Мысал келтіреміз: сақтандыру компаниясының жарғысына
сәйкес, жыл сайын ұйымның жылдық бөлінбеген табысының 40%-ы
резервтік капиталға аударылуы қажет болған. 2007 жылы қаңтар
айының 19 жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 4 хаттамасына
сәйкес, 80600 теңге сомада резервтік капиталға қаржы бөлінді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5430 — 5310 = 80600 2 типті операция
П (-) П (+)
Енді капитал элементтерінің кему (шығыс етілу) жағдайларын
қараймыз.
Бұл жағдайларда капиталдың қаралатын элементтері дебет
бойынша өтеді. Осы жерде біз капиталдың қай элементтер есебінен
кемитініне назар аударуымыз керек.
а) Жарияланған капиталдан қатысушылар салымдарының алы-
нып тасталуынан. Бұл операциялар № 5010 «Жарияланған капитал»
пассивті шотының дебетіне № 2710, 2730, 2410—2417, 2930 1310—
1317, 1330, 1350, 1010, 1020, 1040 шоттардың кредитінен жүргізіледі.
Салымдардың алынып тасталуы материалдық ресурстар, негізгі
құралдар мен ақша қаражаттары есебінен жасалатындықтан, жазу
241
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417, 2930
5010 1310—1317, 1330, 1350 Келісімдер, хаттамалар,
1010, 1020, 1040 реестрлерден көшірмелер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысушылар
салымының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
ресурстары кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы наурыз айының 15
жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 3 хаттамасына сәйкес, жалпы
сомасы 10100000 теңгеге жарияланған капиталдан қатысушылардың
салымдары алынып тасталды, оның ішінде:
1) қолма-қол ақшамен 2800000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1010 = 2800000 4 типті операция
П (-) А (-)
Басқа мүлікпен:
2) негізгі құралдармен 4200000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 2413 = 4200000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) әртүрлі материалдармен 2500000 теңге сомада. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1310 = 2500000 4 типті операция
242
П (-) А (-)
4) әртүрлі тауарлармен 1600000 теңге сомада. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1330 = 1600000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә) Акционерлермен меншікті акцияларды өтеп алудан. Бұл
операциялар № 5210 «Сатып алынған меншік үлестік аспаптар»
пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Акцияларды
өтеп алу кәсіпорынның қаржылары есебінен болатындықтан,
шаруашылық операцияның жазуы № 5210 шоттың дебетіне № 1010,
1020, 1050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
5210 — 1010, 1020, 1050 Жалпы жиналыстардың
хаттамалары, келісімдер,
реестрлерден көшірмелер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның алынып тасталған капиталының көлемі,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның ресурстары кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында акционерлердің қалауы бойынша
2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы жалпы жиналыстың
№ 1 хаттамасына сәйкес, 3600000 теңге сомаға меншікті акциялар
қолма-қол ақша арқылы өтеп алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5210 — 1010 = 3600000 4 типті операция
П (-) А (-)
б) Дивидендтер мен басқа сыйақыларды төлеуге пайдаланудан.
243
Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік капитал» пассивті
шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Дивидендтер немесе
басқа сыйақылар төленетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы
№ 5310, 5330, 5340 шоттардың дебетіне № 3030 «Қатысушылардың
дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоттарының кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 3030 Жалпы жиналыстың
хаттамалары, төлем
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның дивидендтер
мен басқа сыйақыларды төлеу бойынша кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында өткен жыл жұмысының нәтиже-
лері бойынша 2007 жылы қаңтар айының 12 жұлдызындағы
жалпы жиналыстың № 1 хаттамасына сәйкес, 850000 теңге сомада
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептелді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5340 — 3030 = 850000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабу
үшін пайдаланудан. Бұл операциялар № 5310, 5330, 5340 «Резервтік
капитал» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.
Есепті жыл немесе бұрынғы жылдардың залалдарын жабуы
жүргізілетіндіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 5310, 5330,
5340 шоттардың дебетіне № 5430 шоттардың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
5310, 5330, 5340 — 5430 Жалпы жиналыстың
244
хаттамалары, төлем есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның резервтік капиталы кемиді,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның бөлінбеген табысы
көбейеді (залалы жабылады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында былтырғы жылы жұмыстың
нәтижелері бойынша 2007 жылы сәуір айының 10 жұлдызындағы
жалпы жиналысының №6 хаттамасына сәйкес, 350000 теңге сомада
есепті жылдың залалы резервтік капиталдың есебінен жабылды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5340 — 5430 = 350000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 5 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рациялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап, талдадық.
Ескерту: № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» және
5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» бөлімшелерінің шоттарын
толығырақ қарау және талдау үшін осы оқу құралында жеке бөлім
қарастырылған.
245
VI. БӨЛІМ. КІРІСТЕР
Бұл бөлімнің пассивті және 5 (№ 60, 61, 62, 63, 64) бөлімшеден
тұратындығы кестеден көрініп тұр. Бірақ, олардың 1 (№ 60) бөлімше-
сінде контрпассивті шоттар болады, оны біз кейінірек «Контрарлы
шоттар» бөлімінде қараймыз. Негізгі және негізгі емес қызметтен
түскен кірістер пассив болып табылады және олар пассивті шоттарда
бейнеленеді.
Олардың келіп шығуын (көбеюін) қараймыз.
Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз
кірістердің қандай элементтерден пайда болатындығына назар
аударуымыз керек.
а) Дайын өнім (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өткізуден. Бұл
операциялар № 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден
алынған кіріс» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер
дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатып
алушылар, еншілес (бағынышты) ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғаларға өткізуден пайда болатындықтан, шаруашылық
операциялар № 6010 шоттың кредитінен № 1210 «Сатып алушылар
мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,
№ 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді
дебиторлық берешегі» шоттарының дебетіне жасалады. Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 2110 — 6010 Келісімдер, шот-фактуралар,
жүкқұжаттар, Ф № 2 үлгідегі
анықтамалар, өткізу актілері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1210, 2110) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыздары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі қызметтен түскен
табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында тапсырыс берушіге 2007 жылы
наурыз айының 31 жұлдызындағы № 879 шот-фактураға сәйкес,
4000000 теңге сомаға дайын өнім өткізілді. Бұл жағдайда бухгал-
терлік проводка төмендегіше болады:
246
Дт Кт Сома Ескерту
1210 — 6010 = 4000000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Тауарларды қолма-қол ақшаға өткізуден. Бұл операциялар да
№ 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кіріс»
шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Табыстар тауарларды
қолма-қол ақшаға өткізуден пайда болатындықтан, шаруашылық
операциялар № 6010 шоттың кредитінен № 1010 шоттың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010 — 6010 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
квитанциялар, чектер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1010) баланстың активі
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі қызметтен түскен табыстар
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы наурыз айының 31
жұлдызындағы тауар-ақша есебіне сәйкес, 2500000 теңгеге дайын
өнім қолма-қол ақшаға сатылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6010 = 2500000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) Материалдық емес активтер мен негізгі құралдарды өткізуден.
Бұл операциялар № 6210 «Активтердің шығуынан түсетін кірістер»
шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Кірістер негізгі емес
қызметтен түсетіндіктен, шаруашылық операциялар № 6210 шоттың
кредитінен № 1210, 2110, 1220, 1230, 1240 шоттардың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
247
Дт Кт Құжаттар
1210, 2110, 1220—1240 — 2610 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
өткізу актілері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1210, 1220) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыздары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен түскен
табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы сәуір айының
10 жұлдызындағы № 625 шот-фактураға сәйкес, 2600000 теңге
сомаға бағдарламаларды қамтамасыз ету өткізілді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1210 — 6210 = 2600000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Негізгі құралдарды жою нәтижесінде материалдар кіріс
етуден. Бұл операциялар № 6210 «Активтердің шығуынан түскен
кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Табыстар
негізгі құралдарды жоюдан пайда болатындықтан, шаруашылық
операциялар № 6210 шоттың кредитінен № 1315, 1317 шоттардың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1315, 1317 — 6210 Негізгі құралдарды жою туралы
актілер, жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1315, 1317) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен түскен
табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
248
Мысал келтіреміз: кәсіпорында сиыр қораның ескі ғимаратын
жою нәтижесінде 2007 жылы тамыз айының 1 жұлдызындағы не-
гізгі құралдыжою туралы № 1 акті мен жүкқұжаттарға сәйкес,
850000 теңге сомаға құрылыс материалдары қоймаға кіріс етілді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1317 — 6210 = 850000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар есептеу-
ден. Бұл операциялар № 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»
шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Табыстар дивидендтер
мен сыйақыларды есептеуден пайда болатындықтан, шаруашылық
операциялар № 6120 шоттың кредитінен № 1270 шоттың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1270 — 6120 Жалпы жиналыстың хаттамалары,
дивидендтер мен сыйақылар
есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1270) баланстың активі
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыздары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен түскен
табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: акционерлік қоғамда өткен жылдың нәти-
жесінде салынған акциялар бойынша 2007 жылы ақпан айының
19 жұлдызындағы № 1 келісім мен дивидендтер есептеу бойынша
есептерге сәйкес, 240000 теңге сомада дивидендтер есептелді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1270 — 6120 = 240000 3 типті операция
А (+) П (+)
249
ғ) Өкіметтің атқарушы органдарының субсидияларын алу. Бұл
операциялар № 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын
кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Табыстар субси-
диялар алудан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар
№ 6230 шоттың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 — 6230 Өкіметтің атқарушы органдарының
шешімдері, төлем құжаттары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1010, 1040) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен түскен
табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорынға ауылды қолдау бойынша бағдар-
ламаны орындау шегінде Республика Үкіметінің қаулысына сәйкес,
облыстық әкімшілік тарапынан 3500000 теңге сомада бюджеттік
қаржылар бөлінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 6230 = 3500000 3 типті операция
А (+) П (+)
д) Айыппұлдар мен айыптар өндіруден. Бұл операциялар №
6280 «Басқа да кірістер» шотының кредиті бойынша бейнеленеді.
Кірістер айыппұлдар мен айыптарды (МСИ-нан басқа) есептеуден
пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 6280 шотының
кредитінен № 1210, 2110, 1220—1240, 1250, 1280 шоттардың дебетіне
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 2110
1220—1240 727 Келісімдер, айыппұлдар мен
1250, 1280 айыптарды есептеу бойынша
есептер, соттың материалдары
250
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1210, 1250) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыздары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен түскен
табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында жеткізіп берушіге өз уақытында
материалдарды жеткізіп бермегені үшін 2007 жылы қаңтар айының
9 жұлдызындағы № 13 келісім шарттары мен айыппұлдарды есептеу
бойынша 42000 теңге мөлшерінде айып есептелді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1280 — 6280 = 42000 3 типті операция
А (+) П (+)
Енді кірістердің кему (жабылу) жағдайларын қараймыз.
Бұл жағдайларда кірістер дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз
кірістерді жазудың ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек.
а) Пайдаға (залалға) кірістерді жабу. Бұл операциялар № 6010, 6110—
6160, 6210—6280, 6310, 6410—6420 «Түскен кірістер» шоттарының дебеті
бойынша бейнеленеді. Кірістер жыл соңында шығыс етілетіндіктен,
шаруашылық операциялар № 6010, 6110—6160, 6210—6280, 6310,
6410—6420 шоттардың дебетіне тек қана № 5410 «Есепті жылдың
пайдасы (залалы)» шотының кредитінен жасалады. Бұл операциялардың
ерекшелігі, олардың жылдың соңында тек қана 1 рет жасалатындығынан
тұрады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
6010, 6410—6420 — 571 Нұсқаулардың ережелері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 5410) баланстың пас-
сивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның кірістері жабы-
лады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға пайданың есебі
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
251
Мысал келтіреміз: кәсіпорында жыл соңында бухгалтерлік
есеп шоттары Жұмыс жоспарының ережелеріне сәйкес, жиынтық
табысты анықтау үшін өнім өткізу бойынша табыстар № 5410 шотына
жабылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше бо-
лады:
Дт Кт Сома Ескерту
6010 — 5410 = 4800000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 6 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опера-
цияларды құру үлгілерін қарап талдадық.
252
Достарыңызбен бөлісу: |