Біз серуенге шығамыз



бет23/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
15
Ағаш пен бұталарды бақылау (ағаштар: қайың, шырша, алма ағашы; бұталар: жұпаргүл, шие)
Көркем сөз: «Қарағай» Тау баурайы -жағалай Биік-биік қарағай. Оқтай түзу бойлары, Шымыр өскен баладай.
Бақылау . Балалардың назарын ағаштардың және бұталардың сыртқы сұлулығына аудару (жапырақ жоқ). Ағаштың сыртқы түрлерін ажырата білуге жаттықтыру (ағаштың пішіні, бұтаның орналасуы, тамырдың түрі мен сыртқы пішіні) ағаштың: терек, қайың, шырша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: донала , жұпаргүл , шие. Балаларға аяз кезінде ағаш бұталарының тез сынғыш болатынын түсіндіру. Балаларға ағаштарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Шаңғы жарысы» Дыбыс белгісіне көңіл бөлу (шанада отырып, аяқпен итеру;үстінде отырып, қолмен итеру). Дене шынықтыру әрекетінде алған білімдерін іс жүзінде қолданып, жарыстарға қатысуға ынталандыру.
Еңбек: Ағаш және бұта түптеріне қарды үю . Ағаш және бұта түптеріне қарды үю және еңбектің маңыздылығын білуге үйрету. Жақсы ынтамен еңбектенуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Алдын-ала ойын тақырыбына келісіп, рөлдерді бөлу, 3-4 баладан тұратын ойын топтарында бастаушылардың қимыл- әрекеттеріне басшылық жасау.



Ортаңғы топ
16
Құстарды бақылау (сарышымшық, бозторғай, сауысқан, торғай, көгершін)
Көркем сөз Шыр-шыр еткен торғайды. Қорғамасаң болмайды, Кіп –кішкентай торғайлар, Бақшамызды қорғайды.
Жұмбақ
Қалқып тұрып аспанда, Үн шығарып сан қилы, Өнеріне басқанда, Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)
Бақылау: Құстардың атауын есте сақтау, ұшып келетін құстарды белгілеріне сай ажырата білу (көлемі және түстеріне байланысты). Әр түрлі құстардың қозғалысы мен ерекшеліктерін ескере білуге үйрету (сауысқанның қадамы үлкен; торғай екі аяғымен секіреді; көгершін - жиі, ұсақ қадамдар жасайды т.б.) Құстар ұшып жүргенде немесе отырғанда жақсы көрінеді, егер олар ағаштың бұталарында отырса ажырату қиынға соғады. Құстарға қыста азық табу қиын болатындығын түсіндіру. Оларды қосымша тамақтандырып тұру керектігін түсіндіру.
Қимылды ойын: «Қарғалар» Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру
Еңбек: Қыста құстарға далада тамақ беруге баулу. Берілген тапсырмаға жауапты болу: өз еңбегіне қанағаттана білу.
Өз бетімен ойындар: Балаларға өз рөлдерін және құрбыларының рөлдерінің мазмұнын есте сақтай білуге үйрету; ойын барысында балаларға 2-3 рөлде ойнауға баулу; бағыну, басқару, теңдік-қарым-қатынас ережелерін білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет