Біз серуенге шығамыз



бет6/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Ортаңғы топ

9




Өзенді бақылау


Жұмбақтар
Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады. (Өзен)
Бет көрсететін айнам, тауып алдым сайдан. (Ағын су)


Бақылау:
Өзенде болатын маусымдық өзгерістерді бақылап және атап берулерін қадағалау: су күңгірттенді, суда жүзетін құстар жоқ, балықтар мен бақалар су түбінде. Өзен – табиғаттың негізгі ресурсы екендігін және оның сұлулығын қарап, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Тәжірибе. Суға ұсақ тастар мен жаңғақтарды лақтыру.
Қорытынды. Ауыр заттар батып, жеңілі су бетіне шығады.


Қимылы ойын:«Жылға арқылы»
Екі түзу сызықтан қос аяқтап секіруді қалыптастыру. Сабақ барысында үйренген әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға үйрету.


Еңбек: «Аквариум үшін жағадан ұсақ тастар жинап теру»
Тапсырманының маңыздылығына мән беру, Аквариумдағы балықтардың өмірі туралы көзқарастарын кеңейту.


Өз бетімен ойындар:
Ойынның барысы мен ережесін өз бетімен ойлап табуға үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ораңғы топ

10




Бақшадағы көкөністерді бақылау
(қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ)


Тақпақ
Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік,
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп өнім.


Бақылау: Көкөністер жөнінде білімдерін кеңейту: аты, түсі, дәмі, тағамға қолданылуы, құрамындағы дәрумені; күзде көкөністерді жинау; көкөністердің пісіп-жетілуіне мән беру; топырақ салынған жәшіктерді арнай бөлмелерде сақтау. Өз еңбегінің нәтижесіне ұқыпты қарауға үйрету.


Қимылды ойын: «Бақшашылар»
Бақшаны топтасып жинауға балаларды ұйымдастыру. Ойын ережесі: тәрбиешінің белгі беруін күтіп, эстафетаны жалғастыру.


Еңбек:
Бақшадағы жұмыс. Көкөністерді жинау.
Бақшадағы көкөністерді жинауға ат салысып, ересектер мен жолдастарына белсенді түрде көмек көрсеткен балаларды мадақтау.


Өз бетімен ойындар: «Көкөністер дүкені»
Көкөністер мен жеміс-жидектерді құмнан мүсіндеу.
Берілген ойын тақырыбында шығармашылық, белсенділік көрсеткендерді мадақтау; ойынға деген қызығушылықтарын қолдау және дамыту. Көкөністер мен жемістер туралы алған білімдерін бекіту.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет