Гемоглобин тетраметрінің құрылымы схема түрінде былай жазылады : HbA –α2 β2 .
Барлық гемоглобиннің қызметі біреу ғана- ол тыныстану үшін молеулалық оттегін өкпеден ұлпаларға және клеткалардағы көмір қышқыл газы СО2 мен протонды Н+ кері қарай өкпеге және бүйрекке жеткізу , одан кейін бұл екеуін сыртқа шығару.
Гемоглобиндер қан эритроциттерінің құрамына кіреді.Бір эритроцитте 400 млн шамасынан дейін гемоглобин молекулалары болады.Гемоглобиннің әр молекуласы оттегінің төрт молекуласымен байланыса алады (әр гемге оттегінің бір молекуласы О2 қосылады).
9)Миоглобин-құрылымы мен рөлі. Миоглобин құрамында гемі бар нәруыздарға жатады,оның құрамында нәруызбен берік байланысқан, простетикалық топ гем болады.Миолглобин глобулярлы нәруыз , тек бір полипептидтік тізбектен тұрады.
Миоглобин қызыл бұлшықеттерде орналасады және оттегіні қор ретінде сақтауға қатысады.Бұлшықеттің қызу жұмысы кезінде , ұлпаларда оттегінің парциалды қысымы төмендеген кезде , О2 миоглобиннен ажырап, жасуша митохондрияларында бұлшықет жұмысына қажет энергия өндіруге қатысады.
Миоглобин-нәруызды бөлім апомиоглобиннен және нәруызсыз бөлім гемнен тұрады.
Гем-циклді тетрапирролдан тұратын , 4 пиррол сақинасы метиленді көпіршелермен байланысқан және 4 метилді , 2 винилді , 2 пропионатты бүйірлі тізбектен тұратын молекула.
Апомиоглобин-миоглобиннің нәруыздық бөлімі : біріншілік құрылымы 153 амин қышқылдарының полипептидтік тізбегінен тұрады,олар 8 α-спиральдан тұратын екіншілік құрылымды қалыптастырады.
10. Нуклеопротейндердің құрылысы:
Нуклеопротеидтер — нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.