17-сурет. Акуланың ішкі мүшелерінің орналасу ерекшелігі: 1-веналық синус, 2-жүрекалды, 3-қарынша, 4-артериалық конус, 5-құрсақ аортасы, 6-алып келуші желбезек артериясы, 7-кювьеров өзегі, 8-бүйір венасы, 9-қарын, 10-жіңішке ішек, 11-жуан ішек (спиральды клапандары байқалып тұр), 12-тік ішек, 13-клоака, 14-ректальды без, 15-бауыр, 16-өт қалтасы, 11-өт жолы, 18-қарын асты безі, 19-талақ, 20-оң жақ бүйрек (сол жақ бүйрек көрінбей тұр).
Тыныс алу жүйесі.Шеміршекті балықтардың барлығында тыныс алу қызметін желбезек атқарады, ол үш элементтен: а) желбезек доғасы; б) желбезек перделері (1) ; в) желбезек күлтешелерінен (2) тұрады. Акуланың жұтқыншағы бес жұп сыртқа ашылатын желбезек саңылауларымен (3) тесілген. Желбезек саңылаулары арасындағы пердеде шеміршекті желбезек доғалары болады. Желбезек перделерінің әр бір жиегіне желбезек күлтешелері бекиді; оларды жарты желбезек, ал екі жағына бекіген доғаны толық желбезек деп атайды (18-сурет).
18-сурет. Акуланың желбезек аппаратының сызба нұсқасы:1-желбезек аралық перде, 2-желбезек күлтешелері, 3-желбезек саңылауы, 4-желбезек сүзгілері (тычинки), І-V желбезек доғалары: а) бірінші жарты желбезек, ә, б, в, г – толық желбезектер.
Несеп-жыныс жүйесі.Зәр шығару жүйесі - мезонефростық бүйрек, ол омыртқа жотасының екі жағында таспа тәрізді орналасқан, оған несеп ағар жалғасады, ол клоакаға ашылады.
Аталық жыныс жүйесі ірі жұп бездерден (4) тұрып одан бүйректі аралап өтетін тұқымшығарушы каналшалар (5) басталады, ол Вольф каналы – тұқым өткізгіш каналға (6) ашылады , оның төменгі бөлігі тұқым көпіршігіне (7) ауысып, несеп-жыныс синусы арқылы клоакаға (11) ашылады. Құрсақ қанат өсіндісі шағылысу мүшесіне (10) айналған.(19-сурет).
Аналық жыныс жүйесінің бүйрекпен (1) қатынасы жоқ. Жұмыртқа бездері (4) бүйрек астында орналасқан. Жұмыртқа өткізгіш (5) (Мюллер каналы) бірнеше бөліктен тұрады: воронка (6), безді бөлім (7) және жатын (8). (20-сурет).