Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері. Биохимиялық зерттеу әдістері



бет3/21
Дата07.02.2023
өлшемі268,89 Kb.
#65836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Áèîõèìèÿ?à ê³ð³ñïå. Áèîõèìèÿ ï?í³ æ?íå îíû? ì³íäåòòåð³. Áèîõèìèÿ

Ақуыздардың жіктелуі Академик В.И. Вернадскийдің есебі бойынша жер жүніндеті тірі Ағзалардың салмағы 10 т . тең екен . Ал , осы бірлық тірі ағзалардың негізі кұрамды бөлігі ақуыз болып табылады . Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарынын , ақуыздардын жаңарып отыруы , күрделілігі , шексіз әртүрлілігі , маңыздылығының ерекше екендігін көрсетеді . Ф. Энгельс өзінің « Табиғат диалектикасы » еңбегінде : « Өмір дегеніміз ақуызды денелердің өмір сүруі тәсілі , яғни ағзадағы зат алмасудың қоршаған ортасымен тығыз байланысы » , - деп жазды . Басқаша айтқанда , ақуыз – барлық тірінің материалдық негізі болса , ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады . Ақуыздардың « ақуыз » деп аталуы , олардың тауық жұмыртқасының кайнап , денатурацияланған кезде - ақ , тығыз массаға айналуынан шыққан . Оның басқаша аты протеин ( protos — бірінші маңызды деген латын сөзінен алынған ) . Бүл атты Голландия ғалымы Ж. Мульдер берген . Ақуыздардың тірі ағзалар үшін алатын орны : 1. Ақуыз генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық қүрат . Ақуыздардың маңызды қызметтерінің бірі - олар түзу сызықтық РНҚ - дағы генетикалық ақпаратты үні өлшемдік , яғни кеңістіктік ақпаратқа айналдыратын химиялык материал болып табылады . Ал , бұл үш өлшемдік , яғни кеңістіктік ақпарат тірі ағзалардың макромолекулалык , субклеткалық , компоненттеріне тән . Міне , ақуыздардың бір осы қасиеті ғана олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді . 2. Ақуыз күрделі заттардың жай , карапайым заттарға дейін тотығуына қатысатын және жай заттардан күрделі заттардың түзілуіне қатысатын ферменттер . 3. Ақуыз - адам ағзасын микробтардан , ауру туғызушы агенттерден сақтайтын антидене . 4. Актин , миозин сиякты ақуыздар бірімен - бірі АТФ - тың қатысуымен әрекеттесіп , бұлшықеттердің жиырылуы сияқты қызмет атқарады . 5. Көптеген ақуыздар ( инсулин , глюкагон , гипофиздің тропты гормондары ) сыртқы ортаның әсеріне сәйкес , тірі ағзаларда өтетін процестерді реттеп отырады . 6. Ақуыздардың бір тобы гемоглобин , қан плазмасының ақуыздары альбумин , глобулин тасымалдау қызметін атқарады . Сонымен , ақуыздар тіршілік етудің : асқорыту , тітіркену , өсу , көбею , қозғалу сияқты барлық құбылыстарына қатысып , тірі ағза тіршілігінің көзі болып табылады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет