  Жаяу  Мұса,  Майра,  Кенен  және 

Әміре); қазақтың музыка өнері саласындағы 

мәдениетінің эстафетасын жоғары көтеріп, 

бүкіл  әлемге  паш  еткен:  К.  Байсейітова 

мен  Қ.  Байсейітовтер,  Н.  Тілендиев,  Е. 

Серкебаев,  Р.  Бағланова,  Б.  Төлегенова, 

Нақыпбековалар,  М.  Бейсенғалиев,  А. 

Мұсахожаева,  Г.  Мырзабекова,  Р.  Ырым-

баева,  Ә.  Дінішев  сияқты  өнер  тарланда-

рын мақтан тұтамыз. Қазақтың музыкалық 

құндылықтары, 

өткен 


ғасырларда 

Қазақстанда  болған  шетел  ғалымдары  мен 

саяхатшыларын  (П.  Паллас,  Г.  Клапорт,  В. 

Радлов, А. Левшин, А. Янушкевич, А. Алек-

перов т.б.) таң қалдырғаны белгілі. 

Олардың,  қазақтың  рухани  мәдениеті 

туралы,  өткен  ғасырларда  жарияланған 

еңбектері  «Қазақтар  А.  Алекторов:  «Әнші 

...  домбырасының  шегін  қаға  бастады.  ... 

домбыраның күмбірлеген қайғылы дыбысы 

маған ерекше бір әсер етті. ... қарапайым әнге 

- қарапайым музыкаға қанша поэзия сыйып 

жатыр. Қос шекті домбырада мұндай нәзік, 

мұндай әсем дыбысты шығады дегенге мен 

еш уақытта сенбеген болар едім» деп ағынан 

жарылады.  Қазақ  халқының  музыкалық 

фольклорының  қазыналары  еуропалық  

музыка    зерттеушілердің    ғылыми-

зерттеу, 

шығармашылық 

еңбектеріне 

арқау  болды.  Бұған  дәлел  ретінде  тек 

Затаевичтің «Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет