10.Ферменттердің талғампаздығы. Фишер және Кошланд гипотезасы. Талғампаздығы іріктеушілігі. Әрбір фермент, құрылысы жағынан ұқсас тек белгілі – бір субстратқа, немесе заттар тобына ғана әсер етеді. Мәселен, уреаза ферменті бір ғана несеп кәрінін ыдырау реакциясын катализдейді. Ферменттің талғаушылық қасиетінің биологиялық маңызы өте зор, өйткені ферменттер осындай қасиетінің арқасында зат алмасу процесін реттеп отырады. Ферменттің активтігін ортада әртүрлі қоспалардың болуына байланысты. Ферменттің активтігін жоғарылататын заттарды активаторлар, ал баяулататындарды немесе тежейтіндерді ингибиторлар / бөгегіштер деп атайды. Активаторлар ферментативтік реакциялардың жылдамдығын арттырады. Активаторлар талғаулы/ специфические/ және талғаусыз / неспецифические/ болып екіге бөлінеді. Бөгегіштер ферментативтік реакцияларды ішінара, немесе толық тежейді. Талғаулы бөгегіштерге антиферменттер – антипепсин, антитрипсин және т.б жатады. Талғаусыз бөгегіштерге ферменттердің улы заттары /НСN, KCN, NaCN/, ауыр металдардың иондары, сульфидтер және т.б жатады.
.1. Фишердің гипотезасы бойынша фермент пен субстарт бір біріне құлып пен кілт сияқты сәйкес келеді.
2. Д.Б. Кошландтың гипотезасы бойынша фермент пен субстарт бір біріне жақындағанда біріне екіншісі сәйкестелініп орналасады.
11.Ферменттердің жіктелуі және аталуы
Ферменттердің жіктелуі. 1961 жылы көрнекті биохимик – ғалымдардан тұратын халықаралық комиссия құрылды, бұл комиссия ферменттердің жаңа жіктеуін жасап оны Халықаралық биохимиялық Одақтың қарауына ұсынды. Жаңа жіктеу бойынша бізге белгілі ферменттердің барлығы 6 класқа бөлінеді.
Оксидоредуктаза – тотықтыру-тотықсыздандыру ферменті.
Трансфераза – атомдардың түрліше топтарының тасымалдану реакциясын катализдейтін фермент.
Гидролаза – заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын фермент.
Лиаза – еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.
Изомераза – изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.
Лигаза – АТР энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделу реакциясын катализдейтін фермент.
Жаңа жіктеу бойынша әрбір фермент атауының алдына оның шифры қойылады. Шифр төрт цифрден құралады, оның алдына КФ (фермент классификациясы) деген белгі қойылады. Бұл цифралардың алғашқысы осы фермент негізгі алты кластың қайсысына жататынын көрсетеді. Екінші цифр оның класс тармағын білдіреді. Үшінші цифр класс тармағының түрін анықтай түседі. Төртінші сан ферменттің осы класс тармағындағы рет нөмірін білдіреді. Ферменттің шифрындағы әрбір цифр бір-бірімен нүктемен бөлінеді.