Мысал келтіреміз: кәсіпорын өзінің бас кәсіпорынынан 2005
жылы ақпанның 23 жұлдызындағы бас кәсіпорынның шешімі,
қабылдау-өткізу актісі мен № 89 жүкқұжатына сәйкес, 600000
теңгеге әртүрлі тауарларды қайтарымсыз түрде қабылдады. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 6280 = 600000 3 типті операция
А (+) П (+)
ғ) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы-
лармен есеп айырысу № 1210—1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» активті
шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу
көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен
табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы
№ 1210—1230 шоттардың дебетіне № 6010 шоттың кредитінен жаса-
лады.
Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
1210 — 1230 3130, 6010 Шот-фактура
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
173
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады.
Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жағы-
нан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын,
кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын сатып алушыға 2005 жылы
мамыр айының 28 жұлдызында № 142 шот-фактураға сәйкес,
1000000 теңге сомада тауарлар өткізді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1210 — 6010 = 1000000 3 типті
операция
А (+) П (+)
2) тауарлардың көрсетілген партиясына 2005 жылы мамыр
айының 28 жұлдызындағы № 142 шот-фактураға сәйкес, 150000
теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1210 — 3130 = 150000 3 типті операция
А (+) П (+)
д) Еншілес (бағынышты) ұйымдардан. Олармен есеп айырысу
№ 1220–1240 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі» активті шоттарында бейнеленеді. Дебиторлық
қарыздардың келіп шығу көзі: ақша қаражаттары, өтелуге тиіс ҚҚС,
негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар болатындықтан,
шаруашылық операцияның жазуы № 1220–1240 шоттардың дебетіне
№ 1040, 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады.
Жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1220 — 1240 1040, 3130, 6010 Төлем тапсырмалары,
174
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан
жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан
дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіп-
орынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3130, 6010) жайғасқан жағдайда баланстың
активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті
«Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық
қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС мен негізгі және
негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) есеп айырысу шотынан еншілес ұйым-
дардың есебінен 2005 жылы наурыз айының 23 жұлдызындағы № 89
төлем тапсырмасына сәйкес, 500000 теңге сомаға төлем жасалды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1220 — 1040 = 500000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) еншілес кәсіпорынға 2005 жылы мамыр айының 6 жұлдызын-
дағы № 49 шот-фактураға сәйкес, 900000 теңгеге дайын өнім
өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1220 — 6010 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
е) Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектер бойынша. Олар
бойынша есеп айырысу № 1250, 1270, 1280, 1420 «Басқа дебиторлық
қарыздар» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу
көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, есептелген сыйақылар, қызметкер мен
басқа тұлғалардың қарыздары, дауласулар бойынша есептерді
қоса, өзге дебиторлық қарыздар болатындықтан, жазу № 1250–1420
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280
шоттардың кредитінен жасалады.
175
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1250—1420 1010, 1040, 3310, 3350, Төлем тапсырмалары,
3390, 6120, 6210, 6280 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, сыйақылардың есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040) жай-
ғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады,
яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан
дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға
кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3310, 3350, 6120, 6210, 6280) жайғасқан жағдайда
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын
3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан
дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер
мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар, сондай-ақ негізгі
және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында материалды жауапты
тұлғаға 2005 жылы сәуір айының 25 жұлдызындағы № 1039 шы-
ғыс кассалық ордерге сәйкес іссапар шығыстарына 15000 теңге
сомада қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1250 — 1010 = 15000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) зейнеткерлікке шығар кезде еңбегі сіңген қызметкерге 2005
жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы кәсіподақ комитетінің
шешімімен № 9 қабылдау-өткізу актісі бойынша 180000 теңге
құнымен жеңіл автомобиль сыйға тартылды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
176
1280 — 6210 = 180000 3 типті операция
А (+) П (+)
ж) Алдағы кезеңдердің шығыстары бойынша. Олар бойынша
есеп айырысу № 1620, 1630 «Алдағы кезеңдердің шығыстары»
активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері:
сақтандыру полисі, жалақысы, алдағы кезеңдердің басқа шығыстары
болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 1620–1630
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 1310–1315, 1317, 3310, 3350, 3390,
8030 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1620, 1630 1010, 1040, 1310-1315, 1317, Төлем тапсырмалары,
3310, 3350, 3390, 8030 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, жүкқұжаттар,
орындалған жұмыстарға актілер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040, 1310-
1315, 1317, 8030) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан алдағы кезеңдердің шығыстары көбейеді,
ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның активтері мен ақша
қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3310, 3350, 3390) жайғасқан жағдайда
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын
3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан
алдағы кезеңдердің шығыстары, ал екінші жағынан бір мезгілде
жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар
көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) жаңа өндірістерді дайындау, сондай-ақ
жаңа агрегаттарды орнату үшін 2005 жылы маусым айындағы жұмыс
жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 800000 теңге сомада
құрылыс материалдары жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
177
1630 — 1317 = 800000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) 2005 жылы I-тоқсанда кен орнындағы кен-дайындау жұмыста-
рын жүргізу үшін 2005 жылы наурыз айының 26 жұлдызындағы
кен-жүргізу бригадасының жүктеліміне сәйкес, кеншілерге 1900000
теңге сомада еңбекақы есептелді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1630 — 3350 = 1900000 3 типті операция
А (+) П (+)
з) Берілген аванстар бойынша. Олар бойынша есеп айырысу
№ 1610 «Берілген аванстар» активті шотында бейнеленеді. Олардың
келіп шығу көздері ақша қаражаттары болғандықтан, шаруашылық
операциялардың жазылуы № 1610 активті шоттың дебетіне № 1040,
1050, 1070 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1610 1040, 1050, 1070 Төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан берілген аванстар бойынша дебиторлық
қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында тауар-материалдық ресурстарды
жеткізіп беру үшін 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы
№ 832 төлем тапсырмасына сәйкес, 2400000 теңге сомада аванс
аударылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
178
1630 — 1040 = 2400000 1 типті операция
А (+) А (-)
Біз қысқа мерзімді активтердің көбеюін (келуін) қарадық.
Енді қысқа мерзімді активтердің кему (шығыс етілу) жағдайларын
қараймыз.
Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді
инвестициялардың кемуі
Аталған жағдайларда қысқа мерзімді активтер кредит бойынша
өтеді. Бұл жерде біз олардың құны қайда шығыс етілетініне (бағыт-
талатынына) назар аударуымыз керек.
а) Тауар-материалдық қорларды қолма-қол ақшаға сатып алу. Бұл
есептер 1310—1315, 1317, 1330 «Тауар-материалдық қорлар» активті
шоттарында бейнеленеді. Активтер осы активті шоттарға шығыс
етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады
және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген
шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315
1317 1010 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
1330 ақша чектері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1315) 1 тип-
ті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың ак-
тивінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан материалдық
ресурстар көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада ақша
қаражаттарының мөлшері кемиді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында қолма-қол ақшаға 2005
жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 16 жүкқұжатына сәйкес,
360000 теңге сомаға тауар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
179
Дт Кт Сома Ескерту
1330 — 1010 = 360000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) кәсіпорында қолма-қол ақшаға 2005 жылы қаңтар айының
18 жұлдызындағы сауда үйінің № 632 жүкқұжатына сәйкес, 63500
теңге сомаға малға беру үшін дәрі-дәрмек сатып алынды. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1315 — 1010 = 63500 1 типті операция
А (+) А (-)
3) қалалық базарда қолма-қол ақшаға 2005 жылы маусым айының
16 жұлдызындағы базардың анықтамасы мен № 438 жүкқұжатына
сәйкес, 50000 теңге сомаға тігін машиналарын жөндеу үшін
материалдар сатып алынды. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1310 — 1010 = 50000 1 типті операция
А (+) А (-)
ә) Есепті сомалар беру. Бұл есептер № 1250 «Қызметкерлердің қыс-
қа мерзімді дебиторлық қарыздары» активті шотында бейнеленеді.
Активтер осы активті шотқа шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары
кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның
жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1250 — 1010 Кәсіпорын басшысының бұйрығы,
шығыс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1250) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық
180
қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: 1) кәсіпорын директорының Астанаға іссапар-
мен барып қайтуына 2005 жылы маусым айының 16 жұлдызындағы
№ 1138 шығыс кассалық ордеріне сәйкес, іссапар шығыстарына 34000
теңге мөлшерде қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1250 — 1010 = 34000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) Еңбекақыны қолма-қол ақшамен төлеу. Бұл есептер № 3350
«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пассивті шо-
тында бейнеленеді. Активтер еңбекақыға шығыс етілетіндіктен,
ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашы-
лық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350 — 1010 Есептеу-төлеу ведомосы
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар
жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылы тамыз айының
31 жұлдызындағы № 8 төлем ведомосына сәйкес, 480000 теңге сомада
тамыз айындағы жұмысшылардың еңбекақысы қолма-қол ақшамен
берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 1010 = 480000 4 типті операция
181
П (-) А (-)
в) Берілген аванстар. Бұл есептер № 1610 «Берілген қысқа
мерзімді аванстар» активті шоттарында бейнеленеді. Активтер осы
активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кре-
диттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы
жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне жасалады. Проводка тө-
мендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1610 — 1010, 1040 Келісім шарттар,
төлем тапсырмалары,
шығыс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1610) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана
өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның берілген аванстар
бойынша дебиторлық қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: келісім шарттар бойынша жеткізіп берушіге
2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы № 832 төлем
тапсырмасына сәйкес 2400000 теңге сомада материалдар жеткізіп
беру үшін аванс аударылды (берілді). Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1610 — 1040 = 2400000 1 типті операция
А (+) А (-)
г) Жеткізушілермен есеп айырысу. Бұл есептер № 3310 «Жеткі-
зушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шотында
бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілердің заттары немесе
қызметтерін төлеуге шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары
кредиттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның
жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
182
Дт Кт Құжаттар
3310 — 1040 Төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3310) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын
алады. Бір жағынан жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздар
жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: мердігерге үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында
орындалған жұмыстар үшін 2005 жылы қазан айының 5 жұл-
дызындағы № 1342 төлем тапсырмасына сәйкес, 2300000 теңге
сомада ақша аударылды (төленді). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3310 — 1040 = 2300000 4 типті операция
П (-) А (-)
ғ) Салықтар мен бюджетке төленуге міндетті төлемдер бойынша
бюджетпен есеп айырысу. Бұл шаруашылық операциялар № 3110,
3120—3190 «Салықтар бойынша міндеттемелер» пассивті шотта-
рында бейнеленеді. Активтер салықтар, жинаулар мен басқа
бюджетке міндетті төлемдерді төлеуге шығыс етілетіндіктен, ақша
қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашылық
операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3110, 3120 — 3190 — 1010, 1040 Төлем тапсырмалары, салық
органдарының квитанциялары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3110) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
183
Бір жағынан бюджетке кредиторлық қарыздар жабылады, ал екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары
шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |