Мезоішперделік түрде бауыр, өт қабы, соқыр ішек, өрлемелі және төмендемелі тоқ ішек орналасқан; олар ішпердемен толық жабылмаған.
Экстраішперделік түрде бүйрек, бүйрек үсті бездері, несепағар, ұйқы безі, ұлтабардың үлкен бөлігі орналасқан; олар висцералдық ішпердемен жабылмаған. Құрсақ қуысын артқы жағынан шектеп жатқан париеталдық ішперде кей жерлерде олардың беткейіне жақын орналасқан.
Ішастарының жалпы ауданы 17000-20400 см 2. құрайды және тәулігіне 70 л сұйықтықты сіңіре алады. Оның негізгі қызметі- қорғаныштық функциясы. Ішастар бір-бірімен тығыз жанасқан полигональды формалы жалпақ клеткалар қабаты мезотелий деп аталады. Одан кейін базальды мембрана орналасады, беткей талшықты коллагенді қабат, келесі эластикалық тор және терең торлы коллагенді қабатпен бітеді. Ішастар терең торлы қабатта орналасқан лимфалық және қан тамырлық торлармен өте жақсы қамтамасыз етілген. Қан тамырлары нервті ганглилері бар көп мөлшерде нервті бағаналармен бірге жүреді.Ішастар жабынды, қорғаныштық, бөлініс ,пластикалық, резорбциялық функцияларды атқарады.Ауыр іріңді перитониттерде егер қабыну ошағы жойылғаннан кейінде іш қуысындағы көп мөлшердегі ірің тарқатылып кетеді.

Перитонит - ішперденің қабынуы. Ол ағзаның барлық жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратын күрделі патофизиологиялық реакциялар жиынтығынан тұрады. Клиникалық медицинаның заманауи жетістіктеріне, жәна алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға, қарқынды емнің дамуына, парентералдық препараттардың, иммунмодуляторлардың және антибиотиктердің жаңа әрі әсерлі түрлерінің шығуына қарамастан перитониттің өліммен аяқталуының орташа көрсеткіші 20-30%-ды, ал операциядан кейінгі перитонитте 40-50%-ға жетіп отыр.