Нәруыздардың негізгі үш қызметі: Құрылыстық қызметі. Барлық тірі ағзалар, негізінен, нәруыздардан тұрады. Нәруыздар барлық жасушалық құрылым құрамына кіреді де, жасушаның құрғақ массасының 80% -ын немесе орташа алғанда 70%-ын су алады деп есептегенде шикі массасының 20%-ын құрайды.
Өсімдіктер мен кейбір бактериялар судан, көмірқышқыл газы мен қүрамында азоты бар заттардан барлық аминқышқылын синтездей алады. Адам мен жануарлар аминқышқылын тек қорекпен алады. Олардан ағза өз нәруыздарын түзеді. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, қытайбұршақ (соя), бұршақ, асбұршақ және кейбір өсімдіктер нәруыздарға бай.
Ферменттік қызметі. Әрбір тірі жасушада күрделі биохимиялық реакциялар жүреді. Жасушаға түскен заттар ыдырайды. Басқа заттар керісінше түзіледі. Осылардан бөлінген энергия қолданылады, жұмсалады немесе синтезделеді. Жалпы жасуша бір мезгілде жүздеген, мыңдаған әртүрлі реакциялар жүретін алып химиялық зертхана сияқты жұмыс істейді. Тірі жасушаларда жүретін реакциялардың жоғары жылдамдығы мен дәлдігін нәруыз-катализаторлар немесе реакцияны тездеткіштер -ферменттер қамтамасыз етеді.
Реттейтін қызметі. Гормондар ағзадағы физиологиялық үдерістердің реттегіші болып табылады. Адам және жануарлар гормондарының бір бөлігі нәруыздар болып табылады. Мысалы, ұйқы безінің гормоны — инсулин бауыр жасушасында гликогенді синтездейтін ферментті белсенді етеді. Осылай қандағы глюкоза деңгейі төмендейді. Ол бауыр гликогеніне айналады.
Нәруыздардың қорғаныш қызметі иммунитетті қамтамасыз етуден тұрады. Адам ағзасы мен жануарларда қорғаныш нәруыздары -антиденелер түзіледі. Олар ауру тудыратын микроағзалардың тіршілік әрекетін жояды. Сонымен қатар фибриноген сияқты нәруыздар қанның ұю үдерісіне қатысады.
Сүйек нәруызы — оссеин мен сіңір нәруызы — коллаген механикалық қызмет атқарады.
Бұлшық ет нәруызы — актин мен миозин жиырылғыш қызмет атқарады.
Гемоглобин нәруызы тасымалдау қызметін атқарады. Ол қанның құрамында болады да, оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайды.
Түсі бар нәруыздар пигменттік қызмет атқарады. Мысалы, тері-дегі — меланин, шаш, көздің қасаң қабықшасы.
Нәруыздар басқа да көптеген қызмет атқарады. Мысалы: сигнал беру, жылу оқшаулау және т.б.
Қорғаныштық қызметі. Нәруыздар организмді түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар − антиденелер түзіледі.
Нәруыз жіктелуі
Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді: қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады. ● Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады. Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады. Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады. ● кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);