Қанмен қамтамасыз етілуі: Қолтық артериясы (кеуде акромион артериясы), Бұғанаасты артериясы (қалқанша мойын сабауы- жауырын үсті артериясы).
Венозды ағысы: аттас веналар.
Нервтенуі: Қолтықасты нервісі- иық өрімінің артқы тармағы, Жауырынүсті нерві- иық өрімінің бұғанаүсті тармақтарының артқы бетін иннервациялайды.
Лимфа ағысы: капсуладағы каппиляр өрімінен қан тамырларын бойлап әкетуші тамырлармен жергілікті лимфалық түйіндерге барады.
Шынтақ буыны
Құрылысы- күрделі буын, 3буыннан түзіледі, пішіні қызметі әртүрлі, бір капсуламен жабылған бір қуысты құрайды.
Шекарасы: жоғары жағынан тоқпан жіліктің медиальді және латериалді айдаршықтарын қосатын сызықтан 2 елі жоғары, төменгі жағынан осы көлдененең сызықтан екі елі төмен жүрігізілген сызық арқылы шектесіп жатыр.
1ші иық- шынтақ буыны- тоқпан жілік айдаршығының шығыршығынан және шынтақ жіліктің шығыршық тілігінен түзіледі.
2ші иық-кәріжілік буыны- тоқпан жілік айдаршық басынан және кәріжілік басының буын шұңқырынан.
3ші проксимальды кәріжілік- шынтақ жілік буыны- кәріжілік басының буындық айналымынан және шынтақ жіліктің кәріжіліктік тілігінен түзіледі.
Шынтақ буынының негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы, буын қуысы, буын сұйықтығы, байламдары. Шынтақ буынының қосымша элементері: буын еріншелері, қапшық, қайырылмалар, май жастықшалары(бүгу жазу кезінде сүйектердің қозғалысын жеңілдетеді), гиалинді шеміршек, синовиалды мембрана, фиброзды мембрана, қап тәрізді қалта, қаптәрізді қалтарыс (әлсіз жерлердің бірі, ішке сыртқа айландыру кезінде кәріжілік басыныңайналуын жеңілдетеді), теріасты шынтақ өсінді асты қапшығы(бурсит).
Байламдық аппараты:
1ші- кәріжіліктің сақиналы байлам-
2ші- шынтақ жіліктің коллатеральды байламы- шынтақ жіліктің медиалды айдаршығынан басталып шынтақ жіліктің шығыршық тілігіне бекиді.
3ші- кәріжіліктің коллатеральды байламы- латеральды айдаршықтан басталып кәріжілік мойнына бекиді, олардың талшықтары кәріжіліктің сақиналы байламмен қосылып кәріжіліктің буындық жиегін 3жақтан айналып шынтақ сүйегіне бекуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |