Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

ЖЕТІМ СҰРАҚ

Қаладан жездем келді. Естіп қойыпты.

− Оның не? –- деді.

− Иə, өзі ғой...

Өзі болса, басын жара ма екен. Сотталып кетесің ғой.

− Иə, өзіңіз ғой, батырсың, батырсың деген.

− Батыр, батыр дегенде, біреудің басын жара бер деп пе едім?



− Иə, өзі көжеме түкіріп жіберді.

Газетке ораған махоркасын сораптап, төмен қарап, үндемей қалды.

Шылымның тұқылын жерге лақтырып тастап, табанымен таптады да,

басын жоғары көтерді. Күлімсіреп тұр. Дегенмен көркем жігіт болған

кезінде.Жүзі  қараторының  шырайлысы.  Зиба  əпкем  бекер  жақсы

көрмеген. Қап-қара мұрты да келісті.

Қай  заман  екенін  қайдан  білейін?  Əйтеуір  жалғызбасты  жас  жігіт

Қыршындыға, менің нағашыларымның ауылына мұғалім болып барған

ғой.  Зиба  əпкем  бойжеткен  қыз.  Бəлшібектер  келіп,  байлығынан

байпақ та қалдырмай тонап алса да, Зиба кімнің қызы – Есей байдың

қызы.  Арыстандай  азулы  Рахман  ағасы  бар.  Туған-тумалар  тіреп

тұрған кез.

Сонымен не керек, тағдыр екен, бір күні осы мұғалім Зиба əпкемді

алып,  екеуі  қол  ұстасып  қашқан  ғой.  Батыр  байтаналар  біліп  қойып,

ұстап  алады.  Сірə,  Аса  өзенінен  өте  бергенде.  Жас  мұғалімді  бəрі

жабылып ұрмақшы болады.

− Тұлдыры жоқ, туысы жоқ қу кедей, – дейді.

− Елі жоқ, қаңғырып жүрген көн етікті неме, – дейді.

− Өзінің елі кім екен? Түп-тұқияны бар ма? – дейді.

Тексіз неме, хан қызындай Зиба сенің не теңің? – дейді.

−  Алдаушы,  арбаушы  жəдігөй  ғой,  жас  қыздың  басын  дуалап

қойған ғой, – дейді.

Іс  насырға  шауып  тұрғанда,  үстеріне  қала  жақтан  Рахман  келіп

қалады.  Мəн-жайды  білген  соң,  қарындасымен  оңаша  сөйлескен  соң,

батыр байтананың алыпсоқ, айбынды жігіттеріне:

−  Қойыңдар.  Жіберіңдер.  Тəңір  беттерінен  жарылқасын!  –  дейді.

Содан  Қаракемерге  барып,  өйтіп-бүйтіп  мұғалім  болып,  біреудің

үйінің бір бұрышын паналайды. Екеуінде екі пальтодан басқа тұлдыр




жоқ.  Бір  пальтоны  астарына  төсеп,  бір  пальтоны  үстеріне  жамылып,

пақырлар күн көрісімен жүріп жатады.

Екеуі  ұлды  болады.  Оның  атын  Жанысбек  қояды.  Қаракемердің

жаныстарының  ортасында  отырғандықтан.  Жақсы  мекен  болды  деп

жорығандықтан.

Жанысбегі,  жарқылдап  туған  қошқардай  ұл,  жер  бетіне  сыймай,

Құдай өзі берген, өзі алды.

Артынша аппақ болып, көкшіл көз Ақшагүл деген қыз бала туады.

Одан соң дүниеге Əбілхай – Əбен деген ұл келеді.

Сөйтіп  жүргенде  соғыс  басталады.  Мырзагелді  майданға  кетеді.

Арада неше қилы қиын заман өтеді.

Ендігісі мынау.

Екеуміз  бетпе-бет  тұрмыз.  Ендігі  тұтқа  осы  адам.  Кешегі  төбелес

бүкіл  мектепке  жайылса  керек.  Бəлкім,  оқудан  шығарып  жіберетін

шығар.  Осы  адам  ара  түспесе,  кім  біледі?  Досмырза  директор  жақсы

кісі,  маған  бүйрегі  бұрып  тұратын  сияқты.  əсіресе  «Абай»  романын

оқып болып, кітапты қылау түсірмей, өзіне. қайтып апарып берген соң,

ол  маған  класс  алдында  бұл  роман  жайлы  білгенімді,  түйсігімді,

ойымды айтып беруді тапсырды.

Қысылып-қымтырылсам  да  өз  сөзіммен  кітап  мазмұнын  айтып

бердім.  Тіпті  қырық  бес  минут  тез  өте  шыққан  секілді.  Өзімді  өзім

ұмытып,  Абай  дүниесіне  сүңгіп  кеткенім  сонша,  бір  шексіз  мұхитта

жүзіп  бара  жатып,  жағалауға  жете  алмай,  аңсары  асқан  адамдай

болдым-ау  деймін.  Оның  үстіне  оқушылар  бұл  əңгімені  қызыға

тыңдады.

Директор  мені  мақтап,  «бес»  қойды.  Бүкіл  класқа  осы  романды

оқыңдар деп тапсырма берді.

Мырзагелді жездем айтса, директор мені мектептен аластай қоймас

та.



Əсіресе  жас  адамның  тағдыры  қолдаушыңа  байланысты.  Əрине,

əуелі  Көк  Тəңір.  Айша  айтады:  адамның  тағдыры  туа  салысымен

пешенесіне жазылып қойылады дейді. Сол жазмышта не айтылса сол

болады дейді.

Менің  маңдайымда  Молотовтың  мектебінен  шығарыласың  деген

жазу  бар  ма,  жоқ  па,  білмеймін.  Сол  маңдайдағы  жазуды  ашып  оқып

көрер ме еді?

Оны мен оқып көре алмаймын. Оны бір білсе, осы жездем біледі.

Қағылез кісі. Майданнан келгеніне жарты жыл болды ма, болмады ма,

алдына  бір  қора  қой  бітті.  Рас,  бір  қозысын  мен  өлтіріп  алдым.

Шығыны сол ғана. Баяғыда батыр байтананың жігіттері бұған Зибаны

қимай, қу кедейсің, тегің, елің жоқ, қаңғыбассың деп менсінбеген екен.

Қазір бұл солардың көбінен дəулетті.

Тек дегенде де, байтананың жігіттері қателескен көрінеді. Өйткені

Мырзагелдінің əкесі Қалибек деген кісі төменгі Таластағы Ойық деген

елдің  беделді  биі  болған  екен.  Не  тəркілеуде,  не  сол  отыз  екінші

қырғынында  болашақ  жездеміз  жетім  қалып,  əйтеуір  тырбанып,  оку

оқып, мұғалім болған ғой. Еті тірі адам.

Жетімнің  жағдайын  жездем  жақсы  білсе  керек.  Сондықтан  мені

жамандыққа қимас. Қимайды ғой. Өйткені жездем айтты:

−  Ал  енді  батырекесі,  жағдай  былай.  Көктем  болса  келіп  қалды.

Құдай  аман  қойса,  жетінші  класты  бітірдім  деп  есептей  бер.  Ендігі

қалған күндерде мектепке бармай-ақ қой. Күзде сегізінші класқа бір-ақ

барасың...  Екеуміз  мына  көктемнің  күнін  құр  жібермей  бір  тірлік

жасайық.  Қауын  егейік.  Еңбегіміз  жанса,  оны  сатып,  сен  табыс

табасың.  Қауыннан  түскен  қаржыға  өзің  шырттай  болып  киінесің.

Сонау  нағашыларыңның  қолындағы  шешеңді  де,  қарындасыңды  да,

ініңді  де  киіндіресің.  А,  бəлкім,  сен  қалаға  барып  оқырсың.  Қанша

айтқанмен  қаланың  аты  –  қала  ғой.  Орысша  үйренесің.  Сөйте-сөйте

адам боп кетесің. Мұным қалай?

Бұл  енді  менің  миым  жете  бермейтін  қиын  сұрақ.  Əрине,  киінгім

келеді.  Мысалы,  Едіге  сияқты.  Мырзагелді  үйінің  жанындағы  көрші




үйде  Едіге  деген  бозбала  бар.  Шалбарының  қыры  қылыштың

қырындай.  Көйлек,  костюм  дегені  шистай.  Жарасып  тұрады.

Аяғындағы  туфлиіне  дейін  жалтырайды.  Петренко  дейтін  орыстың

бойжеткен қыздары Едігеге шетінен ғашық... Əне сондай болсам...

Əрине,  Айша  мен  Құрмашқа,  Батырханға  жəрдем  бере  алсам,

қандай  жақсы  болар  еді.  Олар  сол  ескі-құсқы,  жамау-жамау  лыпамен

жүр  ғой...  Осы  есіме  түскенде  жүрегім  сыздап,  соларды  бір  көруге

зарығып,  құр  қол  бармай,  əлгіндей  мол  базарлықпен  барсам  ғой.

Шетінен қуанып, Айша Тəңірге мыңда бір тəубə айтып, жетілді деген

осы, азамат болды деген осы деп жүрегі жарыла қуанар еді.

Айшаның  нағашылары  Сəли,  Қали,  Бөпетай,  Сатайлар  баяғыдай

мені бір ортаға алып:

−  Бəсе,  Барсханнан  түбінде  бір  мықты  азамат  шығады  демеп  пе

едім. Міне, жалын тартып, атқа мінді деген осы.

− Түбінде тұлпар мініп, ту ұстайтын осы болады.

− Құдай өмір берсін.

− Тіл-көзден аман бол! – десіп, бірінен бірі өтіп жарқылдайды.

Сол  асылдар  мені  сөйтіп  бағаласа  арман  не?  Жездеме  жауап

бермей,  үндемей  тұра  бергенге  ыңғайсызданып,  ықылассыздау  ғана:

«Мейлі», – дедім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет