Буындар иық буыны Дельта тәрізді аймақта орналасқан. Тоқпан жілік басымен жауырынның буын ойығынан түзіледі. Құрылысы



бет6/10
Дата09.05.2023
өлшемі80,53 Kb.
#91306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
БУЫНДАР

Тізе тобығының алдында- тері асты, шандыр асты, тізе тобығы алды, сіңір асты қапшықтар орналасқан.
Тізе буының қуысы- кең, күрделі, томпайған синовиалды қабық түзейтін қайырылымдар түзеді, қабыну процесстерінің жиналатын орны.
Тізе буынының алдында- 5, артында- 4 қайырылым бар.
Ең үлкені- жоғарғы тізе үстілік қайырылым, ол көп жағдайда тізе үсті синовиалды қапшықпен байланысады және 4-басты бұлшық еттің сіңірі астында орналасады.
Алдыңғы жоғарғы (латеральды және медиалды), алдыңғы төменгі (латеральды және медиалды), артынан 2жоғарғы және 2төменгі(латеральды және медиалды) қайырылымдары бар. Артқы жоғарғы қайырылымдар, жиі буын жанындағы синовиалды қапшықтармен байланысады, яғни буынан іріңнің шандырлы арнамен өтуінен клетчаткалық саңылауда балтырда іріңдіктер түзілуі мүмкін.
Қанмен қамтамасыз етілуі: Тізе буындық торын құрайды, тізе асты артериясы асықты жілік артериясы сан артериясы тармақтарынан түзілген және тізе аймағының айналмалы қан айналымында магистралды артериялық бағаналарды байлаудың маңызы зор.
Вена ағысы: аттас веналармен және санның терең венасымен жүзеге асады.
Иннервациясы: Асықты жілік нерві, жалпы асықты жілік шыбығы нерві тармағымен.


Балтыр- аяқ басы буыны
Аттас аймақта орналасқан, сирақтың екі сүйегінің төменгі жиектерімен тілерсек сүйектен құралған. Асықты жіліктің төменгі беті- тілерсек сүйегінің жоғарғы бетімен бірігеді, ал асықты жіліктің тобықтары тілерсек сүйектің тобықтық бетімен бірігіп буын айыршасын түзеді. Тілерсек сүйектің қалған алдыңғы артқы беттері, алдынан- қайық тәрізді, төменнен- өкше сүйекпен байланысып тілерсек-өкше-қайық тәрізді буынды түзеді. Асықты жіліктің дистальды соңы бірігіп асық аралық буынды түзеді.
Буын қапшығы: буын түзетін сүйектердің шеміршекті беттері жиегімен бекітіледі. Буын қапшығының медиалды бетінде- медиалды айналмалы байлам бекітеді. Медиалды тобықтан басталып, желпуіш тәрізді ашылып, тілерсек-өкше, жартылай қайық тәрізді сүйекке бекітіледі, осыған сәйкес асықты жілік- өкше, асықты жілік- қайық, жартылай дельта тәрізді байламды ажыратады. Буын қапшығын сыртынан үш байлам бекітеді- латеральды тобықтан басталып тілерсек сүйектің алдыңғы артқы жиегіне, өкше сүйекке бекітіледі: артқы алдыңғы тілерсек- асықты жілік шыбығы байламы, өкше- асықты жілік байламы. Буын қапшығы алдынан саусақтарды жазғыш бұлшықеттер сіңірлері өтеді. Басбармақтың ұзын жазғышы сіңірінің астында буын қапшығымен борпылдақ клетчаткадан аяқ басы сыртының артериясы, аттас вена, терең асықты жілік нерв өтеді. Буын қапшығының әлсіз жерлері байламмен сіңірмен жабылмаған. Ол жерлер буының алдыңғы бетінде жазғыш сіңірдің бүйірінде тобықтың алдында анықталады, осы жерде қабыну процесстері орын алады, одан буын қуысына, тобық маңына, буынның артқы жағына, ахилов сіңірі маңына жиналады. Буын қуысы жеке, көрші буынмен байланыспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет