и
скусство
воспитания
75
ынтызарын аудару үшін жеңіл меңгеретін,
оның түсінігіне ыңғайлы тапсырмалар
берген жөн. Жұмысты өте ауырлатып
жіберуге болмайды. Егер оқушы тап-
сырманы орындамаған жағдайда, сол
тақырыпты қайталап, тереңірек түсіндіру
– оқытушының үлкен міндеті. Оқушының
үйдегі жұмысының орындалу барысын
сабақ сайын сұрап, қанша уақыт және
қандай тәртіппен дайындалғанын біліп
отыру керек.
Оқушының әр шығарма туралы өз
көзқарасы, түсінігі болады. Оқытушы
үшін мұны біліп отыру өте маңызды. Өз
бетінше жұмыс істеуге оқушының жеке
талғамы, өзіндік ой тұжырымы әрқашан
қолдап, жебеп отыруды қажет етеді.
Оқушының ішкі сезімі, шығармашылық
қабілеті үйдегі дайындық барысында
айқын көрінеді. Сондықтан үй тапсырма-
сын бергенде оқушының табиғи қабілетіне,
мүмкіншілігіне, ой-өрісіне, талғамына аса
назар аудару керек.
Нотаны бірден оқып, үйрену.
Нотаны бірден оқуға жаттығуды
домбырашының дұрыс отыруды меңгеріп,
екі қол қозғалыстарын қалыптастырғаннан
кейін бастаған жөн. Бұл жаттығу берілген
ноталық үлгіні әрі жай екпінде, әрі ырғақты
сақтап, санап ойнағанда ғана нәтижелі
болмақ. Бірден оқуға берілетін ноталар
ойнауға, әрі санап отыруға ыңғайлы бо-
лып, оқушы білетін қағыстармен орын-
далады. Шығарманы бірден оқып, ой-
нау барысында гармониялық үндестікті
бұзбай, аппликатуралық ерекшеліктерін
өзгертпей, берілген мінездемеге сәйкес
орындауға тырысу керек. Шығарманы
бірден оқып, ойнауға басты мән беріліп,
оған ұстаз тарапынан арнайы уақыт бөлінуі
қажет. Үйге берілген тапсырмалардың
ішінде бірден оқып, үйренуге арналған
шағын ән-күйлердің ұмытылмағаны абзал.
Осындай ән-күйлерге оқушы өзінің аппли-
катурасын, қағыстарын қойып орындаса,
әрі қызықты, әрі әсерлі болары сөзсіз.
Домбырада қолданылатын негізгі
қағыстардың
түрлері.
Домбырада
қолданылатын қандай қағыстың түрі бол-
масын, бәрі дерлік дыбыс шығарудың
тәсілдері болып есептеледі. Домбырадағы
қағыстардың өзіндік атаулары бар. Мыса-
лы: төмен және жоғары қағылатын қағыс
«алма кезек» (немесе «қара қағыс») қағыс,
тұтып ойнайтын қағыс «тұтпа қағыс» деп
аталады. Қағылу мінезіне байланысты
қағыстардын көптеген аттары кездеседі.
Мысалы, «ілме қағыс», «сипай қағыс»,
«түйдек қағыс», «түрікпен қағыс», «бөгеме
қағыс» т.с.с.
Домбырада
қағыстарды
қағылу
бағытына қарай белгілейді. Төмен
бағыттағы П – белгісімен, ал жоғары
қағылғаны V – деп белгіленеді.
Қағыстардың сан түрі осы екі белгі арқылы
белгіленіп, әр күйдің басында көрсетіледі.
Мысалы: пvv; ппv; ппvv; пvvv ... ... .
Домбырада күрделі шығармаларды
орындауға байланысты классикалық
аспаптардан алынған қағыс түрлері де
қолданылады. Олар жалпы «штрихтар»
деп аталынып, бірнеше түрге бөлінеді.
Мысалы, пицикато, тремоло, қос
тремоло т.с.с.
Дара ішекте сұқ саусақпен төмен-
жоғары бағытта немесе бас бармақпен
төмен қағылатын әдісті «пицикато» деп
атайды.
Осы әдістің өте жиі алынған түрін
«тремоло» деп атайды, ол ноталар-
ды үзбей, жалғастырып орындау үшін
қолданылады. Бұл әдіс білезік буынның
көмегімен қос ішекте де орындалады.
Шығармадағы әр нотаны бөліп-бөліп
қысқа тремоломен орындауды - деташе
штрихы деп атайды.
Домбырада қолданылатын әдістердің
ішінде акцент, глиссандо, стаккато, пор-
таменто сияқты штрихтар да бар.
Акцент – көрсетілген дыбысты жеке,
бөліп (салмақ түсіре) орындауды білдірсе,
глиссандо – екі нотаның арасын тремоло
76
Білімдегі жаңалықтар
Ө
негелі
тәрБие
Әдебиеттер:
1. Тлеуғали Қышқашбаев, «Домбыраға арналған оқулық»
2. Айтқали Жайымов, Сәрсенбай Бүркітов, Біләл Ысқақов «Домбыра үйрену
мектебі»
3. Б. Ғизатов, Л. Хамиди «Домбыра үйрену мектебі»
4. К. Мерембаев, «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар»
арқылы жалғастыра, домбыра сабымен
жылжыта ойнауды көрсетеді.
Стаккато - дыбысты өте қысқа бөліп-
бөліп орындауды көрсетсе, ал портаменто
– дыбыстардың арасын үзбей, сол қолды
көтермей орындау керек екенін білдіреді.
Домбырашының оң қол шеберлігі
осы әдістерді меңгеруге байланысты бо-
лады. Оңай қағыстан күрделі қағыстарға
қарай біртіндеп жаттығу керек. Оң қол
шеберлігін арттыру үшін арнайы жаттығу,
этюдтер қолданған жөн. Домбыра үнінің
сапасы, дыбыс көркемдігі тікелей оң қол
шеберлігіне де байланысты, сондықтан
оқушы бұл әдістерге мұқият дайындалуы
керек.
Оқушы шеберлігінің өсіп, даму жол-
дары. Ең жауапты да, қиын жұмыстың
бірі оқушының сол қол саусақтарының
шеберлік жылдамдығын өсіру. Бұл үшін
күнбе-күнгі сабақта гамма, этюд, әртүрлі
жаттығуларды пайдалану керек. Әр музы-
кант үшін қол жүгірту, жаттығу күнделікті
әдетке айналуы тиіс.
Жаттығулармен дайындық. Оқу-
дың алғашқы кезеңінде арнаулы
жаттығулармен міндетті түрде дайын-
далу керек, себебі, бұл жаттығуларсыз
оқушы дұрыс дыбыс шығара білуді,
қолдың буындарының дұрыс қозғалысын
қалыптастыруды жақсы меңгере алмай-
ды. Бір ескеретіні: оқушының сол қол
буындарының бір қалыпты жылжып,
ретпен қозғалысын қадағалау, гамма, ар-
педжиомен жаттығу техникалық өсудің
бірден-бір жолы. Гамма және арпеджиомен
жұмыс жасағанда дыбыстың тазалығына,
құндылығына, ритмикалық дәлділігіне
үлкен көңіл бөлген жөн.
Этюдтармен дайындық. Оқушының
жеке жұмыс жоспарына этюдтерді таңдап,
іріктеу оның қабілетіне байланысты болу
керек. Әрбір жарты жылдықта этюд-
тер әртүрлі техникалық әдіспен емтихан
ретінде тыңдалуы қажет. Бұл этюдтерді
оқытушы
берілген
шығармаларды
меңгерудегі үлкен әдістемелік құрал
ретінде пайдаланады.
Домбырада әсіресе, күйге ұқсас
этюдтерді кеңінен пайдалану керек.
Себебі, үйренуші үшін бірден күй ой-
нау қиынға соғады. Пицикато, тремо-
ло әдістерімен орындалатын этюдтерді
скрипка, домбыра аспаптарына арналған
оқулықтардан алуға болады. Жалпы
этюдтердің
позициялық
қозғалысты
меңгеруге, сол қол қозғалысының әрі
жеңіл әрі үнемді болуына тікелей әсері
мол. Соңғы кезде домбыра аспабына ар-
найы жазылған этюдтер көптеп шығуда.
Соның ішінде оң қол қозғалыстарының
түрлеріне арналғандары, қазақ күй
өнеріндегі саусақ басу әдістеріне сүйене
отырып жазылғандары үйренуші үшін аса
қажет туындылар.
Домбыра үйрету сабағында этюдтер
кеңінен пайдаланылып, олардың жеке
шығарма ретінде үйретілуі де қазіргі талап
деңгейінен көрінуі керек.
Ол
үшін
берілген
этюдтердің
қағыстары, аппликатурасы мен түрлі
орындау әдістері нақтылы көрсетіліп
тұрғаны дұрыс.
№ 1 (53) - 2016
77
и
скусство
воспитания
ӨНЕРЛІ БАЛА - ӨРЕЛІ БАЛА
Баимбетов М. М.,
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының
«Домбырамен ән айту» үйірмесінің жетекшісі
Қосымша білім беру – білім алушы-
лардың білім алу қажеттерін жан-жақты
қанағаттандыру мақсатында жүзеге асы-
рылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі.
Қосымша білім беруді ұйымдастыру
тұлғаның
жеке
дамуына,
кәсіби
шеберлігін
анықтауына,
балалардың
шығармашылық еңбекке бейімделуіне,
олардың қабілеттерін көрсете білуіне,
қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық
өзіндік санасын қалыптастыруына барлық
жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу
және дамыту жүйесінде қосымша білім
беруді қолданудың мәні тәрбие, оқу және
баланың жеке дамуын бірыңғай процеске
біріктіруінен айқын көрінеді. Қосымша
білім беруді ұйымдастыруда тәрбиенің
басымдығы байқалады. Қосымша білім
беру баланың мектепте алған білімі мен
шеберлігін кеңейтеді және тереңдетеді,
сонымен бірге, оның болашақ
мамандығының
негізгі
бағыттарын
жарыққа шығарады.
Қосымша білім беру ұйымдарына
орталықтар, кешендер, балалар мен
жасөспірімдердің
студиялары;
жас
техниктердің, саяхатшылардың, натура-
листердің станциялары мен базалары;
балалардың музыка, көркемөнер және
спорт, өнер мектептері; қызығушылықтары
бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру,
Жастар - біздің болашағымыз. Олар-
ды жаңа заманда өмір сүруге үйрету
– біздің міндетіміз. Біздің елде дарын-
ды, енді дамып келе жатқан жастарға
ерекше жағдайлар жасалуда.
Н.Ә. Назарбаев
саяхатшылар лагері; балалар парктері, ста-
диондары, галереялары және т.б. жатады.
Қосымша білім берудің эстетикалық
бағыты өнердің барлық салалары арқылы
оқушы дүниетанымын кеңейтіп, олар-
ды шынайылық пен әсемдікті сезіне
білуге, халықтық қолданбалы өнер,
ұлттық музыка және театр өнерін
жаңғыртуға, шығармашылық ізденістерді
ынталандыруға баулиды.
Эстетикалық тәрбие беру арқылы
рухани-адамгершілік
құндылықтарды
әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы,
халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем
құндылықтары арқылы, ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтарын зер-
делеу арқылы қалыптастыруды көздейді.
Адам бойында қазіргі кезең дамуының
маңызды міндеттері болып саналатын өнер
құралдары арқылы анағұрлым жоғары
сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға
қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін,
өзінің дербес шығармашылық қызметімен
әлемдік құндылықтар туралы танымын
толық іске асыратын, ұжымда жұмыс
істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және
адамдармен қарым-қатынас қалыптастыра
алатын тұлға тәрбиелеп шығарумен қатар
өнер саласының түрлі бағыттары бойынша
бала бойындағы дарынын ашып оны әрі
қарай дамытуды қосымша білім беру педа-
гогтары атқарып отыр.
Қосымша білім беру ордасына бойында
жетіліп келе жатқан дарыны бар оқушылар
келетіні белгілі. Демек өнерлі оқушы өзінің
бойында дарын бар екенін сезініп, сахнада
өнер көрсетуге асығады. Сахна мәдениетін
игереді. Өз достарының ортасында мақтау
мен құрметке ие болып, өзіндік орны бар
екенін білетін болады. Ата-анасының,
78
Білімдегі жаңалықтар
Ө
негелі
тәрБие
бауырларының мақтанышына айнала-
ды. Өнерінің арқасында ақ бата алып,
жолы ашылады. Көпшілікке жақын бо-
лады. Көптің арасында жүрген бала ерсі
әрекеттер мен жаман қылықтардан аулақ
болады. Алдына мақсат қойып оған же-
тер сара жолды таңдай білуді де үйренеді.
Бір сөзбен айтқанда асқақ армандары бар
өнерлі қазақ баласы маңайына үлгі бола-
ды. Енді сол өнерді игеріп бойындағы да-
рынын ашып ары қарай алып кетудің де өз
жолдары бар.
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән
мен тәтті күй…», — деген өлең жолда-
рында, ұлы Абай атамыз әннің өмірдегі
орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-
күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-
дүниесін ән арқылы шебер бейнелеген.
Баланың сана-сезіміне әсер етіп, өнерге,
өмірге деген сүйіспеншілігін тереңдетіп
адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде, елін,
жерін, Отанды сүю сезіміне баулуда дом-
бырамен дәстүрлі ән айту өнерінің тигізер
пайдасы зор.
Ұлы мұраларымыздың бірі – cан
ғасырлық тарихы бар әндерді насихаттау
мақсатында, елордамыздағы Оқушылар са-
райында «Домбырамен дәстүрлі ән айту»
үйірмесі жұмыс жасауда. Әнді үйренбес
бұрын өлеңнің мазмұнын түсінуге, бұзбай
орындауға, тәрбиелік мәнін саналы түрде
меңгеруіне мүмкіндік беріп, шәкірттердің
білімін сабақта және сабақтан тыс
мезгілдерде де Жетісу мектебінің халық
әндері мен термелерінің орындаушылары
жайлы мағұлматтармен толықтырып отыру
артық етпейді. Қосымша білім беру жүйесі
заманауи оқытудың алғышарттарын иге-
ре отырып Ж. Қараевтың «Үш өлшемді
әдістемелік жүйесінің педагогикалық те-
ориясы» негізінде оқытылуда. Үйірмеге
келіп жүрген әр оқушының музыкалық
деңгейі әр түрлі. Бірі ән айта білетін, бірі
аспапты аз да болса меңгерген, ал тағы
бірінің дауысы орнықпаған болып келеді.
Бұл балалармен жұмыс істеу әліпбиді жаңа
бастап оқытқанмен бірдей. Сондықтан
оқушының қызығушылығын арттыра оты-
рып, бойындағы дарынын жетілдіру үшін
қабілетіне қарай деңгейлеп жұмыс жаса-
лынады. Оқушының ырғақты сезіну, ды-
бысты таза есту, дұрыс тыныс алу, әнді
есте сақтау сияқты қабілеттеріне қарап,
онымен қоса дауыс көлеміне қарай ре-
пертуар таңдалады. Оқушының алған ән
репертуары мұқият қаралып, әннің жеңіл
немесе күрделі түріне қарай дауысын
бұзып алмау үшін сол әннің айту үрдісі
көрсетіліп, төселіп үйренгенше мұқият
тексеріліп отырылады. Әнді үйренген соң,
оның орындаушылық шеберлігі, мазмұны
талданып, ішкі жандүниемен айтуға көңіл
бөлінеді. Деңгейлік тапсырмалармен
жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік
жеке шығармашылық жолы, темпі, есте
қалыптасатыны айқындалды.
Бірінші деңгейдегі оқушылар дұрыс
отыруды, домбырада оң қол қағыстары
мен сол қол саусақтарының қойылуын
үйренеді.
Екінші
деңгейдегі
оқушылар
күрделенбеген шығармаларды үйренеді.
(халық әні «Еркем-ай», «Бипыл», «Сәулем-
ай», «Маусымжан», «Гүлдерайым»)
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар-
ды барлық талаптарды сақтайтын дом-
быраның қыр-сырын меңгерген, кең диа-
пазонды шығармаларды орындай алатын,
өз бетінше ізденісі бар, үлкен сахналарға
байқаулар мен концерттерге шығып өнер
көрсетуге дайын оқушылар орындайды.
(Дәстүрлі сазгерлердің әндері, мысалы;
К. Әзірбаев «Туған Жер», «Шырқа Дауы-
сым», «Ой жайлау» т.с.с.)
Аталған
деңгейдегі
балалар-
мен үйірмеде бастауыш топ, ортаңғы
топ, жоғарғы топтарға бөлініп жұмыс
жүргізіледі. Үйірме баланың қолайлы
уақытына
сәйкестендіріледі.
Оқушы
өз қалауымен әндерді жаттап, аспап-
ты өңдеп тартуды үйренеді. Үнтаспа
тыңдау, дикциямен жұмыс істеу арқылы
әншінің орындаушылық ерекшеліктері
жетілдіріледі. Көптеген дайындықтардан
кейін ғана ән жалғасымы үзілмей әдемі
естіле орындалады. Осыдан соң өнерге
и
скусство
воспитания
№ 1 (53) - 2016
79
деген құштарлықтары ұшталып, өз
өзіне сенімі артқан өнерлі балалар түрлі
мерекелік шараларда сахна төріне шығып
өнер көрсету құрметіне ие болады.
Бұл орайда М. Өтемісұлы атындағы
Оқушылар сарайының қосымша білім
беру бойынша тәлімгер ұстаздарының
атқарып отырған еңбектері айтарлықтай.
Өнерлі балаларды ән өнеріне баулуда оң
жетістіктерге қол жеткізуге барынша үлес
қосып жүрген ұстаздар өз еңбектерінің
жемістерін шәкірттері арқылы көруде.
Айта кетсек, түрлі байқаулар мен ша-
раларда өз өнерлерімен танылған Ал-
пысбаев Ернат Астана қаласында өткен
Дельфиилік ойындарына және «Менің
елім» қалалық патриоттық ән байқауына,
сондай-ақ «Сарыарқа сырсандығы» атты
қалалық байқауға қатысып – диплом-
мен марапатталды. Қасенова Камила
Бурабайда өткен Республикалық «Тай-
жарыс» радиобайқауынан II орынды
иеленді. Құлынбек Исмаил Астанада өткен
халықаралық аспап-орындаушылары «Жас
өнер» байқауында, Есім Мақсат, Әжібаева
Альмира Астанада өткен «Шырқа дауы-
сым» дәстүрлі әншілер байқауында жүзден
жүйрік шықса, Тұрсынхан Нұрай I орын-
ды қанжығасына байлады. Шәкірттер
өз өнерлерін паш етіп, шын дарындар
екендіктерін дәлелдеді.
Қала мектептерінен домбырамен ән
айтуды үйренуге келген оқушылардың
жоғары оқу орындарына түсіп, өнер жо-
лын өмірлік серік етіп, мақсаттарына жете
білгендіктері де мақтануға тұрарлық. Айта
кетерлік жайт, үйірме түлектері бүгінде
«Шабыт» өнер колледжінде «Домбырамен
ән айту» мамандығы бойынша білімдерін
жалғастыруда.
Болашақта шәкірттердің өнерлері өрге
озған қабілетті тұлға, ұлтжанды азаматтар
болып қалыптасуына септігі тиіп жатса,
ұстаз еңбегінің еш кетпегені.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжы-
рымдамасы.
3. К. Әзірбаев «Көпшілік тыңда әнімді»
4. Ж. Қараев «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық теориясы».
ТЕАТР ОЙЫНДАРЫ – БАЛАЛАР
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
Ембергенов Б.,
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар
сарайы «Нұр» театр студиясының
жетекшісі, Астана қаласы
Әлемдік көркем мәдениет өзінің та-
рихи дамуы барысында әрқашан адамзат
үшін рухани әлемнің негізі және адамзат
қауымдастығындағы ұлттық мәдениетті
нығайту мен өркендетудің қозғаушы күші
болып табылады. Осындай жалпы әлемдік
мәдениеттің бір түрі - театр өнері. Театр -
бұхаралық ойын сауықтық өнердің негізгі
түрі, (грек тілінен аударғанда «theatron»
- көрініс қоюға арналған орын деген
мағынаны білдіреді). Актерлік өнер – ша-
быт күшін, қиял қуатын, сырлы сезімді та-
лап ететін ерекше қабілет. Балет өнерінде
бимен, драма театрында сөзбен (ән мен
би қосымша), опера өнерінде әнмен
көмкерілген бұл өнер салт-жоралғы,
Ө
негелі
тәрБие
80
Білімдегі жаңалықтар
дәстүрлі ән, би, музыка, сөз, грим, киім
қолданылған өнердің негізгі түрі ретінде
ежелгі рәсімдерден бастау алады.
Жасөспірімдердің
шығармашылық
қабілеттіліктерін дамыту мақсатында те-
атр өнері құралдарын қолданудың тарихи
тенденцияларын, заманауи педагогикалық
тәжірибелердің өзгешелігі мен теориялық
негіздерін анықтау бойынша:
- балалардың көркем-шығармашылық
қабілеттіліктерін дамытудың негізгі
бағыттарын анықтау;
- мектеп пен жоғары оқу орындарының
өзара әрекеті негізінде қосымша білім
беру ұйымдарындағы театрлық маман-
дандырудың инновациялық моделін жас-
ау;
- жасөспірімдердің көркемдік-шығар-
машылық қабілеттерінің даму деңгейін
көтерудің негізгі жолдарын анықтау және
эксперимент жүргізу;
- жалпы білім беру мектептерінің
оқу-тәрбие үрдісіне, қосымша білім беру
ұйымдарының бағдарламалық жүйесіне
театрлық өнер бойынша оқытудың
әдістемелік технологиясын барынша
енгізу қажет.
Театрландырылған ойындар балалар-
дың ой-өрісінің кеңеюіне, оларды
айналасындағылармен
қарым-қатынас
жасауға, сахналық қойылымға қатысу
арқылы сөйлеу, ойды анық, жүйелі
жеткізу қабілетінің дамуына, диалогтік,
монологтік тұрғыда тілдесуге септігін
тигізеді. Осыған байланысты:
- балалардың актерлік өнерге икемділік-
терін ашу және дамыту;
- балалардың актерлік бейнелілігі мен
актерлік шеберлігінің құралы турасында
түсініктерін қалыптастыру;
- балалардың жаңа кейіпке ену
мүмкіндіктеріне
деген
тұрақты
қызығушылығын қалыптастыру;
- рөлдік мінездемелер тұрғысынан образ-
ды сомдау қағидаларын оқыту;
- рөлдік ерекшеліктерді олардың сипат-
тамаларына қарай бөліп қарастыруды
үйрету;
- берілген бейнені жасау және оны сезіну
шеберлігін қалыптастыру;
- баланы қажетті актерлік икемділіктерге
дағдыландыру;
- балалардың тұлғалық сапасын (зер-
де, ықылас, елестеу, белсенді және
көзқарасты) дамыту;
- балалардың қоршаған орта ақиқат-
тылығы құбылыстарына тұтас тұлғалық
эстетикалық қатынасын қалыптастыру;
- балалардың шығармашылық әлеуетін
дамыту қажет.
Театр мәдениеті негізінен бала-
лардың (кейіпкерлердің) рөлді бейнелеу
мен ойнауындағы шынайы сезімдерін,
жалпы қарым-қатынасын, театр өнерінің
ішкі ерекшеліктерін меңгеруін реттейді.
Қойылыммен жұмыс істеу жанама бөлім
ретінде авторлық сахналауға негізделген
және төмендегілер қамтылады:
• қойылымның жалпы мазмұнымен та-
ныстыру;
• қойылымды сараптау, кейіпкерлерге
жіктеу;
• қойылымды сахналауға қажетті
жабдықтармен қамтамасыз ету;
• сахнаны қойылымдық көріністеріне
сәйкес безендіру;
• жалпы дайындық кезеңі;
• қойылымды сахналау.
Қиял біткенге қозғау салып, сезімді
оятатын бірден-бір өнер актерлік өнер
болса, осы өнер көрермендерін ықыласқа
бөлейтін жанды тіл - сахна тілі. Автор
Оқушы шығармашылығының
ерекшелігі оның сапалы түрде
мақсатты әрекет жасауымен
анықталады.
С. Л. Рубинштейн
|