VII. БӨЛІМ. ШЫҒЫСТАР
Бұл бөлім активті және 8 (№ 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77)
бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Шығыстардың
барлық түрлері актив болып табылады және активті шоттарда
бейнеленеді.
Олардың келіп шығуын (көбеюін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар
қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз
керек.
а) Дайын өнім, тауарлар өткізудің өзіндік құнын анықтау.
Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1320, 1330 шоттардың
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1320, 1330 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
материалдық ресурстарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 1-жарты жылдықта өткізілген
өнімнің өзіндік құны 2007 жылы маусым айындағы № 10 журнал-
ордердің мәліметтері бойынша 8350000 теңгені құрады. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1320 = 8350000 1 типті операция
А (+) А (-)
253
ә) Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл
операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан келіп шыға-
тындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен
№ 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 8010 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8010) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
негізгі өндірісінің мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 9 ай ішінде өткізілген
жұмыстардың өзіндік құны 2007 жылы қыркүйек айындағы №10
журнал-ордерінің мәліметтеріне сәйкес, 12350000 теңгені құрады.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 8010 = 12350000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) Сақтандыру ісіндегі шығындардың өзіндік құнын анықтау.
Бұл операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1010, 1040 шоттардың
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1010, 1040 Сақтандыру келісім шарттары,
төлем құжаттары
254
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1010, 1040) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның қызмет
ету шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада
оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: «Сенім» сақтандыру компаниясында 2007
жылы тамыз айының 20 жұлдызындағы № 1 реестрі мен келісім
шарттарына сәйкес 4500000 теңгеге сақтандыру төлемдері жасалды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1040 = 4500000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) Дайын өнім, тауарларды өткізу бойынша шығыстарға мате-
риалдар шығыс ету. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша
бейнеленеді. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың
жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар
№ 1310—1317 шоттардың кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жа-
салады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 — 1310—1317 Материалдық есептер,
жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімді
өткізу бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде
сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында тігілген аяқ киімдерді орау
үшін 2007 жылы маусым айындағы цех бастығының материалдық
есебіне сәйкес, 18000 теңгеге қағаз қорапшалары шығыс етілді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
255
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 1310 = 18000 1 типті операция
А (+) А (-)
г) Өнім, тауарларды өткізумен айналысатын жұмысшылардың
еңбекақысын есептеу. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату
және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» дебеті бойынша
бейнеленеді. Шығыстар персоналға еңбекақы есептеуден пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 681 шоттың
кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 — 3350 Еңбекақы есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімін өткізу бойынша
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы
бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында ағаш жәшіктерге цехтың өнімін
жайғастырумен айналысатын жұмысшыларға 2007 жылы шілде
айындағы еңбекақы есептеу мен жүктелімдерге сәйкес, 168000
теңгеге еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 3350 = 168000 3 типті операция
А (+) П (+)
ғ) Көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының өзіндік
құнын анықтау. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар»
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші
өндірістердің жұмсаған шығындарының жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8030 шоттың кре-
256
дитінен № 7210 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 8030 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
материалдарды шығыс ету
актілері, материалдық есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және
әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол
сомада көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының мөлшері
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында жалпы шаруашылық шығыстарға
2007 жылы қазан айының 3 жұлдызындағы материалдарды шығыс
етудің № 2 актісі мен кәсіпорын бойынша бұйрыққа сәйкес, 480000
теңге сомада қосалқы өндірістердің қызмет ету шығындары шығыс
етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 8030 = 480000 1 типті операция
А (+) А (-)
д) Әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстарын шы-
ғыс ету. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының
дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындар
мен үстеме шығыстардың жиынтығынан пайда болатындықтан,
шаруашылық операциялар № 3340 шоттың кредитінен № 7210 шот-
тың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 3340 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
аванстық есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3340) баланстың
257
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және әкімшілік
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға шығындар
бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында Астана қаласына директордың
қызметтік іссапары жөнінен шығыстар 2007 жылы мамыр айының
18 жұлдызындағы № 23 аванстық есеп пен кәсіпорын бойынша
бұйрығына сәйкес, 37000 теңге сомада шығыс етіледі. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 3340 = 370000 3 типті операция
А (+) П (+)
е) Қаржылық ресурстар немесе несиелерді пайдаланғаны үшін
сыйақылар есептеу. Бұл операциялар № 7310 «Сыйақылар бойынша
шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар
жұмсалған шығындар мен үстеме шығыстардың жиынтығынан
пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3380 шоттың
кредитінен № 7310 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7310 — 3380 Банктің келісімдері, сыйақылар
есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3380) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның қаржыны пайдаланғаны
үшін сыйақылар есептеу шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде
сол сомаға аталған шығыстар бойынша кредиторлық қарыздары
көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында үстіміздегі жылдың 1 жарты
жылдығында банктің несиесін пайдаланғаны үшін 2007 жылы
маусым айында сыйақы есептеу бойынша банктің келісім шарттары
258
мен есептеріне сәйкес 42000 теңге сомада сыйақы есептелді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7310 — 3380 = 42000 3 типті операция
А (+) П (+)
ж) Өткізілген (жойылған) негізгі құралдардың қалдық құнының
сомаларын шығыс ету. Бұл операциялар № 7410 «Активтердің шы-
ғуынан алынатын шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнелене-
ді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 2410—2417 шоттар-
дың кредитінен № 7410 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7410 — 2410—2417 Негізгі құралдарды өткізу (жою)
туралы актілер, жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 2410—2417) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі
құралдарды өткізу (жою) бойынша шығыстары көбейеді, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі құралдардың мөлшері
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы маусым айының
18 жұлдызындағы № 6 шот-фактура мен негізгі құралды өткізу
актісіне сәйкес, 240000 теңге сомада қалдық құн бойынша
диірменнің жабдығы өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7410 — 2413 = 240000 1 типті операция
А (+) А (-)
з) Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу. Бұл
операциялар № 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша
259
шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар
корпоративтік табыс салығы бойынша жұмсалған шығындардың
жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар
№ 3110 шоттың кредитінен № 7710 шоттың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7710 — 3110 Корпоративтік табыс
салығының есептелуі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3110) баланстың активі
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның корпоративтік табыс салығы
бойынша шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға
аталған шығыстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл
жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2006 жылы жылдағы қаржы-
шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша 2007 жылы наурыз
айының 29 жұлдызындағы салық салу мөлшерлемелері бойынша
есептеріне сәйкес, 184000 теңге сомада корпоративтік табыс салығы
есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7710 — 3110 = 184000 3 типті операция
А (+) П (+)
Енді шығыстардың кему (жабылу) жағдайларын қараймыз.
Аталмыш жағдайларда шығыстар кредит бойынша өтеді.
Бұл жерде біз шығыстар жабылуының ерекшеліктеріне назар
аударуымыз керек.
а) Жиынтық табыс (залал) шотына шығыстарды жабу. Бұл
операциялар № 7010, 7110, 7210, 7310, 7410, 7710, 7610, 7620 «Шы-
ғыстар» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жыл
соңында жабылатындықтан, шаруашылық операциялар жоғарыда
260
көрсетілген шоттардың кредитінен тек қана № 5410 «Есептік
жылдың пайдасы (залалы)» шотының дебетіне жабылады. Бұл
операциялардың ерекшелігі олардың жыл соңында тек қана 1
рет жасалатындығынан тұрады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
5410 7010, 7110, 7210, 7310
7410, 7710, 7610, 7620 Нұсқаулардың ережелері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын шығыстарының мөлшері жабылады, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға жиынтық табыстың есебі кемиді
(жұмсалады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында жыл соңында өткізілген өнімнің
өзіндік құны бухгалтерлік есеп шоттары Жұмыс жоспарының
нұсқауларына сәйкес жиынтық табысты анықтау үшін 4400000
теңге сомада № 5410 шотқа жабылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік
проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5410 — 7010 = 4400000 4 типті операция
П (-) А (-)
Сонымен, біз 7 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опера-
циялар құрудың үлгілерін қарап, талдадық.
261
VIII. БӨЛІМ. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПКЕ АЛУ ШОТТАРЫ
Бұл бөлімнің активті екені және 1 (№ 80) бөлімшеден тұратынды-
ғы кестеден көрініп тұр. Негізгі, меншікті және қосалқы өндірістер,
сондай-ақ үстеме шығыстар активтер болып табылады, өйткені олар
бар болуды білдіреді және активті шоттарда бейнеленеді. Өндірістік
есепке алу шоттарын калькуляциялық деп те атайды, өйткені ол
шоттарда шығындардың калькуляциялауы (жиынтығы) жүргізіледі.
Бұл бөлімнің шоттары саудада, сақтандыру ісі мен инвестициялық
қызметте, яғни өндіріс жоқ барлық жерде болмайды.
Олардың пайда болын (көбеюін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз өндірістік
шығыстар қандай элементтерден пайда болатындығына назар
аударуымыз керек.
а) Тауар-материалдық құндылықтарды өндірістік цехтардың
мұқтаждықтарына шығыс ету. Бұл операциялар № 8011, 8021, 8031,
8041 «Өндірістегі материалдар» шоттарының дебеті бойынша
бейнеленеді. Шығыстар тауар-материалдық құндылықтардың
жиынтығынын пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар №
1310—1317 шоттардың кредитінен № 8011,8021,8031,8041 шоттардың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
8011, 8021, 8031 — 1310—1317 Материалдық есептер,
жүкқұжаттар, шоттар,
карточкалар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада
материалдық ресурстардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанында агрегат-
тар цехының өндірістік мұқтаждарына 2007 жылы маусым айында-
ғы цех бастығының материалдық есебі, шектеу-алу карточкалары
262
мен жүкқұжаттарына сәйкес, 8750000 теңге сомаға табақ темір
шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 1310 = 8750000 1 типті операция
А (+) А (-)
ә) Қосалқы цехтардың өнімін негізгі өндірістің мұқтаждықта-
рына шығыс ету. Бұл операциялар № 8011 «Өндірістегі материалдар»
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші
өндірістер шығындарының жиынтығынан пайда болатындықтан,
шаруашылық операциялар кредитінен № 8030 шоттың кредитінен
№ 8011 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
8011 — 8030 Талаптар, жүкқұжаттар,
шектеу-алу карточкалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана
өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары
көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада көмекші өндірістер
бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында темір-
бетон бұйымдарын құю цехының өндірістік мұқтаждықтарына
2007 жылы қазан айының 1 жұлдызындағы қазандықтың №183
жүкқұжатына сәйкес, көмекші өндірістен 860000 теңге сомада
өндірістік бу мен су жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 8030 = 860000 1 типті операция
А (+) А (-)
263
Достарыңызбен бөлісу: |