Биохимия кіріспе •Биологиялық химия


Ұзын полинуклеотидтік тізбек бойында негіздердің рет-ретпен орналасуын нуклеин қышқылының біріншілік құрылымы деп аталады



бет6/12
Дата19.10.2022
өлшемі2,67 Mb.
#44079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
биохим рк1 (копия)

Ұзын полинуклеотидтік тізбек бойында негіздердің рет-ретпен орналасуын нуклеин қышқылының біріншілік құрылымы деп аталады.
Полинуклеотидтік тізбекте негіздердің орналасу жүйелігін пентозаның 5' көміртегінен бастап 3' С атомының бағытына қарай оқиды. Тізбектегі бірінші және ең соңғы нуклеотидтерді өздеріне сәйкес 5' және 3'-соңғы нуклеотидтер деп атайды. Әдетте полинуклеотидтің құрылымдық формуласын жеңілдеткен түрде жазады. Қанттарды ұзын вертикалды сызықпен белгілейді, жоғары жағына азотты негіздердің бір әріпті таңбасын қояды. Фосфодиэфирлік байланыстарды қиғаш сызықтармен көрсетіп, ортасына Р әріпін қояды. НҚ ның осылай жазылуы төменде көрсетілген.

Немесе НҚ құрылымдық формуласын қарапайым түрде жазсақ та болады.



12) РНҚ, ДНҚ-дан айырмашылықтар, РНҚ түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары. РНҚ құрамына кіретін динуклеотидті жазыңыз.
РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы Мұның құрамында көмірсулы кұрамдас белік ретінде - рибоза, ал азотты негіздер ретінде аденин, гуанин, урацил, цитозин болады (тимин болмайды). РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылығы, оның әрбір молекуласы бір желілі болып келеді. РНҚ жасушалардың ядросында емес, жасуша цитоплазмасында болады. Әрбір жасушада РНҚ-ның үш түрі бар, олар: ақпараттық (аРНҚ), рибосомалық (рРНҚ) және тасымал (тРНҚ) болып келеді.
Мәліметтік (информациялық) РНҚ жиі жағдайда матрицалық РНҚ (мРНҚ) деп аталады, өйткені информациялық РНҚ-да, матрицадағыдай, полипептид синтезделеді.
мРНҚ молекуласы тиісті гені бар ДНҚ-ның белгілі учаскесінде синтезделеді және сол геннің көшірмесін дәл түсіріп алады. тРНҚ қызметі активтелген амин қышқылдарын белок синтезделетін орынға жеткізу. рРНҚ басқа РНҚ-ларға қарағанда мөлшер жағынан басым болады, 80% шамасындай. Молекулалық массасында өте жоғара болады. рРНҚ рибосома құрылымын түзетін компоненттердің біреуі.рРНҚ молекулалары күрделі екіншілік, үшіншілік құрылымдар түзеді.
Рибосома - бұлар клетканың белок синтездеуші молекулалық аппараты. (Сеитов З.С 430-434 бет).


13) м-РНҚ, құрылым туралы түсінік. Генетикалық кодтың сипаттамасы;
Мәліметтік (информациялық) РНҚ жиі жағдайда матрицалық РНҚ (мРНҚ) деп аталады, өйткені информациялық РНҚ-да, матрицадағыдай, полипептид синтезделеді.
мРНҚ молекуласы тиісті гені бар ДНҚ-ның белгілі учаскесінде синтезделеді және сол геннің көшірмесін дәл түсіріп алады. Осыдан кейін мРНҚ ядродан цитоплазмаға шығады да, рибосомалармен қосылады, белок синтезі осылайша басталады.
Клетка құрамындағы мРНҚ мөлшері шамалы ғана (5% шамасындай), бірақ ол ерекше әсерлі келеді. м РНҚ алуан текті, ол жағдай клетка синтезлейтін белоктардың түріне байланысты, өйткені әр мРНҚ белоктың 1 ғана түрін синтездеуге жауапты. (Сеитов З.С 432 бет).
Белгілі бір белоктың құрылымын , яғни оның полипептидтік тізбектегі амин қышқылдарының өзара байланысып орналасуын нуклеин қышқылдары, ең алдымен ДНҚ басқарады. ДНҚ молекуласында генетикалық мәлімет орналасқан. Ондай мәлімет - пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтерден құралған. Осыдан мынандай қорытынды байқалады: аденилдік, гуанилдік, тимидилдік және цитидилдік нуклеотидтердің ДНҚ құрамында белгілі тәртіппен орналасу реті генетикалық мәлімет жазылған тіл болып табылады.
Генетикалық код - тіл, сол тілде гендер қандай белокты қанша мөлшерде синтездеу қажет екенін клеткаға хабарлайды. .(Сеитов З.С 445 бет).


14) т-РНҚ, құрылымы туралы түсінік, т-РНҚ-дағы белсенді учаскелер, т-РНҚ мәні;
Жасушадағы барлық РНҚ-ның 10% шамасындай транспорттық РНҚ (тРНҚ). Транспорттық РНҚ молекуласы құрамына 70-84 нуклеотид кіреді, оның М үлкен емес, 25000-30000. тРНҚ құрамынан 30 шамасына дейін қалыптан тыс, минорлық затты қалдықтар деп аталатын қосылыс табылған. тРНҚ қызметі активтелген амин қышқылдарын ақуыз синтезделетін орынға жеткізу болып табылады. Жасушада 50 шамасындай тРНҚ бар, ал амин қышқылының саны 20 ғана екені белгілі. Демек, бір амин қышқылын екі жəне одан көп тРНҚ тасымалдайды екен. Сол сияқты əр амин қышқылын өзінің арнаулы тРНҚ-сы тасымалдайды.
Барлық тРНҚ-ның жалпы жоспар бойынша құрылғаны, олардың кеңістіктік қүрылымы бірдей екендігі, пішінінің беде жапырағына ұқсайтыны анқыталған. Барлық тРНҚ конформациясы ұқсас болғанымен, нуклеотидтердің орналасу реті əр түрлі.
Бірінші болып Р.Холли аланин-тРНҚ молекуласының нуклеотидтік тізбегінде негіздердің өзара орналасу реттігін толық анықтады. Бұл үлкен ғылыми табыс басқада тРНҚ-лардың құрамын, құрылымын ашуға жол берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет