Т А Р И Х
И С Т О РИ Я
H IS T O R Y
ӘОЖ 94(574)
Р ы сб ек о в Т.З. - тарих ғылымдарының докторы, профессор,
М .Өтемісов атындағы БҚМ У
Г ар и ф у л л и н а А .Б. - М .Өтемісов атындағы БҚМ У магистранты
Е -m ail: shinee_star_7 @ m ail. ru
Н Ұ Р А Л Ы Х А Н Н Ы Ң Б И Л ІГ І К Е З ІН Д Е Г І К ІШ І Ж Ү З Д Е Г І Ә Л Е У М Е Т Т ІК -
С А Я С И Ж А ҒД А Й
А ңдат па.
Мақалада XVIII s. Батыс Қазацстанда Нұралы ханның басқаруы
кезінде болып өткен әлеуметтік-саяси оқиғалар зерттеліп көрсетілген. Нұралы
ханның Ресей үкіметі ресми бекіткен тұңғыш қазақ ханы атағына ие болғандығы
жайында, сонымен қатар аталған өңір қазақ қауымдарының шекаралас ресейлік
тұрғындарымен арадағы қарым-қатынастарының кейбір тұстары сипатталады.
Тірек сөздер:
Батыс Қазақстан, Нұралы хан, Кіші жүз, Орынбор басшылығы.
Қазак
жеріндегі
мемлекеттіліктің
калыптасуы
мен
дамуы
бірнеше
мыңжылдыктарға созылып, X V ғасыр ортасында үлттык сипатка ие болған Қазак
хандығын дүниеге әкелгені белгілі. Осы кезден бастап төл тарихымызда Қазак
хандығы өмір сүрген дәуірді тарихшыларымыз хандык дәуір деп атайды. Керей мен
Ж әнібек хандар билік күрған кезден Тәуке хан кайтыс болған кезеңге дейінгі үш
ғасырға жуык тарихи уакыт осы хандык дәуірдің алғаш кы кезеңі немесе бір
орталыктан баскарылатын хандык кезең болып саналады. Ал одан кейінгі кезеңнің
саяси және мемлекеттік түрғыдан алып карағанда бытыраңкылык кезең екені белгілі.
Ж үздердегі хандык биліктер мен Ресейдің оларды өзіне бағындыра бастауы мен
біржолата жойып жіберуі
XVIII
ғасырдың
30-ш ы жылдарынан
басталып,
XIX ғасырдың 20-ш ы жылдары аралығында өтеді.
Жалпы, Ресейдің Қазакстанды бағындыруға бағытталған саясаты мен осы
максатта колданған әдіс-тәсілдері бүған дейін оның баска елдерді бағындыру
барысында тәжірибеден өтіп, әбден сыналған болатын. XVI-XVII ғасырларда Қазан,
Астрахан, Сібір хандыктарын, Ноғай ордаларын бағындыруда Ресейдің ең бір тиімді
колданған әдістерінің бірі-осы елдердегі билеуші топтардың ыкпалын әлсірету,
олардың өкілдерін әр түрлі жолдармен өз ж ағына тарту, олардың арасына іріткі салу,
билеуші топ пен ру-тайпа көсемдері арасына от салу және тағы баска осындай
сипаттағы тәсілдер болатын. Бүл әдіс өз кезегінде сол елдердегі мемлекеттіліктің
әлсіреп, акырында күйреуіне әкеп соктыратын. Ал мемлекеттік жүйе жойылып,
баскарушы топ тәуелді болганнан кейін карапайым халыкты бағыныштылыкта үстау,
олардың жерін тартып алу жаулап алушылар үшін онша көп киын іс болмайтын.
XVIII ғасырдың орта т^сынан бастап Ресей әкімшілігі Казакстан дәл осындай әдістерді
жүзеге асыруды колға ала бастайды [1, 400 б.].
Нүралы хан баскарған жылдар Отан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірін
күрады. Әбілкайыр ханның өлімінен кейін казактың батыс далаларында біршама
саяси өзгерістер орын алды. Аталған окиғадан соң жергілікті казак кауымдары мен
Ресей патшалығы арасындағы карым-катынастар жаңа кезеңге-казак сахарасында
орыс ыкпалының одан әрі күшейе түскен кезеңіне аяк баскан еді. Әбілкайыр
285
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
қазасымен бірге көрші халықтармен әртүрлі күрделі қарым-қатынастардың тұтас бір
дәуірі аяқталған болатын. Ендігі тарихи кезеңде батыс өңірлерді саяси бағыттардың
өзгеруі, ұзаққа созылған Ресейдің отарлау саясатының күшеюі, үлкен әлеуметтік-
саяси дағдарыстар, ұзаққа созылған отарлауға қарсы күрестер дәуірі күтіп тұрды.
Нұралыңың билікке келуі оңайлықпен іске аскан жоқ. Әбілкайыр өлімі Батыс
Қазакстандағы саяси күштердің ара салмағына да түбегейлі эсер еткен болатын.
А талмыш оқиғадан соң маркұм ханмен белгілі бір бакталастықта болған
Қайып хан ұрпактарының ықпалы күшейген еді. Арал өңірі мен Сырдарияның
төменгі тұстарында коныстанған Кіші жүздің ірі Әлімұлы одағының белді рулары
Қайыптың ұлы Батыр сұлтанды колдады. Сұлтан өз кезегінде Орта жүздің ірі
билеушісі, Әбілкайыр әулетінің кас жауы Барак сұлтанмен (ханды өлтірген) өте
жаксы карым-катынаста болатын. М ұндай жайттар Нұралының позициясын әлсірете
түсетін. Осындай келеңсіз жағдайларға карамастан, Кіші жүз бен Орта ж үздің
біркатар билерінің колдауымен Нұралы 1748 ж. 2 казанда Ырғыз өзеніне сол
жағынан кұятын Қайыңды өзенінің бойында хан сайланады. Орыс тыңшыларының
бірі Я. Гуляевтің көрсетуінше ол халык дәстүрі бойынш а бүкіл көпш ілік алдында
емес, әр рудан он адамнан кіргізілген билер аркылы, өзінің киіз үйінде сайланған
[1, 162 б.]. Қазанның 5-і күні жаңа сайланған ханның анасы Бопай ханым,
Нұралының өзі және оны сайлаған Орта жүз бен Кіші жүздің бір топ билері Ресей
патшайымы Елизаветаға хат жолдап, Нұралыны өздеріне хан етіп бекітуді өтінеді.
Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалык генерал А. Тевкелев
пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке кисынды өтініш хаттар жолдайды.
1748 жылғы 5 казандағы ұлы патшайым Елизаветаға жазған хатында:
«Ж араткан иенің сүйіспеншілігіне бөленген нұр сипатты, шарапатында шек
жок, мейірбанды падишамыз, бүкіл Ресейдің билеушісі, мархабатты ел басшымыз Елизавета
Петровна. Қырғыз-кайсак кіші ордасының ханы Әбілкайырдың ханымы Бопай ханша сіздің
назарыңызға мынадай өтініш-тілегін салғысы келеді.
Біріншіден, императорлык ұлы мәртебеңізге адал берілген менің ерім
Әбілкайыр хан бұл ж арык дүниеден баз кешті. Төменш ік күңіңіз мен-жесір, ш иеттей
бала-ш ағасы жетім калды. Биік мәртебелі алдияр падишам, жоғары кұзырыңызға
жан-тәнімен адал берілген Әбілкайыр ханның көзі тірі кезіндей бізді кажет кезінде
мархабат мейіріңізден тыс калдырмауыңызды өтінемін.
Екіншіден, ерім Әбілкайыр ханның орнына біздің жағдайымызды ж етік
білетін, өзіңіздің ұлы кұзырыңыздағы кұпия кеңесш іңіз әрі сардар Неплюев пен
бригадир Тәуекелевтің және өзіңіздің күллі кырғыз халкының акылымен мұрагер
ретінде менің үлкен ұлым Нұралыны хан етіп сайлады.
Үшіншіден, халкымыз аталмыш ұлым Нұралыны хан е т т сайлағанмен, биік мәртебелі
патша ағзам, өзш вдң ұлы жарлығыңызсыз оның басты хан боларлык жағдайы жок.
Сол үш ін де биік мәртебелі алдияр патша, аталмыш ұлым Нұралы сұлтанның
әкесі Әбілкайыр ханның орнына нағыз басты хан болуына ж арлык етіп, оның
хандығын жоғары кұзырыңызбен алтын мөрі бар сенімхатпен марапаттауыңызды
сұраймын. Мейірімі шексіз мархабатты мемлекет басшысы, сіздің патшалык биік
мәртебеңізден риясыз берілген кұлыңыздың өтінішіне мейірбан колыңызды коюыңызды
сұраймын».Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан
кейін Санкт-Петербургке аттанады.
Нұралыны хан сайлағандар арасында Орта жүздің Ш акш ак Арғын руынан
Ж әнібек батыр, Қойсары би, Ж алмәмбет би, Құдайшүкір батыр, Кіші жүздің
Ш өмекей руынан Кедей би, М әмет аталык, Ж айылған би, Қаракесек Қожанай би,
Ш екті руынан Бактыбай батыр, М өңке би, М әметек би және баскалары, Төрткара
Құдайназар би, Дәулет би және баскалары, Алаша Байсау би, Бәйтерек аталык, Кете
Алтай би, Қиғылык би, Жұлдыз батыр және т.б. бар болатын [1, 410 б.].
Нұралының сайлануына Неплюев бастаған Орынбор басшылығының оң
көзбен карағанын айта кету кажет, жаңа сайланған хан Әбілкайырмен ұзак мерзім
286
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
күрескен өлке басшысының «талаптарына» толық сай келетін. Бұрынғы ханның
қазасын жеңілцікmен қабылдаған әкімш ілік қазақ ордасында Әбілқайырдай ықпалды
емес, мүмкіндігінше әлсіз ханның сайлануына мүдделі болды. Бұл орайда әкесіндей
алыстан болжағыш емес әрі тәжірибесіз Нұралы бұл талаптарға толық жауап беретін.
Неплюев Ресей Сыртқы Істер коллегиясына Нұралы туралы «әкесіндей қызу қанды
емес, қарапайым, ешқандай талап та қоймайды» деп көрсеткен болатын [2, 302 б.].
1749 ж. 26 ақпанда Елизавета патшайым Нұралының хандыққа бекітілгені туралы
грамота шығарып, мамыр айының басында Орынбор губернаторы Неплюевке осы туралы
жарлық береді. Жарлықта ешкандай казак жүздері көрсетілмей жай ғана казак ханы регінде
жазылады. Тек Кіші жүздің билеушісі ретінде тану жаңа сайланған ханның наразылығын
тудырмас үшін патша үкіметі оны осылай бекіту туралы шешеді.
Нұралы Ресей үкіметі ресми бекіткен тұңғыш казак ханы болып табылды. Осы
кезеңнен бастап Кіші ж үздің одан кейінгі хандарының барлығы орыс билігі
тарапынан бекітілуге мұктаж болған еді, бұл өз кезегінде өңірде дәстүрлі хандык
биліктің әлсіреуіне алып келді. Көрсетілген жылдың 15 казанында Әлім одағының ірі
Ш өмекей, Ш екті және Төрткара руларының біркатар тармактары Батыр сұлтанды
өздеріне хан етіп сайлайды.
Билік кұрған алғаш кы жылдары Нұралы мен Неплюев арасында бірден жылы
карым-катынастар орнады деп айту киын. Х ан өлке басшысының карсылығына
карамастан жоңғар контайшысы Цевен Доржимен әкесі Әбілкайыр кезінде басталған
кұдалык ісін жалғастырып,
оған елшілерін жібереді,
жоңғар
билеушісінің
колдауымен бүкіл казак даласына билігін жүргізуге талпыныс жасайды. Аталмыш
кезеңде куатты жоңғар мемлекеті мен Нұралы хан арасында біршама тығыз
байланыстар орнаған болатын,
казак ханы алғашкы жы лдары шығыстағы
көрш ілерінің колдауымен өзінің біркатар саяси мүдделерін ш ешіп алуды көздеді. Бұл
тұрғыда Нұралының жоңғарларға койған талаптары назар аудартады, олар: казак
тұткындарын кайтару, Барак сштанды ұстауға көмектесу, Ташкент пен Ұлы жүз жеріне көз
алартуды кою және Түркістанды калың мал ретінде беру [3, 785 б.]. Ханның Барак
сұлтанды ұстау туралы талабынан баска бұл жерде оның ешкандай жеке мүддесі
байкалмайды. Барактың өлтірілгені белгілі, ал баска талаптар Нұралының ел
баскаруда тек Кіші ж үзбен ш ектелмегенін, бүкіл казак ордасына катысты басты
мәселелерді шешуге тырысканын көрсетеді.
Қазактардың шығыстағы куатты жоңғарлармен одак кұру мүмкіндігі Ресей
билігін катты алаңдатканы белгілі жағдай еді. П атш а үкіметі еш уакытта да дала
халыктарының өздеріне карсы бірігіп кетуіне ж ол бермейтін. Ресей билігі әлбетте
олардың бірігіп күшеюіне емес, бір-бірімен кактығысып әлсіреуіне мүдделі болды.
Өздеріне адалдыкка ант кабылдаған Нұралының кадамдары Орынбор әкімшілігін
біраз алаңдатты. Ханның бастапкы жы лдары өлке әкімш ілігімен араздасуына
Неплюевтің аманатта жаткан інісі Әділ сұлтанды баска інісі Ш ыңғыспен
ауыстырмауы себеп болған еді. Бұған катты наразы болған Нұралы бастапкыда кол
астындағы казактарға орыс шептерінен алыска көш іп кетуді де бұйырған. М ұнымен
токтамай Орынбор айырбас үйіне шабуыл ж асауды да ойлаған. Төңкеріске дейінгі
орыс зерттеуш ілерінің мәліметіне карағанда Нұралы бірде аудармаш ы Гуляевпен
әңгімесінде: «...егер бұл жолы да бас тартса, орыстар Әділге білгендерін істесін,
түрмеге салсын, ал мен күтпеймін, Сырдың арғы ж ағына кетемін. Ол ж акта мен кол
астымдағы казактарды ш абуылдардан тыймаймын, сонда олар мені хан ретінде ғана
емес, әулие ретінде де санайтын болады, себебі олар менің Ресейге ж акы н көшіп,
оған адал кызмет етуіме наразы. Генерал (Неплюевті айтып отыр) мен мырзаның
(Тевкелев) аркасында мен хан емес, бакташыға айналдым; Құдай олардан жауап алар.
Орыстар калмактар мен башкұрттарға істегетн бізге де істегісі келеді, бірак біз мұндай
езгіде өмір сүргенше өлгенді артык санаймыз»,-деген сөздер айткан. Дерекке карағанда хан
өз сөзін ал1цыңцағы сусыннан ұрттап: «Кұдайым, егер бұдан былай Орынборға аяк бассам,
осындай асты да таппай калайын», - деп аяктаған [3, 790 б.].
287
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
1750
ж. бас кезінде орын алған мұндай жайттар Нұралының сол тұстағы
әрекеттерінен хабар бергенімен кейінгі окиғалар істердің барысын түбегейлі
өзгерткен еді. Нұралының ж оңғарларға ұзатуға даярланған карындасы кайтыс болып,
бұған коса оны колдаған Цевен Доржи де карсыласы Лама Доржидің колынан каза
тауып, мұндай жағдайлар ханның жоспарына үлкен өзгерістер енгізеді. Ол енді орыс
тарапына карсы шыға алмай, керісінше олармен жакындасуға мәжбүр болады.
Арадағы кейбір наразылыктарды коспағанда осы тұстан бастап Нұралының патша
үкіметімен ұзак жылдарға созылған тығыз карым-катынастарының кезеңі басталады.
Ол енді бірте-бірте патша жарлыктарының сенімді орындаушысына, отарлык
үкіметтің жергілікті жердегі сенімді өкіліне айналған болатын.
Өзінің ұзак жылғы билігі тұсында Нұралы көптеген әртүрлі әлеуметтік-саяси
киындыктарға, дағдарыстарға ұшырады, халык тарапынан ашык карсылыктарға да
душар болды. XVIII ғ. екінші жартысында казак кауымдарының орыс билігі
тарапына наразылыктары көп жағдайда Жайык өзенінің бойында көшіп-конуға тиым
салу себептерінен пайда болып отырды. Орынбор өлкесінің басшысы Неплюев
1742 ж. күзінің өзінде казактарға Ж айык өзенінің бойына жакын көшуге тиым салған
болатын. 1749 ж. каңтарда Неплюев Есет батыр бастаған Жетіру ауылдарына
Ж айыктың ішкі ж ағына өтуге тиым жасайды. Ресей тарапымен бейбіт карым-
катынаста болған Кіші ж үздің белгілі адамдары Әжібай би, Алтай батыр және Арал
мырза Неплюевтен осы туралы өтініш кылғанда, губернатор олардың үкімет
тарапына кезінде көрсеткен кызметтері туралы Коллегияға мәлімдеп рұксат
сұрағанымен, жоғарғы билік ресми түрде бірнеше жылдан соң ғана жауап беріп,
оның өзінде өзеннен өтуге тиым салады. Қазактар әдетте кұрғакшылык жылдары
мыңдаған малдарын аталмыш өзеннің оң ж ағына өткізетін, көрсетілген ж ы лы да
далалык өңірлер жұтка ұш ыраған еді, мұндай тиымдар казактар шаруашылығына
үлкен зардаптар әкеліп отырды. Аталмыш тиымдар казактарға тығырыктан шығудың
баска жолдарын карастыруға мәжбүрледі. 1750 ж. көктемінде Әжібай би, Алтай
батыр және баска да Кіші жүздің көптеген рубасы билері кеңес кұрып, ауыл-
аймактарымен Торғай өзенінің арғы жағына, Ұлыту, Кішітау өңірлеріне коныс
аудару туралы шешімге келеді. Деректерге карағанда, казак рубасылары кыс бойы
Ресей тарапынан кауіпте болған. Олар осындай ойларын Нұралыға жеткізен кезде ха
мұндай шешімге ашуланып кетуден бас тарткан [2, 343 б.].
Сәл алдыңғы кезеңде, 1738 және 1742 жж. Кіші жүз бен Орта жүздің билеуші
тобы орыс үкіметіне ант кабылдағанына карамастан, бұл кұжаттардың күші тек кағаз
жүзінде ғана болды және олардың казактарға тек кейбір көрші халыктармен
катынастарда ғана пайдалы тұстары болды, іс жүзінде казак даласы тәуелсіз болатын.
Сөз жүзіндегі бодандык бастапкы кезде казак кауымдарына, олардың емін-еркін
көшіп-конуларына тікелей кедергі етпесе де, дала өңірлерінде, әсіресе батыс
аймактарда сырт күштердің әсерлері бірте-бірте біліне бастаган еді. Бұл өңірлерде
болып жаткан окиғалар патша чиновниктерінің мұкңят бак^ілау^інда болды. Көрші
ұлыстарды бір-біріне айдап салу және патша билігінің баска да кұйтыркы саясаттары
жергілікті халыктың заңды ашу-ызасын туғызды.
XVIII ғ. ІІ-жартысында казактардың көрші халыктармен, әсіресе Ресей кол
астындағы калмактармен, башкұрттармен және жайык казактарымен карым-
катынастары үлкен тарихи кезеңді кұрады. Осы халыктар мен казактар арасында
кактығыстар жиі болып тұрды. Қалмактармен арада ғасыр басында ымырасыз
соғыстар жүрсе, башкұрттармен арада да барымталар мен кактығыстар жиі орын алып
тұратын. Казактармен де аса күрделі карым-катынастар орнады, көп жағдайда олар орыс
шебіне жакын көшіп-конған ауылдарға әртүрлі кысымдар көрсетіп отырды.
Ресей тарапымен арадағы айрыкша күрделі
карым-катынастар Батыс
Қазакстан өңірінде орын алды, олар арада талай рет кантөгісті кактығыстарға да
ұласып отырды. Ө зінің буырканған асау мінезді сипатымен көзге түсетін, мұның
үстіне саяси және экономикалык дағдарыстарға терең бойлаған Кіші жүз жұрты ұзак
288
БҚМУ Ноборшы № 4 - 2 0 1 6ж.
жылдар бойы Орынбор тарапын тітіретумен болды. 1744 ж. өңір казактарын
бағындыру үшін, Орынбор басш ысы Неплюев өзінің Сенатка үсынған «Қосалкы
жоспарында» казактарды «жуасыту» және тезірек бағындыру максатында шекарада
бес нүктеде ш оғырландырылған үлкен әскер үстауды үсынса, 1747 ж. «кырғыз-
кайсактардың ресейлік бодандыкка өткен уакытынан бері олардан зияннан баска еш
пайда болмағанын, соның ішінде бүкіл зүлымдыктардың тек Кіші жүзден ғана
келетінін» жеткізе отырып, осы өңір казактарына карсы казак әскерінен бөлек, бүкіл
Еділ мен Сібір арасындағы халыктарды айдап салуды үсынған болатын [2, 181 б.].
Аталған жылы Неплюев Сенаттан жайык казактарының күшімен Кіші жүздің бір-екі
үлысын кішкене сәбилеріне дейін түгелдей кырып жіберуді де үсынды, оның ойынша
мүндай адамгершіліктен тыс тәсілдер оларды коркытып үстау үш ін кажет болды.
П атш а билік орындарының
өздерінің бүрынғы
еркіндіктерін шектей
бастауымен келіспеген казактар жасактарға бірігіп орыс шептеріне дүркін-дүркін
шабуылдар жасады. Көп жағдайда шепке ш абуыл жасауға себеп болатын
калмактармен арадағы карым-катынастар, дәлірек айтканда осы іске орыс
әкімш ілігінің араласуы болып табылды. Ш екара басшылығы калмактарды казак
үлыстарына үнемі бағыттап отырды, оларды шептен кедергісіз өткізіп, жаңа
ш абуылдарға итермеледі. Кей жағдайда калмактардың бір жортуылының өзінен
казактар мыңдаған жылкыларынан айрылатын. Ж иналып карымта жорыкка аттанған
казактарды Орынбор басшылығы бүйрығымен жайык казактары ш ептен жібермей
үстап калып отырды, мүндай әрекеттер жергілікті халыктың заңды ашу-ызасын
туғызды.
Осындай әрекеттер салдарынан казактардың шаруаш ылығы катты
күйзелістерге үшырады.
П атш а үкіметі тарапының жоғарыдағы әрекеттері казактардың үлкен топтарға
бірігіп, шепті бүзып өту аркылы калмак және орыс хуторларына жорыктар
үйымдастырып, адамдар мен мал-мүліктерін әкетуіне апарып соғатын. Ш епке
үздіксіз жорыктар нәтижесінде казактардың колында көптеген ресейлік түткындар
шоғырланды,
олардың
басым
бөлігі
Хиуа
хандығына
сатылып
отырды.
Ш абуылдардың басым бөлігі Нүралы ханның келісімінсіз, оның билігінен тыс
жасалды. Х ан көп жағдайда түткындарды кайтаруды, жорык жасауш ыларды үстауды
талап еткен Орынбор әкімш ілігі мен өзіне бағынбаған халык арасында күрделі
жағдайда калып отырды. 1750 ж. 18 каңтарда Нүралы хан губернатор Неплюевке
казактар колындагы орыс және калмак туткындарды кайтару үшш жаз айларында Орынборға
айырбас саудаға келетін белгілі деген баскарушы билердің караматындагы адамдарды, жакын
туыстарын аманат ретшде үстап калуды үс^інд^і. Ол өз хатында Кіші және Орта жүздің
белгілі деген біраз адамдарын келтіріп, олардың ішщде Қабанбай батыр, Қаратокай, Қүдаш,
Кад^іркүл т.б. билерді атаған [1, 498 б.].
Нүралы өз баскаруының алғаш кы жылдарынан бастап халык тарапынан
Ресейдің
казак
жеріне
ішкері
еніп,
бекініс-камалдар
түрғызуына
карсы
наразылыктарына да душар болды. 1750 ж. жергілікті казактар Каспий теңізінің
Ж айык сағасынан бастап Ж ем өзеніне дейінгі балык аулау орындары орыс көпесі
Курочкинге оброк ретінде берілетініне наразылык танытып, балыкшылар мекені мен
жүмысш ыларды коршап, жүмыс істеуге жібермейді. Қазактар арасында балыкшылар
мекенінің орнында өздеріне зиян келтіретін орыс бекінісінің салынатыны туралы
әңгіме тараған. Ресей Сырткы Істер коллегиясы губернатор Неплюевтің үс^іну^імен, балык
аулаудан түскен пайда казактар мен туркмендердщ шабуылына үшырап, колға түсетін
тұткьщдарға түрмайд^і деген түж^ір^іммен аталған жерлерді орыс көпесіне беру туралы
шешімнен бас тартады.
1754
ж. Елек өзенінің бойында казактар Түзтөбе деп атап, бүрыннан емін-еркін
түз алып келген жерден Илецкая Защ ита бекінісінің салынуына байланысты
жергілікті халык катты наразылык білдіріп Нүралыға шағымданған. Олар ханға тек
Ж айык бойы ғана емес, енді Елек бойында да еркін көшіп-конуға мүмкіндік
болмайтынын, өзеннің бойы басынан бастап сағасына дейін бекіністерге толатыны
289
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
туралы кауіп білдіріп, 1754 ж. күзіне карай кашык жерлерге коныс аударған. Нұралы
сол жылғы кыркүйек айында губернатор Неплюевке жолдаған хатында бекіністің
салынуына өзінің карсылығы туралы, бірак бүкіл халкы көшіп кетсе де өз әулетімен
ешкайда кетпейтінін, алайда хандык кыларлык кол астында адам калмайтынын,
патша ағзам тарапына кызмет кылып канша ж аксы атты болуға тырысса да,
керісінше жыл сайын абыройының төмендеп бара жатканын жеткізген. Бұл тұста
Нұралының Неплюевпен арадағы карым-катынасы да шиеленіске толы болған.
Губернатор хан інісі Айшуак аркылы оған біршама дөрекілеу түрде сәлемдеме
жолдап, Ж айыктың арғы жағынан казактарға жерді кім бергенін ескерткен [1, 534 б.].
Нұралы хан баскарған тұста біршама ірі әлеуметтік-саяси окиғалардың орын
алғаны айтылды, солардың арасында Ресей билігіне карсы ұлт-азаттык көтерілістер
легі айрыкша орын алды және бұл тек казактарға ғана катысты емес еді. Батыс
Қазакстанға шектес өңірлерде болған және казактар да араласкан кез келген кейінгі
көтерілістерде Нұралы хан Ресей империясының өзіне сеніп тапсырылған
міндеттерін адал аткарды, оларды басуға, үкімет талап еткен кез келген бұйрыктарды
орындауға даяр болды. Әкімш ілік шараларын бұлжытпай орындау аркылы ол үкімет
тарапына адал кызметімен көзге түсуге ұмтылатын. Нұралы ханның отарлаушы
үкімет ш араларын орындаушы ретіндегі кызметтері әсіресе 1755 ж. кезекті башкұрт
көтерілісі тұсында айкын көрінген еді. Арада барымталар орын алып тұрса да
отаршылыкка карсы күресте екі халыктың да мүдделері бір болатын, кез келген бас
көтерулерде башкұрттар казак даласын паналаса, соңғылары оларды өз ауылдарына
жасырып, жазалауш ылардан корғап отыратын. Аталған жылы да жазалаудан кашып өз
отбасыларымен казак жеріне мыңдап өткен башкұрттарды өлке басшысы Неплюевтің екі
халыкты бір-біріне айдап салып арандатуына ерген Нұралы хан өздерін келіп паналаган
башкұрттарды жазалауға, колға түсіріп, өлке басшылығына тапсыруға жанын сала кіріседі.
1755 ж. башкұрт көтерілісі казактың батыс далаларында да үлкен із калдырды,
казак ауылдарына еніп кеткен 50 мыңдай адамды (бір деректерде 10 мың) кайтару ісі
жылдарға созылды. Патша үкіметі екі халыктың Ресейге карсы бірігіп кетуінен
кауіптенген еді, сол себепті жергілікті өлке басшысы Неплюев ш ұғыл әрекеттер
жасап, башкұрттарды ш ептен казак жеріне өткізбеуге және жазалауға жергілікті
әскерден бөлек дон казактарын, калмактарды, мещерліктер мен тептярларды да
тартады. Қалмактар башкұрт бүлігін басуға деп емес, өздерінің негізгі жаулары
казактарға жорык үш ін деп шакырылады. Қыркүйек айында өз еріктерімен үкіметке
берілген баш кұрттарға кешірім жасалатыны туралы манифестке байланысты
олардың көпшілігі кері кайта бастағанда Неплюев казактар мен баш кұрттарды енді
Ресейге карсы бірікпейтіндей етіп арандату әдісін колданады. Ол арнайы грамота
аркылы патшайымның «казак халкын башкұрттардың әйелдерімен, кыздарымен және
дүние-мүліктерімен марапаттайтындығын» ал еркектерін Ресей ж ағына кайтарған
жағдайда арнайы сый белгіленетінін жариялайды. Нұралы хан осы тұста өз
адамдар^імен баш кұрттарды жаппай ұстауға кіріседі. Арандатуға казактардың
барлығы бірдей ермеген еді, Жетіру ауылдары өздерін паналап келген башкұрттарды
жан аямай корғайды. 1755 ж. күзіне карай Нұралы ханның өзі, Ералы, Айшуак,
Ш ыңғыс сұлтандар баскарған 1 мың адам башкұрттарды корғаған Алданазар би,
Байдәулет, Есекатар және баска батырлар бастаған Табын және Серке батыр бастаған
Ж ағалбайлы ауылдарымен төрт күн соғысып, арада біраз адам каза табады. Нұралы
губернатор Неплюевке 3 кыркүйекте және 5 караш ада жолдаған хаттарында «өз
казактарымен төрт күн соғысканын» жазған [4, 240 б.].
1755
ж. окиға Ресей империясының дала халыктарының өздеріне карсы
күрестеріне ж асаған шешуші кадамдарының бірі болып табылды. Ашык арандатуға
ерген казактар баш кұрттарды карсыласкандарын аямай кырып, отбасыларын олжаға
ала бастаған еді. Аман кашып кұтылған башкұрттар өз елдеріне оралып болған
окиғаларды ашына жеткізген болатын. Нәтижесінде бүкіл башкұрт жерінде
казактарға деген өшпес кек тұтанып, енді олар орыстарға карсылыктарын койып,
290
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
кайтсе де казактардан кек алу үш ін карулы жасактарға біріге бастаған. Бұл жолы
Неплюевтің жасырын бұйрығымен шеп бойындағы бекеттер мен форпосттар оларды
еш карсылыксыз казак жеріне өткізеді. Үлкен карулы топтар казак жеріне жасырын
өтіп ауылдарға кырғын салады. Нұралы губернатордан баш кұрттарды жазалау
туралы өтініш жасағанда өлке басшысы, егер казактар кезінде оларды кабылдамаған
болса мұндай окиға болмас еді деген жауаппен бас тартады. Негізін өздері калаған
туыскан екі халыктың арасындағы кырғынды токтату және тұткын башкұрттарды
кайтару үш ін казак даласына Тевкелев жіберіледі. Оған тапсырылған инструкция
бойынша ол казактарды уәдемен, ж ылы сөздермен, сыйлыктармен және арак-
шараптармен де алдаркатуы тиіс болған. М ұндай шаралар көмектеспеген жағдайда
оларды казак және калмак әскерімен жазалауға рұксат етілген. Бұдан бөлек
Тевкелевке геодезист аркылы ж асырын түрде казак жеріндегі өзендер мен көлдердің,
ормандар мен камыстардың, сай-салалардың сызбасын түсіру жүктеледі. Отарлаушы
үкіметтің халыктарды бір-біріне айдап салу саясаты салдарынан көрші екі халыктың
арасында ұзак кезеңге созылған жауластык пайда болған еді. Орынбор басшысының
аталған шарасы ХІХ ғ. орыс тарихшыларының да талдау так^ір^іб^іна айналды. Левшин
бұл туралы: «әділін айтканда, Ресей башкұрттардың немесе жергілікті орыстардың екеуінің
бірін кұрбандыкка ш ал у а тиіс болды, егер соңғыларын кұткару үшін алдыщыларын кұрбан
етсе, мұны әрине кінәлауга болмайды»,-деп жазды [5, 233 б.]. Отарлау саясатын әсіре
колдаған зерттеуші Витевскийдің талдауын толык келтіру кажет емес, ол казактар мен
башкұрттар арасына Неплюев сепкен дұшпандык Орта Азияға еніп бара жаткан орыс
отарлауына жол аш а түскенін, башкұрттардың бұдан былай көтеріліс жасауға
өздерінің батылы бармаса, казактардың олардың дұшпандығына байланысты орыстарға
кауіпсіз бола түскенін айта келіп Неплюевтің «орыс каны мен орыс акшасын сактағанын»
жазған болатын [3, 875 б.].
1755-1756 жж. казактардың ш екараға дүркін-дүркін шабуыл жасауына
байланысты Ресей үкіметі оларды жазалау үш ін үлкен соғыска дайындалған.
Левш иннің жазуына карағанда, казактың батыс даласының толык картасын жасау
туралы бұйрык шығарылып, жорыкка каржы ізделген. Кіші жүз кауымдарына үлкен кауіп
төнеді. Атап өтерлігі, шабуыл жоспарланғанымен осы аркылы Нұрал^ін^ің билігін нығайту
көзделген. Бірак сол тұста Ресей мен Пруссия арасында жеті жылдык соғыс бастал^іп кетіп,
бұл жоспар аяксыз калған [5, 234 б.]. Жайылым жерлерден таршылык көрген казактар
шепке шабуылдарын токтатпайды.
Қазак жеріне шектес орнатылған әскери бекіністер жергілікті халыкты үлкен
киындыктарға душар етті. Ауыл-аймактардың өз малдарымен бірге Ж айыктың оң
ж ағына өтуі адам төзгісіз зорлык-зомбылыктарға ұласып отыратын-жайык казактары
оларға үнемі кокан-локы жасап, ауыр салыктар салып, әрдайым күш көрсетіп
отырды. Ө зінің екпінді асау мінезімен олардың әртүрлі кимылдарына төтеп беріп
келген Әбілкайыр ш екара басш ылығының астыртын әрекеттері нәтижесінде каза
болғаннан кейін орыс әкімш ілігі тарапынан кысымдар одан әрі күшейе түсті. Ш екара
басш ылығының калыптаскан жағдайды реттеуінен күдер үзген және емін-еркін
көшіп-конудан шектелген Кіші жүз кауымдары Ресеймен арадағы бүкіл карым-
катынасты толык үзу үш ін 1750-1760 жж. аралығында бірнеше рет өз мекендерін
тастап даланың алыс түкпірлеріне біржолата көшіп кетуді де ойластырды. Аталған
өңірдегі казак кауымдарының Кубань жеріне, сол ж актағы туыстас ноғайларға
немесе ж оңғарлардан босаған шығыс өңірлерге, сонымен катар Сырдария бойына
карай коныс аударуды ойлағандары жөнінде ш ынайы деректер бар. Өлке
әкімш ілігінің саясатына ыза болған Нұралы хан да бір кезеңдерде, әсіресе өлкені
губернатор Давыдов баскарған жылдары халыкты орыс шекарасынан алыс көшіп-
конуға шакырды, тіпті орыс шептеріне шабуыл жасауға да меңзеді. Кубань өңіріне кету
туралы алғашкы ойлар 1742 ж. пайда болған болатын, 1757 ж. Кіші жүз казактары аталған
өлкеге тағы да адамдар жіберіп өздеріне коныстанатын ыңғайлы жерлер карастырғаны
291
БҚМУ Ноборшы № 4 - 2 0 1 6ж.
туралы деректер бар [6, 52-53 бб.]. 1759 ж. батыс өңір ауыл-аймактары шығыстағы
Жоңғария жеріне көшу мәселесін ш ыщ йы талкылады.
1742
және 1749 жж. Неплюев баскарған Орынбор әкімшілігі тарапынан
казактарға Ж айык өзенінің оң ж ағына өтуге тиым салынғаны белгілі. 1756 ж. 2
кыркүйекте Елизавета патшайым казактарға Ж айыктың арғы оң ж ағына өтуге тиым
салған ресми рескрипт шығарады. Онда алдағы жылдардағы окиғалар, соның ішінде
өзеннің ішкі жағына малдарымен өткен казактар мен калмактардың, орыс-
казактардың арасында жанжалдардың жиі орын алатындығы айтылады. Бүл
казактардың шаруаш ылығына үлкен соккы болып тиді. Нүралы хан генерал-майор
Тевкелевке осы тиымға байланысты өз наразылығын білдірген хат жолдайды. Ол осы
туралы
өтінішпен патшайым
сарайына да
өзінің танымал деген билерін
аттандыратынын жеткізеді. 1757 ж. 24 желтоксанда Елизавета патшайым Нүралы
ханға казактарға Ж айыктың оң ж ағына малдарын өткізуге тиым салынғаны жөнінде
грамота шығарады. Онда ханға да, сүлтандарға, билерге және бүкіл «кырғыз-кайсак»
халкына осы бүйрыкты орындауды міндеттеген болатын.
Қазактардың шаруашылығын күйзеліске үш ыраткан бүл тиым 1759 ж. өлке
басш ылығына келген Давыдов түсында іске асырылады. Нүралы хан жаңа
губернаторға да аталған ж ылы бірнеше хат жолдап, оларда біріншіден, казактарға
кыс кезінде Ж айыктың арғы бетіне өтуге рүксат етуді, екіншіден, казактар колынан
кашып ш ыккан түткындарды кайтаруды сүрайды. Х ан мен губернатор арасында
үзакка созылған хат алмасулар ешкандай нәтиже әкелмей,
Сырткы Істер
коллегиясына жолданған өтініштер де аяксыз калады. Нүралы өтінішінен хабардар
болған Екатерина ІІ патшайымның өзі, егер ол Ресейге бағынышты болса рүксат
етілмеген жерге баруға күкы жок, егер мал азыктары жеткіліксіз болса сатып алсын
не тауарға айырбастасын, - деген мағынада жауап береді. Қазактардың өз беттерімен
арғы бетке өтулері сәтсіздікке үшырайды, жайык казактары оларды кері кайтарып
отырса, калмактар да шабуыл жасап, малдарын әкетіп отырады. 1759 ж. өзінде ғана
калмактар казактардан 40 000 жылкы әкетеді [7, 176 б.]. М үндай жағдайлар ашынған
казактардың Ресей ыкпалынан алыс жерлерге кету туралы ойларға жетелейді. Хан
ордасынан оралған аудармаш ы Я. Гуляев казактардың орыстарға өте наразы екенін,
жоғарыдағы талаптар орындалмаған жағдайда Нұралының өзінің көпш ілік алдында
орыс ш ебінен алыс жоңғарлардан босаған жерлерге, Бүкара, Ташкент және баска
өңірлерге коныс аудару туралы айтканын жеткізген. Аталған алыс өңірлерге көшуге
әсіресе ханның інісі Ералы сүлтан үндеген [6, 70 б.].
XVIII ғ. ортасында Кіші жүз казактары Ресей ш екарасынан алыс жерлерге
біржолата кету туралы бірнеше рет окталған еді. М үндай әсіре шаралар казактар мен
өлке әкімшілігі арасындағы күрделі карым-катынастар салдарынан, әкімшіліктің
казактардың ішкі-сырткы істеріне, әсіресе калмактармен арадағы катынастарға
араласуынан, өз ^кы ктары ны щ шектелуінен туындады. Халыктың Нүралыға сенімі
де күрт төмендеген болатын, ханның өзі хаттарында халыктың оны тыңдаудан калып
бара жатканын, баска кашык өңірлерге коныс аударуды ойлап, өзін де соған
мәжбүрлеп отырғанын мойындаған. Сонымен бірге ол казактардың шепке шабуыл
жасаулары мүмкш екенш айтып, Жайык бойында сактык шараларын кабылдауды ескерткен.
Ресей Сырткы Істер коллегиясы 1759 ж. 5 к^іркүйектегі № 708 жартысында Нүралы
хаттарындагы мәселелерді карастыра келе, шекаралык бекіністер мен форпосттарды әскери
жағдайіа келтіру, калмактардан да әскер талап ету, кажет болған жағдайда б аш к р тар д ы да
казактарға айдап салу туралы шешімге келген [6, 71 б.].
Қазак кауымдарының орыс шебіне кауіпті көрші болғаны белгілі. Көшпелілер
шеп түрғындарына көптеген шабуылдар жасап отырды, адамдар түткындады. XVIII
ғ. жататын казак-орыс катынастарына катысты мүрағат деректерінің көпшілігі шепке
жасалған ш апкыншылыктар мен казак даласынан кашып ш ыккан түткындар туралы
болып келеді. Алайда бүл орыс-казактар тарапынан далалыктардың жазаларға
үш ырамағаны туралы ой туғызбауы тиіс. Ресми шаралар күпия үсталса, жергілікті
292
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
ш еп командирлері әртүрлі себептермен казак коныстарына басып кіре беретін. Іс
жүзінде казактар шабуылдары да орыс ш ебінің тұрғындарына үлкен касіреттер
әкелді, жүздеген адамдар Хиуа өңірінде ұзак жылдар еркінен тыс ұсталды. Ресей
билік орындары бұған назар аударғанымен, накты іс-шаралар колдануға асыккан
жок. Ұ зак мерзімге жоспарланған отарлау ісінің алғашкы кезеңдері ғана өтуде еді,
мұндай «ұлы істер» белгілі бір кұрбандыктарды кажет ететін. П атш а үкіметі казак
билеушілеріне сый-сияпаттар мен ш ен-шекпендер беру, өз бекініс-калалары мен
әскери күш-куатын, жетістіктерін көрсету аркылы мысын басуға тырысты. Жазалау
әскері ш ығарылғанымен казактарды мүлдем үркітіп алмауға, өздерінен алыстатпауға
үлкен мән берілді. Сонымен катар, олардың өз шептерінен алыс көш іп кетулерін
калаған жок. Қазактар оларға мыкты ш икізат базасы ретінде кажет еді. Сауда-саттык
та маңызды роль аткарды. Орынбор, Орск, Троицк бекіністеріндегі саудадан патша
үкіметі миллиондаған рубль пайда көретін. Сауда-саттык ісі казактарға да тиімді
болды. ХІХ ғ. аяғындағы орыс зерттеуш ілерінің бірі Добросмысловтың жазғанындай:
«казактарды жуасыту үш ін үлкен ж асак та ш ығаруға болар еді, бірак бұл онсыз да
орыс ш ептерінен кетуді армандап жүрген оларды мәңгілікке ж оғалтып алумен пара
пар болатын; онда біз әйтеуір алдағы болашакта болсын орыс халкына сіңіп косыла
алатын бірнеше ж үз мы ң кол астымыздағы халыктан айрылып кана коймай, біршама
сауда табыстарынан да айрылар едік» [6, 162 б.].
Орынбор әкімш ілігімен арадағы келіспеушіліктер, кол астындағы халкының
патша үкіметіне наразылыктарының күшеюі Нұралы ханға сырткы саясатта косымша
кадамдар карастыруға мәжбүр еткен тәрізді. XVIII ғ. 60-жж. басында ол өлке
басшылығынан жасырын Ресейдің негізгі бакталасы Цин империясымен карым-
катынастарға ш ыға бастайды. Бұл туралы деректер өте аз әрі мардымсыз болғанына
карамастан Нұралының 1762 ж. Цин империясына елш ілік жібергені туралы кытай
жылнамаларында сакталған. Цин патшалығына негізінен сәйгүлік жылкылардан
тұратын сый-сияпаттармен келген хан елшілерінің кандай саяси келіссөздер
жүргізгені белгісіз, дегенмен олардың Пекинге жіберіліп, осы калада 1763 ж. 23
акпанға дейін тұрғандары белгілі. Цин императоры Цяньлуннің елшілер аркылы
Нұралыға арналған хаты да сакталған, онда өзінің елшілерді жаксы карсы алып,
сыйлыктар тарту еткені айтылып: «...сен де патшалығымыздың сән-салтанатына
ынтызар болып, бізге бағыну ниетіңді білдіріп, маған арғымак сыйлап отырсың. Бұл
сенің ш ын пейілде екеніңді білдіреді. Көшіп-конып ж үрген ж ерлерің өте алыста
болғандыктан және сен тұңғыш рет елші жібергендіктен, мен саған ерекше сыйлык
сыйладым. Сен енді патшамыздың үлкен мархабатына бөленіп отырғандыктан, заң-
ережелерді ж аксы сактап, өз адамдарыңды тежеп, көршілермен тату-тәтті өмір сүруің
керек...»,-деп көрсетілген [8, 62 б.]. Бір атап өтерлігі, Нұралы елшілерімен бір
уакытта дерлік цин сарайына Батыр хан мен оның ұлы, бір кезеңде Х иуа ханы болған
Қайыптың елшілері де барған. Академик Вяткин өз монографиясында Нұралының
Қытаймен карым-катынастары 1764 ж. дейін жалғасып, іс жүзінде ешкандай нәтиже
бермегенін, бұл туралы білген орыс үкіметінің екі арадағы ондай байланыстарды
болдырмау үш ін сібір корпусының казактарына казактарды кытай ш екара
бекеттеріне шабуыл жасауға итермелеуді ұсынғанын келтірген [8, 177 б.]. Қытай
тарапы 1757 ж. аяғында шығыстағы калған жоңғар ұлыстарында жорыкта жүрген
Ералы сұлтан аркылы Нұралыдан цин патшасына елші жіберуді, арада карым-
катынас орнатуды сұраған болатын. Көрсетілген 1757 ж. Ресей мен Цин империясы
арасындағы жағдай шиеленіскен тұста Нұралының өз әскерімен кытайлыктармен
соғысуға уәде бергенін атап өту кажет [1, 555-569 бб.].
Осылайша, Нұралының шығыстағы империямен карым-катынас жасауға
ұмтылған әрекеті сәтсіз аякталса, оңтүстіктегі көрші халыктармен, Хиуамен
катынастары да тұракты болмағаны белгілі. Қаракалпактармен, аралдыктармен
байланыстар бірде калыпты болса, бірде кактығыстарға да ұласып отыратын. 1758 ж.
Кіші жүздегі келесі хан, Нұралының негізгі бакталасы Батырдың ұлы Қайып Хиуа
293
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
хандығынан куылғаннан кейін Нұралымен ж ылы карым-катынас орнатуға тырысып,
бұрын араз болған екі әулеттің арасы біршама жаксарған болатын. Әкесі
Әбілкайырдың кезінде аралдыктарға біршама уакыт хан болған Нұралы оңтүстік
өңірлердегі әлеуметтік-саяси ж ағдайларға ыкпал етуге тырысып отырды. Дегенмен,
әртүрлі саяси бағыттар іздеуге тырысканымен, Нұралы әкесі Әбілкайыр негізін калап
кеткен Ресей бағытынан ауытки алған жок, бұл аталған кезеңде мүмкін де емес
болатын. Жоғарыда аталғандай, ханның өз кол астындағы халкымен де карым-
катынасы біршама күрделі болды, шамамен XVIII ғ. 50-жж. соңынан бастап оның
жеке-дара билік орнатуға, ел баскаруда билердің ыкпалын төмендетуге тырысуы,
белгілі рубасылар тарапынан карсылыктар туғызды. Көрсетілген жы лдары басталған
осы карсылык ұзак жылдарға созылып оның билігіне карсы шыккан ірі рубасы
билердің күресіне ұласкан еді. Осындай хандык билігінің дағдарыстары тұсында
Нұралы тек патша үкіметіне ғана арка сүйеді.
1765-1766 жж. Кіші жүз казактары калмактар мен орыс форпосттарына
бірнеше рет ш абуыл жасайды. Ж орыкшылар әдетте өз ауылдарын даланың алыс
түкпірлеріне орналастыратын. М ұндай әрекеттерге Н ұралы хан да ешкандай шара
колдана алмайды. М әселені реттеуден күдер үзген өлке әкімшілігі 1765 ж. жазында
казактарды жазалауға ірі әскер шығарып, олар шепке жакын орналаскан жазыксыз
казак ауылдарына аяусыз кырғын салады. Осы кырғыннан соң Батыс Қазакстан ауыл-
аймактары орыс шекарасынан мәңгіге кетуді тағы да ойлайды.
XVIII ғ. 50-60 жж. Нұралы хан иелігіндегі казак кауымдары үш ін көрші
халыктармен күрделі катынастар орын алды. Солтүстіктегі баш кұрттармен карым-
катынастар
1755 ж. окиғалардан соң біржолата бұзылса, солтүстік-батыста
калмактармен ара-катынас көп жағдайда жауласу калпында сакталды. Қалмак
ұлыстары мен казактар арасында әдеттегідей теке-тірестер екі жактан да алма кезек
жорыктармен, шапкыншылыктармен жалғасып отыратын. Екі халык арасындағы
кактығыстар әсіресе Ж айыктың оң жағындағы жайылымдар үш ін өршіп отырды.
Ұ закка созылған калмактармен жауласу дәуірі олардың 1771 ж. шығыстағы жоңғар
жеріне коныс аударып кеткенге дейін жалғасты, дегенмен калмактар тарапынан ірі
барымталар XVIII ғ. 80-жж. да орын алып отырды. Қазактар үш ін оңтүстіктегі
түрікмендермен карым-катынастар да аса күрделі болды. Аталған ғасырдың 40-жж.
екі жактан да іпі ш апкыншылыктар орын алса, Нұралы кезінде, әсіресе сол ғасырдың
60-жж. екі арадағы катынастар уш ыға түскен еді. 1767-1768 жж. Хиуа хандығында
билік үш ін талас-тартыстар кезінде түрікмен-йомудтарға (жәуміт) карсы күрескен
өзбек тарапының тактан үміткері М ұхаммед Әмин өз жауларына карсы Нұралыны да
тартады. 1766 ж. каңтарында йомудтар казактарға орасан соккы жасап, 1000-ға жуык
адамды өлтіріп, 3000-нан астам адамды тұткындап әкетеді [8, 171 б.]. Нұралы
Хиуадағы окиғаларға араласады. 1768-1770 жж. хиуалык такта бірнеше хан ауысады.
Нұралының оңтүстік өңірлердегі кимылдары мен баска да окиғалар туралы накты
деректер аз, бірак олар табыссыз болмаған сиякты, ханның бір ұлы Пірәлі (Пірғали)
ш амамен 1770 ж. бастап маңкышлак түрікмендеріне хан болады.
Нұралы хан тұсында ең карама-кайшылыкка толы окиғалар солтүстікте және
солтүстік-батыста Ж айык шебі бойындағы казактармен арада орын алды. Орынбор
әкімшілігі тікелей араласкан бұл карым-катынастар казактар үш ін үлкен күйзелістер
де әкеліп отырды. Ресми түрде казактар өз боданы саналғанымен орыс билігі
олардың ішкі-сырткы істерін, әсіресе көрші халыктармен ара байланысын жіті
кадағалап, көп жағдайда оларға астыртын араласып отыратын. Қазак даласына, кез
келген билеуш інің ордасына әртүрлі санаттағы іс жүргізушілер, аудармашылар,
саудагерлер көптеп жіберілетін, олардың көпшілігі тікелей тыңш ылар болып
табылды. Орталык үкімет даладан түскен акпарлар аркылы казак сұлтандары мен
билерінің кез келген кадамдарынан хабардар болып отырды. Ж айык казак әскері де
карапайым казак кауымдарының ымырасыз жаулары болып табылды. Олар Орынбор
әкімш ілігінің колдауымен казак ауылдарына дүркін-дүркін ш апкыншылыктар жасап
294
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
отырды, кей жағдайда оларды казак сұлтандары да колдайтын. Қазактар мен жайык
әскері арасында ертеден күрделі байланыстар калыптаскан еді, бұл байланыстар ұзак
тарихи кезеңдерге созылды. Қазактар да орыс шептеріне ж иі шабуылдар ж асап
отырды, шептен адамдар тұткындап, мал-мүліктер әкететін. Олардың мұндай
әрекеттері жайык әскері тарапынан жазалауға ұш ырап отырды, әсіресе жекелеген
казак командирлері казак ауылдарын талкандаумен көзге түсті. Көп жағдайда карулы
казак жасактары дала өңіріне ешкандай себепсіз басып кіріп бейбіт ауылдардың мал-
мүліктерін тартып әкететін.
XVIII ғ. ортасында Кіші ж үз казактары солтүстікте Астрахань, Гурьев,
Орынбор, Ж айык калашығы баска да бекіністер маңында, оңтүстікте Хиуа
иеліктерінде сауда-саттыктар жүргізді. Орынбор губернаторы Неплюев алдыңғы
1743 ж. казактарды ресейлік калаларға жібермей, тек Орынбор және Ж айык бойында
шектеуді ұсынып, бұл кезінде Әбілкайыр ханның катты наразылығын туғызған еді.
Орынбор әкімшілігі Нұралы ханнан да сауда керуендерінің кауіпсіздігін камтамасыз етуді
талап етті. Орынборға және Троицк бекінісіне келетін және одан шығатын ресейлік,
хиуалык, бұкарлык, ташкенттік сауда керуендерінің барлығы дерлік Кіші жүз жері
аркылы өтетін. Қазак керуендері де кызу айырбас сауда істерін жүргізді, оларды көп
жағдайда белгілі рубасы билерінің өздері бастап отырды. Қазактар оңтүстіктегі Хиуа
өңіріне де сауда-саттык істерімен ж иі баратын. Арада әртүрлі жағдайлар да орын
алып жататын, кейде сауда керуендері казактар тарапынан шапкыншылыктарға
ұшыраса, керісінше жағдайлар да болып тұрған. Мысалы, 1750 ж. Нұралы Хиуаға өзі
елші ретінде жіберген нағашы ағасы Мырзатай батыр мен сауда-саттык жасау үшін оған
ерген 300 адам сол өңірлерде аралдыктардың шабуылына ұшырап, біркатар казактар каза
табады. Осыган карымта ретінде Ералы, Айшуак, Батыр сұлтандар, Жәнібек батыр және
баскалары бастаған казактар Хиуа маңында аралдыктар мен каракалпактарды талкандап,
көптеген адамдары мен мал-мүліктерін колға түсірген [1, 509 б.].
Нұралы хан баскарған кезеңде бүкіл далалык халыктар арасындағы маңызды
окиғалардың бірі болып өтті. 1771 ж. каңтар айында Еділ бойындағы калмактар
өздерінің бұрынғы мекендері Ж оңғария жеріне оралуды ш ешіп шығыска карай үдере
коныс аударады. Бұл көш Ұ лы Дала тарихындағы халыктардың ең соңғы коныс
аударуы болып табылды. Аталған окиға казактардың әлеуметтік-саяси өміріндегі ең
маңызды ж айттарды ң бірі болып табылатын. Патша үкіметі көшушілерді кайтаруға
ш ұғыл әрекеттер жасады, бұл ш араға казак билеушілері Нұралы, Абылай хандар,
Ералы, Айшуак сұлтандар, баска да көптеген билер мен батырлар белсене катысты.
Олар көшкен калмак ұлыстарын жол бойы шауып, адамдары мен мал-мүліктерін
алып калып отырды. Қалмактардан босаған жерлер казактардың шаруаш ылығы үшін
аса маңызды роль ойнайтын, алайда Ресей үкіметі бұл мәселені карастырғанымен,
бұрынғы тиымды сол күйінде калдырды. Ж айык пен Еділ арасындағы жерлер
казактарға тек 30 жылдан соң ғана 1801 ж. берілді.
Нұралы билеген кезеңде бүкіл Ресей империясының әлеуметтік-саяси өмірінде
үлкен із калдырған ірі окиға орын алды, оған ш еп бойындағы көптеген халыктардың,
соның ішінде казактардың да тікелей катысы болған еді. Ол 1773-1775 жж. Е.Пугачев
бастаған жайык казактарының көтерілісі болатын, оған Еділ, О ңтүстік Орал
өңіріндегі ж ергілікті халыктардың барлығы дерлік катысты. Көтеріліс басталмай
тұрып Пугачев Нұралы адамдарымен кездесіп, казактардың өз жағында соғысуын
сұрады, 1773 ж. кыркүйегінде казактарға арналған манифест жариялап, оларға жер-
су, көгалдар, азык-түлік т.б. беруге уәде етті. Нұралы бастапкыда өзін ІІІ Петр деп
жариялаған бүлікшіні мойындайтынын айтып хат ж азғанымен екі жакты саясат
ұстанғаны белгілі. Пугачевтің Орынборды коршауы кезінде казак жасактары шептен
ж аппай өтіп көптеген орыс елді-мекендерін шауып, Самара губерниясына дейін
жетеді, мыңдаған адамдарды тұткынға алады. Орыс билігіне ғана сүйенген Нұралы
хан әлбетте өз кауымдарын мұндай әрекеттерден тыя алмайды. Ол да өз
ауылдарымен калың дүрмектің кысымымен, ж ер тарлығына сай Ж айыктың оң
295
БҚМУ Ноборшы № 4 - 2 0 1 6ж.
ж ағына өтуге мәжбүр болады. Пугачев көтерілісінен соң іле-шала басталган «Көрінбес-
Көктемір» көтерілісі кезінде (1775-1776) Нүрал^і Орынбор әкім ш ш гітң міңдеттеуімен бүл
карсылыкты басуға әрекеттер жасайды. Аталған халык толкуларының нәтижесінде үзак
жылдар Жайыктың оң жағына өте алмаған казак кауымдары 1773 ж. бастап бірнеше жыл
катарынан аталған бетке өтуге мүмкіндік алады.
Қазактардың
XVIII
ғасырдағы
орыс
шебі
түрғындарымен
карым-
катынастарына байланысты бүкіл окиғалар тізбегін беру мүмкін емес. Арада карама-
кайшылыктар мен әділетсіздіктер көп орын алды, көпшілік зауалдардың себебі
казакдаласындағы
жаппай
анархияға
алып
келген
хандык
биліктің
әдейі
кшдыратылуы болып табылды. 1783-1797 ж ж жергілікті куыршак хан мен патша үкіметіне
карсы көтерілген казак жасактары үзак жылдар бойы орыс шебіне көптеген шабуылдар
үйымдастырды. 1785 ж. казак даласына тыгарылтан 2669 казак пен б аш к р тар д ан түрат^ін
генерал-майор Смирновтың әскери командасы көптеген ауылдарды талкандап, 66 адамды
колға түсірді, олардың 50-ден астамы әйелдер мен балалар болатын.
Қорыта келе Батыс Қазакстандағы Пугачев, Көктемір және Сырым Датүлы
бастаған көтерілістер орын алған - XVIII ғ. 70-90 жж. тарихи кезең казак
кауымдарының солтүстік көрш ілерімен карым-катынасында ең күрделі кезеңдердің
бірін
күрады.
Көрсетілген
жылдары
орыс
шебіне
сандаған
шабуылдар
үйымдастырылып, кез келген жорык адамдар мен мал-мүліктерді әкетумен үласып
отырды. Аталған кезеңде орыс адамдарын түткындау әрекеттері ш амадан тыс
көбейді, алайда мүның барлығының өз себептері бар еді, олардың ең бастысы Ж айык
бойындағы адам төзгісіз жәбір-kgжапалар мен киянаттар болып табылды.
Көрсетілген карсылыктардың барлығы бір тізбектің буындары болып табылды, олар
орыс үкіметінің өздерінің бүрынғы еркіндіктері мен күкыктарын шектеуіне, өз ішкі
істеріне араласуына, көрсеткен зорлык-зомбылыктарына байланысты наразылыктан
туындады. Бүл карсылыктар бүрын көрсетілгендей, шаруалар көтерілістері емес еді.
Оларды жоғары әлеуметтік орталардан шыккан белгілі билер мен батырлардың
үйымдастыруы, сонымен катар оған сүлтандардың да катысуы казак элитасы
арасында отарлауға карсы наразылыктардың күшті болғанын көрсетеді. Бірш ама
әдебиеттер мен деректердің болуына карамастан, аталған кезең, ж алпы XVIII ғ.
екінші жартысының әлеуметтік-саяси окиғалары біздің тарихымыздағы аз зерттелген
такырыптардың бірін күрайды.
Ә дебиеттер:
1. Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. - М.,1941. - 367 с.
2. Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751). Т. 2. - Алма-Ата: Изд.
А Н К аз ССР, 1948. - 457 с.
3. Витевский В.Н. Неплюев И.И. и Оренбургский край в прежнем его составе
до 1758 г. / Историческая монография. Том 1-3. - Казань: Типо-литография В.М.
Ключникова, 1897. - 974 с.
4. Добросмыслов А.И. Тургайская область / Исторический очерк. - Тверь:
Типо-литография Н.М. Родионова. - 1902. - 524 с.
5. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсачих орд и степей. -
Алматы:
Санат, 1996. - 655 с.
6. Сборник узаконений о киргизах степных областей / / Сост. И.И. Крафт. -
Оренбург: Типо-литография И.Н. Жаринова. - 1898. - 282 с.
7. Вяткин М.П. Батыр Срым. - М.-Л.: Издательство АН СССР. -1947. - 435 с.
8. Қазацстан тарихы туралы қытай деректемелері. ІІ-том Цин Гауцзун шилу.
- Алматы: Дайк-пресс, 2005. - 567 б.
296
БҚМУ Х абарш ы № 4 - 2 0 1 6 ж .
***
Р ы сб ек о в Т.З., Г р а и ф у л л и н а А.Б.
Социально-политическая ситуация в младшем жузе в период правление
Нуралы хана
В статье рассматриваетья социально-политические события происходивших
в Западном Казахстане в XVIII веке. Об официальном утверждение Нуралы ханом младшего
жузароссийским престолом. Описываются некоторые моменты взаимоотношений казахов
указанного региона с приграничным российским населением.
Ключевые слова: Западный Казахстан,
Нуралы хан, Младшы жуз,
Оренбургское начальство.
R ysbekov T .Z ., G a rifu llin a A.B.
Socio-political situation in the junior Zhuz during the reign o f Khan Nuraly
The article deals with the social and political events taking place in West Kazakhstan
in the XVIII century. Approval Nuraly Khan Junior Juz Russian throne. The describe some aspects
o f this relationship Kazakh border region with the Russian population.
Keywords: Western Kazakhstan, Nuraly Khan Juz Younger, Orenburg authorities,
the liberation movement.
***
ӘОЖ 37.035.6:512.1
Д үйсенбаев А.Қ. - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,
Қазак-Орыс халыкаралык университеті
E-mail:
Достарыңызбен бөлісу: |