Жұмбақ Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді.
Бар жолмен жұртты тасып жүр
Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус)
Бақылау: Қоғамдық көлік – автобус туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдету; жеке көлік
(тасымалдайтын) оларды ажырата білу. Қоғамдық көлікке өздерін ұстау ережелерімен таныстыруды жалғастыру (үлкендерге орын беру, ақырын сөйлеу, жол ақысын төлеу).
Қимылды ойын: «Бос орын» Сигнал бойынша (жүргізуші ойыншыға қолмын тигізеді) ойын ережелерін сақтап (шеңберді айналып жүгіреді) босатылған орынға тез отыруға үйрету.
Өз бетімен ойындар: Қардан құрылыстар жасау Қарды жиып, оларды күрекпен нығыздап, қажетті пішін құрауға үйрету. Жұмыла ойнауға тәрбиелеу.
Ортаңғы топ
№ 18
Ересек балаларды бақылау Балдырған баламыз Балдырған баламыз
Досты көп табамыз.
Қашан да,қайда да.
Достар бір-біріне
Сенімді боламыз.
Екі деген екі дос
Бірін-бірі қимайтын.
Артық-кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын.
Бақылау: Ересек балаларды (мінез-құлықтарын, ойыны), киімін бақылауға; киім түрлерін, оларды арнаулы атауға (бөрік, шарф, қолғап, етік, жылы шалбар және т.б.); киім және ауа райы арасындағы байланыс орнатуға үйрету. Ересек балалар арасында мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қимылды ойын:« Ақ аюлар» Ұжымдық тапсырмаларды орындауды үйрету, қарапайым өзара қарым-қатынас қабілеттілігін қалыптастыру.
Еңбек: Сырғанау жолын әзірлеу Ұжымдық тапсырмаларды орындау. Үлкендерге қолжетімді көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Ө збетімен ойындар: Ересек балалармен бірлескен ойындар Жүргізуші рөлін өз мойнына ала білуді қалыптастыру; белсенділікті, дербестікті тәрбиелеу. Балалардың бастамашылығын ынталандыру.
Ойынға жауапкершілікпен қарауға,тәртібін бұзбай ойнауға тәрбиелеу.