Біз серуенге шығамыз



бет24/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
17
Қардағы іздерді бақылай білу
Көркем сөз Ойын ойнап, міне біз, Қыс қызығын көреміз. Шанаға да мінеміз, Шаңғыны да тебеміз.
Жұмбақ Мен кетемін, ол қалар. (із)
Бақылау : Қарда түрлі іздердің қалатынын, соның ішінде құстардың ізі ерекше болатындығын айыра білу: құстардың ізі қосу амалы сияқты, әр құс әр түрлі із қалдырады; адамның да іздері әр түрлі, түрлі жақтарға бағыттайды: машинаның ізі де әр түрлі және т.б. Жансыз табиғат жайындағы білімін бекіту; балалардың тілдерін дамыту.
Қимылды ойын: «Нысанаға тигіз» Оң және сол қолмен, көздеп лақтыру кезінде қалыпты жағдайды сақтай білу. Ойын барысында балаларды шапшаңдыққа, икемділікке баулу. Қызығушылықтарын арттыру.
Еңбек: Орындық үстінен қарды сыпыруға, өз еңбектерін жауапкершілікпен орындай білуге үйрету.
Өз бетімен ойындар: Ойын барысында балалар ойын ережесін сақтауға,орындауға тәрбиелеу (жүргізу мәдениеті, достық, ұжымдық түсінушілік болуын қадағалау).




Ортаңғы топ
18
Өзенді бақылау
Жұмбақ Туған жердің белбеуі, Шұбатылып қалыпты. Керемет-ау кернеуі, Тасты тесіп, жарыпты. (өзен)
Мақал-мәтелдер « Бұлт өзеннен су алса ғана- жауады»
Бақылау: Қыстағы су құбырлары жайлы түсініктерін анықтау. Бірінші көлдің жиегінде мұз пайда болады, ол жұқа, тез ерігіш; содан толығымен қалың мұз басады; көлдегі мұз үстімен адамдар жүреді, балалар коньки тебеді; мұздың үстін қар басады, мұз астында балықтарға өте қараңғы, олар аз қозғалады. Кейбір жерлерде ойылған ойықтарды көруге болады, ол жерлерде балықшылар отырады. Судың астында ауа аз, балықтар ойықтың үстіне шығып дем аламын деп балықшының қармағына түсіп қалады. Балалардың өздерінің көргендерін ашық кең көлемде айтуларын талап ету.
Қимылды ойын: «Белгіні тыңда» Берілген дабыл бойынша әр түрлі қимылда жүгіру (ұсақ, кең адыммен, аяқты екі жаққа жіберіп жүгіру, секіру арқылы жүгіру).Жаттығу жұмыстарына деген қызығушылықтарын ояту, қимыл қозғалыстарын деңгейін жақсарту.
Еңбек: Қар ойыны: Қар туралы білімдерін бекіту; берілген тақырып бойынша құрылыстар жасату; табиғи материалдарды қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру
Өз бетімен ойындар: Ойынды ұйымдастыру кезеңі (бастапқы және жүру барысы) рөлдермен байланыстыра отырып балалардың танымдылық қабілеттерін арттыру,бір-біріне көмек көрсету, қиындықтан шыға алуға талпындыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет