4ші- квадраттыбайлам- шынтақ сүйектің кәріжіліктік жүлесімен кәріжілік мойны арасында.
Буын капсуласының әлсіз жері- буынның арқты және медиалды беті, себебі бұлшық етпен және байламдармен жабылмаған.
Қанмен қамтамасыз етілуі: шынтақ буынының буын торын құрайды: Иық артериясы, кәріжілік артериясы, шынтақ артериясы.
Веноздық тамыр: аттас вена тамырлары.
Иннервациясы: Кәріжілік нерв, шынтақ нерв, ортаңғы нерві.
Лимфа ағысы:Терең лимфа тамырлары арқылы- шынтақ, иық, қолтықасты лимфа түйіндеріне құяды.
Білезік буыны Буын басы- ладия тәрізді, жарты ай, үшқырлы білезік сүйектерінің проксимальды беткейі, буын ойысы-кәріжіліктің ойыс келген білезіктік беткейі есебінен түзілген.
Білезік буынының негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы, буын қуысы, буын сұйықтығы, байламдары. Білезік буынының қосымша элементері:буын дисктері.
Буын капсуласы: шетінен сүйекке бекіп байламдар көмегімен буынға бекінеді.
Байлам апараты: Алдынан: алақан- білезіктік байламы, алақандық шынтақ- білезіктік байламы.
Артынан: сыртқы кәріжілік- білезіктік байламы, сыртқы шынтақ- білезіктік байлаамы.
Латеральды: білезіктің- кәріжіліктік коллатеральды(кәріжіліктің біз тәрізді өсіндесінен басталып қайықша тәрізді сүйекпен трапеция сүйекке бекиді, қызметі- қол басының ішке қарай тартылып қозғалуын тежейді), білезіктің- шынтақтық коллатеральды(шынтақ жіліктің біз тәрізді өсіндісінен басталып үшқырлы сүйекке одан бұршақ тәрізді сүйекке бекиді, қызметі- қол басының сыртқа қарай ауытқып қозғалуын тежеу).
Білезік буынның буындық капсуласының алдыңғы бетінде- квадрат пронатор, артында- жазғыш бұлшықеттер сіңірлері орналасады. Кәріжіліктің дистальды шеті мен саусақ жазғыш сіңірінің арасында буын капсуласы жабылмаған жер, осы жерден буын пункциясына және буынға тілік жасауға ыңғайлы жер болып табылады.