Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет60/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

ФАМИЛИЯ ДАУЫ

Мектеп директоры бурыл шашты, қызылшырайлы, еңкіш кісі екен.

Ауылдағы  адыраңбай  бастықтардай  емес,  өте  сыпайы.  Үнемі



күлімсіреп тұрады. Кестелі жағасы бар кенеп көйлегін жібек шашақты,

өрме жіппен белбаулап қойыпты.

Менің  Молотовтан  алып  келген  куəлігіме  шұқшия  қарап  отыр.

Шынжырлы көзілдірігін қозғап-қозғап қойып үңілді.

− Неге Мұртаза? – деді нəзік дауыспен.

− Əкемнің аты солай, – дедім мен бұл сұраққа дағдарып. «Мұндай

да сұрақ болады екен-ау».

−  Жоқ,  балақай,  Мұртаза  емес,  Нұртаза  болуы  керек.  Түзетіп

жазайық, – деді директор.

− Жоқ, ағай, түзетпеңіз, – деп шыр ете қалдым.

−  Неге?  Мынау  қате  ғой.  Нұр-нұр.  Түсінесің  бе?  Күннің  нұры.

Нұрдай таза. Түсіндің бе? Ал Мұртаза деген түсініксіз.

Искаженное  имя,  білдің  бе?  Сельсовет  қате  жазып  жіберген  той  о

басында.


Күлімсіреп, сарғайған күрек тістерін көрсетіп, көзілдірігін көтеріп,

бетіме қарады.

Болмайды, ағай, – дедім құмығып.

−  Неге  болмайды,  балақай?  Сен  өзің,  байқаймын,  қиқарсың  ғой

деймін.

− Обал ғой, ағай.

− Қалайша?

− Бүкіл ел мені Мұртазаның баласы дейді. Енді келіп «Нұртазаев»

болып  шыға  келсем,  күлмей  ме?  Əкесінің  азан  айтып  қойған  атын

өзгертіп жібергенің неғылғаның демей ме? Жоқ, болмайды, ағай.

Күлімсірей түсті. Таңырқағандай.



− Бүйтіп, ерегісе берсең, интернатқа қабылданбайсың, балақай.

Ерегіспеймін той, ағай. Бірақ...

− Не бірақ? – Ағайдың даусы қатты шықты.

Қабылдамайды  екен  деп  қорқа  бастадым.  Дауысың  бұдан  да

қаттырақ  шығарып,  қаһарланса,  коне  салуым  да  мүмкін  бе  еді,  кім

біледі? Бірақ əлдебір күш мені тірестіре түсті. Мүмкін, əкемнің аруағы

шығар.  «Балам,  зарығып  көрген  шырағым  менің,  жаладан,  зорлықтан

өлген  мені  қорлама»  деп  сыбырлаған  шығар.  «Менің  атымды

Бердімбет  бабаң  да  молланың  өзін  Түлкібастан  шақыртып,  кітапқа

қаратып,  Мұртаза  деп  қойдырған.  Молдалардың  молдасы,  Бұхарада,

Шам  шаһарында  оқыған  ғұлама  кісі  кітапты  қате  оқымайды  ғой.

Көнбе, Барсхан».

Əрине, мұны маған ешкім сыбырлаған жоқ. Əсте, көкірегі құрығыр

солай  деп  күмбірлейд  -ау  деймін.  Əсте,  аруақ  көзге  көрінбес.  Оның

мекені  –  өзіңнің  кеудеңде  болар.  Аруақ  кеудеңнен  орын  таппаса,

мəңгүрттік содан өрбір.

Ал  көнбедім,  тірестім,  ерегістім.  Сонда  не  табамын?  Интернатқа

қабылдамай қойса, қайда барамын? Қаңғырып қаламын ғой. «Неғылар

дейсің,  мейлі  дей  салайын,  əйтеуір  оқу  бітірсем  болды  емес  пе?

Дүниеде  аты-жөні  өзгеріп  кеткендер  аз  емес  қой.  Ульянов-Ленин

болып кетіп те көсем болды ғой. Джугашвили-Сталин болып-ақ көсем

болып  отыр.  Несі  бар,  бəлкім,  фамилиясы  өзгергендер  тегін  болмас.

Мен де... Нұртазаев, Нұртазин. Əдемі сияқты. Сүйкімді естіледі. Бірақ

– Мұртаза. Ол неден сорлы? А - а - а...»

Сонда,  сонау  өткен  көктемде,  Молотов  мектебінде  Досмырза

директор айтқан əнгіме есіме сап ете қалды.

− Ағай, – дедім мына директорға. – Ағай, Көшім ханды білесіз ғой?

−  Иə,  –  деп  директор  маған  қарап  шұғыл  бұрылды.  –  Иə,  Көшім

хан.  Сібірдің  ханы.  Ермакпен  соғысқан.  Тоқта.  Он  бесінші,  жоқ,  он

алтыншы ғасырда. Иə, оны неге айттың?




− Ағай, сол Көшім ханның əкесі де Мұртаза ғой.

Директор  езу  тартып  күлімсірегенін  қойды.  Түсі  суық  тарта

бастады. Ойланып қалды.

−  Оны  қайдан  білесің?  Программада  жоқ  қой.  По  крайней  мере,

жетінші класта...

Мен үндемей, үстелдің шетін шұқыладым.

−  Оны  кім  айтты  саған,  балақай?  Əлде  Молотовта  сендерді  солай

оқытты ма?

Директор сыздана бастады.

Ол  кездегі  саясатты  мен  біле  бермеймін.  Күнбе-күн  газет  оқып  та

жүрген  емеспін.  Бірақ  əлденені  ішім  сезеді.  Сірə,  бəле  көргендіктен

шығар. Əкейдің тұтқындалуы. Сиырдың желіні сияқты шошақ төбелі,

бес  жұлдызды  баскиім  кигендер...  Аз  ба,  тəйірі.  Сонда,  Молотовтағы

мектепте,  класта,  Досмырза  ағайдың  əлгі  əңгімені  жан-жағына  қарап

алып, сақтанып айтқаны. Көшім хан туралы.

Енді  мына  директорға  «Досмырза  айтты»,  –  дей  салсам...  Мен

білмеймін, арты не боларын. Бірақ айтпау керек екенін тұспалдаймын.

− Жоқ, ағай, өзім бір жерден оқығаным бар, – дедім ақыры.

−  Онда  сен  көп  білетін  болдың  ғой,  –  деді  директор.  –  Сен

интернатқа алынбайсың. Мектепке алынасың, пожалыста. Бірақ үйден

қатынап оқисың.

− Қалада үйім жоқ, ағай.

− Онда фамилияңды түзет.

− Түзу ғой, ағай.

− Түзу емес, Нұр - та - за! Білдің бе?



Мейлі  дей  салайын  деп  тұрдым  да,  есіме  осы  директордың  өзінің

фамилиясы  түсе  кетті.  Естігенім  бар,  мектептің  коридорындағы

қабырғаға  ілінген  тақтадағы  бұйрықтарды  оқығаным  бар.  Онда

бұйрықтардың  соңында:  «Директор  –  Ə.  Коргулин»  деген  жазуды

көргенім бар. Əуелі орыс екен деп қалғанмын. Орыс емес, нағыз қазақ.

− Ағай, – дедім бір түлен түртіп.

− Не, балақай?

− Өзіңіздің фамилияңыз...

− Иə, иə, менің фамилиям. Онда не бар?

− Ода...


− Айт, айт, – директор қайтадан күлімдеді.

− О да түзу емес,қой.

− Қалайша?

Үстелдің шетін ысқылай-ысқылай, сұқ саусағым қажалды.

− Айт енді. Қорықпа. Қызық екен, білгім келеді. Менің фамилиям

қалай түзу емес.

Коргулин емес, Көроғлы ғой, ағай.

Директор  көзілдірігін  сыпырып  қолына  алды.  Аппақ  бəтес

орамалмен  ысқылап,  шыныларын  сүрте  берді,  сүрте  берді.  Бəлкім,

менің түр-тұрпатымды дұрыстап көре алмаған шығар. Енді көз əйнегін

əбден тазалап, анықтап көріп алайын деген – дүр. Қайдан білейін?

Ақыры  кирелеңдеп  барып  орнынан  түрегелді.  Мені  үрей  билей

бастады.  Ұратын  шығар.  Жақындап  келеді.  Мен  шегіншектей  бердім.

Сірə,  құлақтан  тартатын  шығар.  Құлақтан  тартқан  бойы,  кабинеттің

есігінен  итеріп  жіберетін  болар.  Кет  десе,  өзім  де  кетемін  ғой.

Кетпегенде не істеймін? Кімге барып айтамын? Кімім бар менің?




Айшадан  басқа  кімім  бар?  Құлағымды  қызартып  үйге  қайтып

барамын.  «Не  болды?»  –  дейді  Айша.  «Алмай  қойды»,  –  деймін.

«Неге?»  –  дейді  Айша.  «Əкеңнің  аты  Мұртаза  емес,  Нұртаза  дейді,  –

деймін.  «Не  дейді,  қараңқалғыр!  –  дейді  Айша  ашу  шақырып.  –  Кім

оны айтып жүрген? Айтқан адамның азу тісін қағып алып, алақанына

саудыратып  салып  берейін!»  –  дейді  Айша.  Сірə,  «сынақтан  өтпей

қалдым» деуім керек шығар. Ал əлгі «Мұртаза – Нұртазаны» айтсам,

Айшаның  қай-қайдағы,  қойқаптағы  қаһар,  ашу-ызасын  қоздырып

алармын. Мұртазаның атына қылаудай кір келтірген адамның қолында

өле кетуге дайын Айша. Сонда, енді не болмақ?

Осылай есікке қарай шегіншектей бергенімде, директор:

− Шырағым, тоқта, – деді.

Тоқтадым. «Шырағым» дегені тоқтатты.

Директор басымнан сипап тұрып:

−  Сен  интернатқа  қабылдандың,  қарағым.  Талабыңнан  тайма!  –

деді.


Еріктен тыс көзімнен бір тамшы ыршып түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет