Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра


Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы



бет10/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста берілген ғылыми-теориялық материалдарды келесіде жоғары оқу орындарының студенттері бітіру біліктілік жұмысы, курс жұмысы және реферат, мақала жазуда, «Әлем әдебиеті» пәнінен лекция және семинар сабақтарында дайындық жүргізуде пайдалануы мүмкін.
Магистрлік диссертацияның жариялануы. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша жалпы 3 мақала, 2 халықара және 1 республикалық конференцияларда жарияланған.
Магистрлік диссертациясының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1-§. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың бүгінгі жағдайы
Қазіргі таңда мектеп оқушысының алдында ғылым-пән, мәдениет және әлеуметтік қарым-қатынастағы ақпараттың мол көлемін меңгеру мәселесі тұрғаны жалпы орта білім беретін мектептерде әдеби білім беруді жетілдірудің жаңа тәсілдерін қалыптастыруды көздейді. Бұл өз кезегінде әлем әдебиеті үлгілерін сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультативтік сабақтарда, оның ішінде арнайы курстарда терең де мазмұнды оқыту, белгілі бір кезеңдегі әдеби процестің негізгі тенденциялары мен мәселелерін тереңдетіп оқытуға және соның негізінде оқушылардың бойында ұлттық болмыстық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған тақырыптардың немесе сабақтардың нақты шектеулі циклін талап етеді.
Әлем әдебиеті үлгілерін оқытуда адамгершілікке бағытталған оқушы тұлғасын тәрбиелеу принциптері әдебиеттану, тарихи-әдеби және мәдени сипаттағы ақпараттардың мазмұнын интеграциялауды назарда тұтады. Сонымен бірге оқушыларда әлемдік әдеби үдеріс идеясының тұтастығын, әлем халықтарының тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік-мәдени қатынасын, белгілі бір дәуірді қалам тербеткен қаламгерге сай шығармашылық психологиясын, оның адамның рухани әлемін ашып беру шеберлігі, Шығыс пен Батыс әдеби дәстүрінің үндестігін белгілі бір жазушы шығармалары мысалында зерттеп, қоршаған орта туралы ой-пікірдің қалыптастыру мүмкіндігі арта түседі.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жыл 13 сентябрдегі “Кітап өнімдерін бастыру және тарату жүйесін дамыту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар бағдарламасы туралы” ПҚ-3271-санды және Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 2018 жыл 18 майдағы “Әлем әдебиетінің озық үлгілерін өзбек тіліне аудару және өзбек әдебиетінің інжу-маржандарын шет тілдеріне аударма жасау және бастыру жүйесін тереңдету іс-шаралары туралы” 376-санды Қаулылары ұлттық және әлем әдебиеті үлгілерін оқып-үйрену, оқушыларды бала кезінен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға қатысты маңызды мәселелердің айқындалуы бекер емес.
Әдебиетті оқытудан көзделген негізгі мақсат – ұлттық және әлем әдебиетінің озық үлгілерін оқу, талдау негізінде оқушылардың бойында жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, сұлулық пен ұсқынсыздық, отаншылдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және дамытудан тұрады. Тәуелсіздік жылдарында үлкен белестерді бағындырған ұлттық әдеби білім тұтастай емес, дүниежүзілік әдебиеттану ғылымында оқушылардың ұлтаралық және ұлттық толеранттылық сезімін қалыптастыру мақсатын көздеп жұмыс істей бастады. Соңғы жылдары отандық және әлемдік әдебиеттану ғылымын өзара байланыстыру мәселесі теориялық және практикалық зерттеулердің нысанасына айналмаса да, бұл мәселе газет-журнал беттерінде көптен бері айтылып келеді. Бұл зерттеудің өзектілігі зерттелетін мәселенің практикалық аспектісінің жеткілікті түрде зерттелмегендігімен анықталды.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың бүгінгі жайы және бұл үдерісте қандай әдістемелік әдебиеттер бар екені маңызды. Өкінішке орай, әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар жоқтың-қасы. Кейбір ғылыми-әдістемелік журналдарда баспа бетін көрген мақалалар мен әдістемелік нұсқаулықтар айтпағанда, бұл мәселе назардан тыс қалуда. Бұл – тұлғаға бағытталған оқытуда кешіктіруге болмайтын маңызды міндеттердің бірі.
Түркі халықтары әдебиеті үлгілерін оқытуда олардың ұлттық ерекшеліктері туралы түсінікке ие болу, оқыту жүйесіндегі озық үлгілерді ұлттық оқыту әдістемесімен салыстырмалы оқыту сияқты мәселелерге назар аудару әдебиет оқытушысының білім деңгейі, кітап оқу мәдениеті мен кәсіби құзыреттілігімен тікелей байланысты. Сондықтанда бұл жағдайға тиісті іс-шараларды белгілеу және жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.
Әлем әдебиеті үлгілерін оқытуда «Білім туралы Заң», «Әдеби білім беру концепциясы», әдебиет пәнінен мемелкеттік білім стандарты және оқу бағдарламасында көзде тұтылған мақсат пен міндеттер негізінде Қ.Йўлдошев, Қ.Ҳусанбоева8, Н.Каримовлар9 әдіскер-ғалымдар тарапынан істеп шығылған «Әдістемелік нұсқау» кітабында белгілі дәрежеде көрініс тапқан, бұл саладағы реформалар мұндай мазмұндағы әдістемелерге белгілі дәрежеде жаңаруды талап етеді. Жаһандану дәуірінде білім беру ережелері мен оқулықтар қайта баспа бетін көріп жатқан заманда әлем әдебиеті үлгілерін оқытуда мұғалімдерге арналған жаңа оқулықтар, атап айтқанда, мультимедиялық әдістемелер мен оқушылар үшін электронды оқулықтарға деген қажеттілік туындап отыр.
Бүгінде әлем әдебиеті жазушыларының шығармалары С.Қамбарованың зерттеулерінде негізінен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру шеңберінде талданды. Зерттеушінің пайымдауынша, әлем және туысқан халықтар әдебиеті өкілдерінің ортақ ойлары «сөз өнерінің жалпыадамзаттық мәнін ашу; түрлі кезеңдегі кейбір халықтар мен жазушылар шығармаларындағы үндестіктерді байқауға және бағалауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, «Әлем әдебиетті үлгілері мысалында әлеуметтік жүйеге байланысты даму басқыштарына тиісті білімдерді меңгеру шешімін табу қажет болған әдеби білім берудегі маңызды міндеттерінің» бірі ретінде қойылуы әдебиетті оқытудың бастапқы мақсатынан белгілі бір дәрежеде алыстатуға алып келеді. Өйткені, талдау үшін көркем мәтін таңдауда әлеуметтік жүйенің дамуына тиісті білімдерді меңгерудің орнына, ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеу міндеті басты өлшем екенін есте ұстаған жөн.10
М.Абдуллаева, Д.Джумабаевалар тарапынан дайындалған «Әлем әдебиетін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану» атты әдістемелік құралдың әлем әдебиетін үйренудегі алғашқы қадамдардың бірі ретінде маңызы зор. Дегенмен, оқу-әдістемелік құралды талдағанда, онда басты назар шығармашылық тұлғаны, шығарманың идеясын немесе әдеби кейіпкер мәселесін зерттеу арқылы жаңа ғылыми-теориялық мәліметтерді ашуға емес, интербелсенді әдістердің мән-мазмұнын ашуға қаратылғандығының куәсі боламыз.11
Н.Абдувалитовтың «Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытудың әдістемесі»12 атты әдістемелік құралы мектепте әлем әдебиеті үлгілерін оқытудағы негізгі құрал екендігімен ерекшеленеді. Әдістемелік құралда мектепте әлем әдебиеті үлгілерін жанрлық тұрғыдан оқыту керектігіне назар аударады. Сондай-ақ, әлем әдебиетін оқытуда салыстырмалы әдістен пайдаланудың жолдарын көркем шығармалардан үзінділер келтіре отырып, дәлелдеген.
Айта кеткен жөн мектеп үдерісінде әдеби білім беруде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту мәселесіне әр жылдары бірқатар әдіскер ғалымдар мен тәжірибелі оқытушылар назар аударылғаны Физули, Антуан Сент-Экзюпери, Ш.Айтматов, С.Есенин, Эрнест Сетон Томпсон, Н.Думбадзе сынды жазушылар шығармашылығы мысалында болуы көбірек практикалық характерге ие. Теория мен практиканың бір-біріне тығыз байланысты екендігін ескере отырып, ұлттық және әлемдік білім берудегі озық тәжірибелер негізінде проблемаға қатысты бар ғылыми ресурстарды байытып, одан әрі жетілдіру мақсатқа сай.
Әдеби білім беру жүйесінде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту кеше немесе бүгін күн тәртібіне қойылған мәселе емес. Бұл бұрыннан әлем әдебиеті немесе туысқан халықтар әдебиеті үлгілері айдарында оқытылған. Үздіксіз білім беру жүйесінде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бастауыш сыныптардан бастап, орта және жоғары сыныптарда бірнеше бағытта оқытылады. Яғни, олар әртүрлі халықтардың ауыз әдебиеті үлгілерінен, әдеби ертегілерден, лирикалық өлеңдерден, прозалық шығармалардан тұрады. Сонымен қатар әлем әдебиеті қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, тәжік жазушыларының шығармаларымен қатар грек, ағылшын, француз, неміс халықының сөз өнері үлгілерінен тұрады. Бұл мектеп мұғалімінің алдына бірқатар мәселелер қояды. Өйткені, ең алдымен, оқытушы не үшін әлем әдебиетінен Эзоп, Фирдавси, Шекспир, Пушкин шығармалары оқытылатынын, немесе Шыңғыс Айтматов сияқты жазушылардың шығармалары неліктен білім беру жүйесінде төменгі сатысынан бастап оқытылуын өзіде білуі, әрі оқушыларына түсіндері алуы маңызды.
Қазіргі таңда «Әдебиет» оқу бағдарламасына әлем әдебиетінің көркемдік жағынан озық үлгілері енгенін айта кеткен жөн. Олардың кейбірі ғасырлар бойы талғамы нәзік оқырманның сұранысын қанағаттандырып келе жатқан шығармалар. Бұл оқушылардың өнер, көркем әдебиет, дін, ұлт шекара білмейтіндігі туралы түсініктерін қалыптастыруға негіз болады. Ғасырлар өтсе де бұл дүниеге қаншадан-қанша адам келіп-кетсе де, бірақ адам жүрегін елжіреткен шығармалардың көркемдік құндылығы өз әсерін ешқашан жоғалтпайды. Себебі, көркем шығармаларда адам деген күрделі жаратылыстың өзіндік ерекшелігі мен қайталанбас көрінісі бейнеленген.
Әрине, әлем әдебиетінен үлгілерін оқытуды үйренуде ұлттық әдебиет пен әлем әдебиетінің ортасына шекара қою дұрыс емес. Керісінше, ұлттық әдебиеттің озық туындылары әлем әдебиеті қазынасынан ойып тұрып орын алуға лайық екенін айта кеткен жөн. Әсіресе, Әлішер Науаи, Абай, Мұхтар Әуезов, Абдулла Қаххор, Мұхтар Шаханов, Құдайберді Тоқтабаев шығармаларының бағдарламада зерттелген әлем әдебиеті үлгілерінен қалыспайтындығын, тіпті керек болса, олардан көркемдік жағынан да жоғары тұратынын айта кеткен абзал. Олай болса, жалпы орта білім беретін мектептерде әдебиет пәні бойынша оқытылатын әлем әдебиеті үлгілерінің әрқайсысы ерекше жандасуды, мұғалім өз міндетіне жауапкершілікпен қарауды талап етеді.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары мен оқулықтарындағы оқу-әдістемелік кешендерді оптималдастыруда әлем әдебиет үлгілеріне бөлінетін сынып сағаттарының қысқаруына өз әсерін тигізгені сөзсіз. Бұл дер кезінде пән мұғалімінен осыған байланысты тиісті шаралар қабылдауды, шығармашылық ізденістер алып баруды, соңғы жылдары баспа бетін көрген әлем әдебиетінің үлгілерін оқып-үйренуді, мерзімді басылымдардағы соңғы жарияланымдарды жүйелі түрде танысып баруды талап етеді.
Атап айтқанда, оқу бағдарламасына сәйкес өз бетінше оқуға ұсынылатын әдебиеттерді үздіксіздік және бірізділікте ұсыну; үйірмелер, факультативтік сабақтар мен сыныптан тыс бағдарламаларды әзірлеу; жоспар бойынша сабақтарды ұйымдастыру; кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету; оның ішінде оқушыларды мектеп кітапханасын мақсатты пайдалануға үйрету сияқты мәселелерді де өз ішіне қамтиды.
Өзіндік оқу немесе сыныптан тыс оқу бағдарламасына оқушылардың жас ерекшеліктерін дамытуда түрлі жанрдағы көркем шығармаларды қосу – жас ұрпақтың интеллектуалдық тәрбиесіне көңіл бөлетін тағы бір мәселе. Бұл шығарманың тәлімдік, тәрбиелік және дамытушылық әсерін, тақырыптардың, жанрлардың сан алуандығын білдіреді.
Біздің ойымызша, бағдарламада білім беру кезеңдері арасындағы сабақтастық, үндестік (пәнаралық, тақырыптық, оқу бағдарламалары), оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтары сияқты факторлар қамтылып, оларды оқуға ынталандыру қажет.
Соңғы жылдары әдеби білім беруде ұлттық және әлем әдебиетін кіріктіріп, салыстыра оқыту маңызды мәселеге айналып, оның жүзеге асуы бірқатар құқықтық-нормативтік құжаттарда айқындалғаны, жоғары сыныптарда оқу сағатының көлемі артып, көркем шығармалар мақсатты түрде іріктеліп алынғаны белгілі болды.
Жалпы орта білім беру жүйесінде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту жүйесі тәжірибе жүзінде төмендегідей шешілетін көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет