Қанмен қамтамасыз етілуі: білезіктің сыртқы және алақандық торларымен қамтамасыз етіледі, ол торлар кәріжілік, шынтақ, сүйек аралық артерияларының тармақтарынан түзілген.
Вена ағысы: аттас вена тамырлары арқылы.
Иннервациясы: алдыңғы артқы сүйек аралық нервтер. Кәріжілік нервісінің беткей тармағы, шынтақ нервісінің сыртқы тармағы, алақандық бетін шынтақ нервісінің терең тармағы, ортаңғы нерв.
Лимфа ағысы: терең лимфа тамырлары арқылы шынтақ лимфа түйіндеріне қайтарылады.
Жамбас- сан буыны
Ұршық шұңқырының жарты ай тәрізді буын бетімен және ортан жіліктің басының буындық бетімен түзіледі. Алдынан- буын үлкен ұршықтың негізінен шап байламының ортасына жүргізілген сызық бойынша кескінделеді осы сызық ортан жілік басымен мойнын екіге бөледі. Артынан- буынның кескіні жоғарғы, артқы мықын білігінен үлкен ұршық негізіне жүргізілген сызық бойынша анықталады.
Жамбас- сан буынының негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы, буын қуысы, буын сұйықтығы, байламдары. Жамбас- сан буынының қосымша элементері: буын еріншелері, май жастықшалары(бүгу жазу кезінде сүйектердің қозғалысын жеңілдетеді), мықын- айдаршықты қапшық.
Буын капсуласы: ол ұршық ойысының сүйекті жиегімен ұршық ойысының көлденең байламынан басталып, ұршық ернінің сыртына қарай ортан жіліктің мойнына алдынан ұршық аралық сызық бойынша артынан ұршық аралық айдарға жетпей бекінеді.
Байлам апараты:
Буын сыртылық байламдар(дөңгелек аймақты құрайды)
1ші мықын сан байламы: ең мықты байлам, буынының алдында орналасқан.
2ші шат-сан байламы: алдыңғы байламнан ішке қарай орналасады.
3ші шоңданай- сан байламы:
Капсуланың әлсіз жерлері: алдынан- мықын-санмен шат- сан байламының арасы, артынан- шоңданай- сан буының төменгі жиегі.Осы әлсіз жерлер арқылы гнойлық процесстер буын маңына таралады және бұлшықеттердің фасциялды футлярларына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |