Этиологиялык фактор бойынша перитонит – ас қорыту жолының микрофлорасынан пайда болған (ішек таяқшалары, стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар, протей, клостридиялы емес анаэробтар) және ас қорыту жолына қатысы жоқ микрофлорадан пайда болган (гонококтар, туберкулез микобактериялары, пневмококтар және т.б.) деп бөлінеді.
Перитониттің пайда болу себебіне қарай
Біріншілік перитонит Екіншілік перитонит Үшіншілік перитонит Біріншілік перитонит – (сирек 1%) микрофлора құрсақ қуысына гемотогенді , лимфогенді жолмен немесе жатыр түтікшелері арқылы түседі.
Екіншілік перитонит – іш қуысы жедел хирургиялық ауруларының асқынуы: қуысты ағзалардың перфорациясы кезінде, іште өтпелі жарқаттарында , анастомоздардың тұрақсыз тігістері кезінде, құрсақ қуысы ағзаларына жасалған операция және т.б.
Үшіншілік перитонит – иммунгенез бұзылуымен және екіншілік перитонитпен ауыратын науқастарды емдеудің әлсіреуі кезіндегі клиникалық көрінісі айтарлықтай байқалмай дамитын іріңді перитонит формаларын біріктіреді.
Классификациясы:
Аурудың барысына қарай:
Созылмалы Жедел -
Жергілікті перитонит – 2 анатомиялық аймаққа дейін (шектелген, шектелмеген)
-
Жайылған перитонит- 2 анатомиялық аймақтан жоғары (жайылған)
Перитониттің потогенезінің негізгі себебі кәдімгі бактериальді қабыну. Ішек таяқшалары(65%) және патогенді коктар (30%) іріңді перитониттің ең жиі кездесетін қоздырғышы болып саналады. Іш пердесіне сіңген бактериялар қан тамырларына өтіп интоксикация тудырады.Микробтар ішке түскенде қабыну процесі басталады. Осы мезгілде іштің микроб енген тұсы қызарып,кейбір жеріне қан құйылып қабыну сұйыұтығы арқылы ісініп кетеді. Пайда болған сұйық зат іш қуыстарына жиналады. Сол сұйықтықты зерттейтін болсақ,оның құрамында лейкоциттер мен фибрин,белок,эритроциттер араласып ішек ішіндегі сұйық заттың түсін өзгертеді. Фибрин(қанның белокты талшығы) көп болған жағдайда қарынның ішкі көк еті мен ішектердің сыртындағы перде өзара жабысып қалады да, сұйықтың жан жаққа жайылуына кедергі жасайды.