«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Акуланың несеп-жыныс жүйесі (♂)



бет78/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107
19-сурет. Акуланың несеп-жыныс жүйесі (♂): 1-бүйрек, 2-несеп ағар, 3-несеп-жыныс емізігі, 4-сол жақ аталық без, 5-тұқымшығарушы каналшалар, 6-тұқымшығарушы канал, 7-тұқым көпіршігі, 8-өңеш, 9-бауыр, 10-құрсақ қанатының шағылысу өсіндісі, 11-клоака қуысы.





20-сурет. Акуланың несеп-жыныс жүйесі (♀): 1-бүйрек, 2-несеп ағар, 3-несеп-жыныс емізігі, 4-сол жақ жұмыртқа безі, 5-жұмыртқа өткізгіш, 6-екі жұмыртқа өткізгіштің ортақ воронкасы, 7-скорлупа (қатты ізбесті қабық құраушы) безі, 8- ңжатынң, 9-жұмыртқа өткізгіштің тесігі, 10-өңеш, 11-бауыр, 12-клоака қуысы.

Жүйке жүйесі. Барлық омыртқалылардың бас миынан 12 жұп бас ми жүйкелері таралады. Акуланың бас миы мен одан таралатын жүйкелер төменде көрсетілген. (21-сурет).



  1. Зертханалық жұмыс

Сүйекті балықтар - Osteіchthyes класы
Алабұғаның СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мақсаты: Сүйекті балықтардың өкілі негізінде алабұғаның құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Сүйекті балықтар түрлік құрамы жағынан балықтар ішіндегі көп таралған тобы. Тіршілік ортасы алуан түрлі болғандықтан соған сәйкес бейімделу белгілері бар, сыртқы пішіндері алуан түрлі болып келеді. Бірақ барлық сүйекті балықтарды біріктіретін ортақ белгілері бар, олар:
Денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Жұп қанаттары вертикальды жазықтықта орналасқан, бүйір сызықтары айқын байқалады. Қаңқасы негізінен сүйекті жабынды (алғашқы) және хондриальды шеміршек орнында дамыған сүйектерден тұрады. Иық белдеуінде екінші реттік белдеу сүйектері қалыптасып, қанаттың өз сүйектері азайған. Желбезек күлтешелері желбезек доғаларына бекиді. Сүйекті желбезек қақпағы болады. Жүректерінде қолқа жуашығы, ішекпен байланысы бар торсылдақ, қарындарында пилорикалық өсінділері болады.
Тапсырма:
І. Алабұғаның систиматикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Натуральды объекті арқылы сыртқы құрылысымен танасу.
ІІІ. Сою арқылы ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу, суретін салып сипаттау.
ІV. Қан айналу жүйесінің сызба-нұсқасын жасау.
V. Қаңқасының ерекшеліктерімен танысып, суретін салып сипаттау.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Тест.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет