Жұмбақ Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс. (Шыбын)
Бақылау: Күз мезгілінде шыбын-шіркейлерлің өмір сүруін, олардың тастар мен жапырақтардың астына тығылуын бақылау, қорытынды жасау. Ауа райының салқындауы байланысты жәндіктер жоғалады.
Қимылды ойын: «Көбелекті ұстап алу» Бір затты (көбелекті) ұстап алу мақсатында жоғары секіруге үйрену. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болуға, тәрбиелеу.
Еңбек: Клумбаларды қурап қалған гүлдерден тазалау. Өз міндеттерін үлкен
жауапкершілікпен атқаруға тәрбиелеу. Өсімдіктерге деген сүйіпеншіліктерін арттыру.
Өз бетімен ойындар: Жақсы көретін ойыншықтармен ойнау
Ойын бойынша жолдастарымен бірігіп ойнауға үйрету.
Ортаңғы топ
№ 25
Саңырауқұлақты бақылау
Жұмбақ Сырты бүтін,
Іші түтін. (Саңырауқұлақ)
Жеуге жарамды – ақ түсті, майлы.
Улы – мухомор, бозарыңқы арамқұлақ.
Бақылау: Саңырауқұлақтарды ажырата білу, олардың сырт бейнесіне қарап тану (түсі, пішіні). Бөліктерін атап беру – аяғы, қалпағы. Күз айының кереметін ұғыну, мейірімділіке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Аюдың апанында» (орыс ұлттық ойыны)
Балаларға сөздерін анық айтқызу, ойын ережесін сақтауға үйрету. «Аюды» санамақ арқылы таңдауға үйрету.
Еңбек: Тотықұсқа тамақ Ерікті күштерді қоса тіркелетін қызметтің мақсаттылығына тәрбиелеу. Өз еңбегінің маңыздылығын түсіндіру.
Өз бетімен ойындар: «Балық аулау» т. б. ойындар
Ептліктіі талап ететін дербес ойындарды мадақтау, лездікке, жылдамдыққа үйрету.