Ақуыздардын коллоидтылығы - оның макромолекулалық құрылысына тәуелді . Ақуыздардың судағы ерітіндісі гидрофильді коллоидтық қасиет көрсетеді және олардың ерітіндісіне Тиндаль конусын беретін сәулені шашырату құбылысы байқалады . Ақуыздар жартылай өткізгіштік қабілеті бар мембраналардан өте алмайды . Ақуыздардың бұл қасиетін , оларды төменгі қолданады . Бұл әдісті диализ деп атайды . Ақуыздар кілегей тәрізді ерітінділер молекулалы қоспалардан тазарту үшін медицинада ( бүйректің қызметі ) кеңінен түзуге бейім . Олардың ісініп , тұтқырлығы күшті ерітінді түзе алатын қасиеттері
3. Нәруыздардың құрылымының бұзылуы денатурация деп аталады. Денатурацияға әсер ететін факторлар:
1.Температураның жоғарылауы
2.Радиация
3. Сілті мен қышқылдар
4. Ауыр металдар
5. Қысым
6. Спирт
Денатурациядан кейін нәруыз құрылымының қалпына келу процесі ренатурация деп аталады.
Нәруыздың гидратациясы ерітіндінің рН-на белгілі бір тәуелділікте болады: изоиондық нүктеде ол ең аз мәнге ие.
4. құрылымының деңгейлерiне қарай :
1 — біріншілік,
2 — екіншілік,
3 — үшіншілік,
4 — төртіншілік
Күрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына ақуызды заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді;
Молекула пішініне (шар тәрізді және жіп тәрізді);
кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);
Атқаратын қызметтеріне қарай (мысалы, корға жиналатын ақуыздар, тірек қызметін атқаратын ақуыздар).
ферменттердің барлығы 6 класқа бөлінеді.
Оксидоредуктаза – тотықтыру-тотықсыздандыру ферменті.
Трансфераза – атомдардың түрліше топтарының тасымалдану реакциясын катализдейтін фермент.
Гидролаза – заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын фермент.
Лиаза – еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.
Изомераза – изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.
Лигаза – АТР энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделу реакциясын катализдейтін фермент.
5. Ферменттер— барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар.
Ферменттік катализ, биокатализ - фермент немесе энзим деп аталатын катализатордың қатысуымен организмде химиялық реакциялардың жылдамдығының артуы. Ферменттердің ерекшелігі өте талғамды және белсенділігін жоғары болып келуінде.
Ферменттік катализдің ерекшелігі - фермент әсерінен организм қажеттілігіне қарай өз белсенділігін арттыра немесе кеміте алатындығана Ферменттік катализдің тиімділігі - энергиясы мол аралық реакциялардың болуында.
6. Апофермент ферменттің (коферменттің) катализдік қасиетін үдетеді. Бұның коферменттен айырмашылығы - қыздыруға төзімсіз т.б.
Кофактор - бұл ақуыз емес химиялық қосылыс. Ақуызға байланған және ол ақуыздың биологиялық белсенділігінде қажет. Олар үшін тағы бір термин - «көмекші молекулалар», өйткені олар биохимиялық өзгерістерге көмектеседі. Кофакторлардың екі түрі бар:
Коэнзимдер Протездік топтар
Коэнзимдер - бұл ферменттерге байланған коэффициенттер. Протездік топтар - бұл ферменттермен тығыз байланысқан коэффициенттер.
Мультиферменттік комплекс- бір субстратқа әсер етіп, оны жүйелі түрде және бір уақытта бірнеше реакциялар түрінде өзгерістерге ұшырататын ферменттер жүйесі.
7. Бөліп алынған таза фермент өзінің ферменттік активтілігімен бағаланады. Ферменттердің активтілігі өте жоғары болады. ферменттік активтілік дегеніміз белгілі фермент бөлшегінің көмегімен нақты уақыт ішінде алынған субстарт шамасы.
Ферменттерді мөлшерлік анықтау негізінен үш принципке сүйенеді:
Ферменттің аз мөлшері белгілі субстраттың мөлшеріне қалай әсер ететіндігін анықтау.
Берілген субстарт мөлшерінен фермент әсері арқылы осы процесте түзілегн өнімдерді анықтау.
ферменттің активтілігі, оның әсер ету жылдамдығына негізделгін. Ферменттердің активтігі әр түрлі реакция жағдайында температураға, рН ортаға және субстарттың концентрациясына тәуелді болады. ферменттердің шамасы субстраттың шамасына және инкубация уақытына пропорционал болады.
8. Ферменттердің әсер ету механизмі 3 сатыдан тұрады:
І. Фермент-субстрат комплексінің түзілуі. Субстрат ферменттің активті орталығымен байланысады. Бұл әрекеттесу субстраттың химиялық табиғатына тәуелді: егер субстрата зарядталған топтар болса, онда бұл комплекстің түзілуі иондық байланыс есебінен түзіледі. Ал ондай топтар болмаса, сутектік байланыс немесе гидрофобтық әрекеттесу есебінен іске асады.
ІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі . Ферменттің активті орталығындағы активті топтар субстраттағы байланыстарды әлсірете
отырып, оған әсер етеді. Бұл кезде субстраттың конфигурациясы өзгеріп,
субстрат молекуласының деформациясы, полярлануы жүреді, активтену энергиясы төмендеп, субстарт ыдырайды. Бұл саты өте қысқа уақытта өтеді.
ІІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің ыдырауы, бос ферменттің бөлінуі.
ІІІ сатысы баяу жүреді, бүкіл реакция жылдамдығы осы сатыға байланысты.
9. Ферменттік реакцияның жылдамдығы фермент пен субстрат концентрацияларының, яғни әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелді болады. Ферменттің концентрациясы жоғарылаған сайын реакцияның жылдамдығы да артады. Ферменттік реакцияның жылдамдығы реакцияға түсуші субстраттың мөлшеріне де байланысты болады. Субстраттың концентрациясы жоғарылағанда реакция жылдамдығы концентрацияға тура пропорционал өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |