Біз серуенге шығамыз



бет25/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
19
Аула сыпырушының еңбегін бақылау
Мақал-мәтелдер -Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей. -Ердің атын еңбек шығарады. -Ер дәулеті-еңбек.
Бақылау: Қардың көп түскенін, бірақ біз одан еш қиындықсыз өтетінімізге назар аударту. Бұған бізге аула тазартушы көмектеседі. Балалардан аула тазартушының жаздағы жұмысқа қарағанда қыстағы жұмысының ерекшелігі неде екенін сұрау. Аула тазартушының қардан тазалау кезіндегі еңбек құралдары жайында білімдерін бекіту. Үлкен адамдардың еңбектері туралы білімдерін кеңейту. Адамдардың еңбектерін сыйлап, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Қимылды ойын: «Кім күшті?» (қазақтың ұлттық ойыны) Жаттығу жасау барысында еңбектену-жолдасымен бірлесіп жасау; дұрыс ойын ережесін сақтауын қадағалау. Жолдасыңның жетістігіне, жеңілісіне көңіл аудара білу.
Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу Үлкенге көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Еңбек мәдениетін қалыптастыру (құралдарды қолдана білу, жұмыс орнында тәртіпті қадағалау).
Өз бетімен ойындар: Біріккен ойындарда өз тәртібіне жауап бере алуға тәрбиелеу, ойын әрекетін ұйымдастыруға талпындыру.




Ортаңғы топ
20
Қардың астында өсетін өсімдіктерді бақылау
Көркем сөз Аппақ қыстың бораны, Аяз шымшып алады, Аппақ қыстың бояуы. Боран мен жел болады. Ақ көрпеге орайды, Туған жердің ақ қысы, Ақ қыс байтақ даланы. Ақ құшағын жаяды.
Бақылау: Балаларға жазда өсіп, қазір қардың астында қалған өсімдіктерді ұқыптылықпен қазып алуды ұсыну. Қардың астындағы шөпті бақылау. Кішкентай жасыл өсімдіктердің жерге жабысып жатқандығын, олардың жұқа және нәзік екендігін бақылау.Таныс өсімдіктерді анықтай білуге ұмтылдыру. Қар өсімдік тұқымының үсімеуінен және оларды қорғайтындығын айтып түсіндіру.Табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Секіріп-бұрыл» Алаңның қарама-қарсы жағына жүгіріп шығу, бір-бірін итермеу, ойынның шартын сақтау ( ескертуден аулақ болу). Балаларды ойын талабына сай шапшаңдыққа, икемділікке баулу.
Еңбек: Кіші топтағы балаларға алаңдағы қарды тазалауға көмектесу. Балалар балабақша ауласындағы қарды тазартып, қарды сырып, жүретін жол қалдырып, тазалық сақтауға үйрету.
Өз бетімен ойындар: Балаларды ойын барысында ойыншықтарын айырбастауға, тақырыпқа сай түрлі материалдар арқылы ойын ұйымдастыру; балалардың өздері дайындаған ойыншықтарды қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет