5.2.6.1.тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау
5.4.3.1.жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу
Сабақ мақсаты:
тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттайды;
жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазады;
Уақыты Кезеңдері
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру Жаңа сабақ
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Жұлдызды аспанның құпиясы туралы.
Сенің меңгеретінің:
тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттайсың;
жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазасың;
1. Бұл не? 2. Саған түнгі аспан ұнай ма? 3. Суреттерде не бейнеленген? 4. Сені аспан қызықтыра ма? 5. Аспанда қандай фигураларды көрдің? 6. Қалай ойлайсың,ғалымдар жұлдыздарды толық зерттеді ме ? Айтылым Жаңа сөздерді қайтала:
Шашып тастаған
Жағып қойған
Біресе - кейде
Таңғалу
Күту
Жетіқарақшы
Ожау
Айтылым. Оқылым. 1-тапсырма. Берілген сөздерді сәйкестендіріп,сөз тіркестерін құра. Түн шашып тастаған
Жұлдыздарды қараңғы
Аспанға ожау тұр
Аспанда қара
Дүрбімен жап-жарық
Жұлдыздар Жағып қойған
Дескриптор:Сөз тіркестерін дұрыс құрайды.
Айтылым. 2-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, суретті сипаттап айт.
Қажетті сөздер: қараңғы, шашып, тастаған, жағып, қойған, ожау, Жетіқарақшы.
Дескриптор: Берілген сөздерді пайдаланып, суретті сипаттап айтады.
Тыңдалым.Оқылым. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықта.
- Ой, далада қараңғы түсіп кетіпті.Қонақта көп отырдық- деп,анасы әжесімен қоштасты.
-Келіп тұрыңдар. Мен сендерді күтемін, – деді де әжесі немересінің бетінен сүйді.
Жұлдыздар жап-жарық. Аспанға жұлдыздарды шашып тастаған секілді. Аспанға кішкентай шамдарды жағып қойғандай.
Алисаның қолында сүйікті ойыншығы - Антошка клоуны.Алиса қараңғы аспаннан түрлі фигураларды көрді.Фигуралар біресе жапыраққа ұқсайды, біресе ақ нүктеге ұқсайды. Ал мынау не?
- Мама, қарашы, аспанда үлкен ожау тұр, -деп Алиса қолымен аспанды көрсетіп.
- Бұл – Жетіқарақшы шоқжұлдызы! Ол түнде адамдарға өз үйін табуға көмектеседі.Ғалымдар жұлдыздарды зерттейді. Бұл кішкентай нүктелердің құпиясы көп.
- Бірақ олар кішкентай ғой. Оларды қалай көреді?
- Әкеңе айт, сені расытханаға апарсын. Расытханада үлкен дүрбі бар. Ол «телескоп» деп аталады.Телескоппен жұлдызды көруге болады.Ол жұлдызды үлкен етіп көрсетеді. Жұлдыздар бізден алыста.Сондықтан олар кішкентай болып көрінеді.
Алиса таңғалады. Қолыңды бер,тез жүр. Әкең күтіп қалды.Аяғыңа қара, құлап қалма.Айнала қап қараңғы.Ештеңе көрінбейді.
Алиса жан – жағына қарады. Анасы қолын беріп, тез жүрді. Жолда анасы жұлдыздар туралы айтты.