Жайылган ірінді перитонит сөзсіз шұғыл операциялық араласуға көрсеткіш болады. Перитонитті уақытында диагностикалау әдістері мен адекватты операция жасау емдік шаралардың нәтижелігін арттырады.
Жайылган ірінді перитонит сөзсіз шұғыл операциялық араласуға көрсеткіш болады. Перитонитті уақытында диагностикалау әдістері мен адекватты операция жасау емдік шаралардың нәтижелігін арттырады.
Перитонитті емдеудің негізгі қағидалары.
Операция алдынданы организмдегі өмірлік маңызы бар ағзалар мен жүйелердің қызметтік бұзылысын жою.
Науқастарды операция алдындағы дайындау перитониттің жайылу дәрежесіне, сатыларына, интоксикациялық синдром дәрежесіне байланысты болып келеді. Бұл кезең интоксикалық синдроммен, шокпен күресу ретінде науқасты ауыр жағдайдан шығарумен сипатталады.
Операцияға дайындау үдерісінде міндетті түрде гиповолемияны, қанның қоюлануы мен ағзалардағы микроциркуляциялық бұзьлыстарды қысқа уақыт ішінде (2-3 сағ) төмендету қажет. Ірінді перитонитпен ауыратын науқастарда операция алдында: АҚ100 мм сын. баг. тқмен, пульс минутына 120 реттен төмен және диурез - 30мл/саг төмен болмауы керек.

Операциялық араласу перитониттің көзін жою, құрсақ қуысын мұқият санациялау және дренаждаумен ұштасады.. Жалпы және жергілікті антибактериялық терапия. Салданған (параличті) түйнекті жою (асқазан және ішек ішіндегісін аспирациялау, ішек қызметін ынталандыру). Организмдегі өмірлік маңызы бар ағзалар мен жүйелердің (жүрек-қантамыр, өкпе, бауыр, бүйрек жуйелері) қызметтік жағдайын қалыпқа келтіру. Гомеостаз бұзылысын болдырмау және қалыпқа келтіру мақсатында операциядан кейінгі қарқынды ем.