Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың
«Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Бөлім:
11.3C Азот және күкірт
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы:
Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері (44-сабақ)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.2.1.12 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау; 11.2.1.13 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаты:
-азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ пен су қорларына тигізетін экологиялық әсерлерін зерттейді және талдау жасай алады;
-азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселесін шешу жолдарын ұсынады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин.
Оқушылармен амандасу, сабаққа әзірлігін тексеру
Азот айналымы туралы бейнетаспа көрсетіледі
Сабақ мақсаттары айқындалады
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
https://youtu.be/MPu3ZJ-DuUA
Жаңа сабаққа кіріспе
Азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін сипаттау үшін азоттың айналымын арқылы түсіндірме жасайды