Буындар иық буыны Дельта тәрізді аймақта орналасқан. Тоқпан жілік басымен жауырынның буын ойығынан түзіледі. Құрылысы



бет5/10
Дата09.05.2023
өлшемі80,53 Kb.
#91306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Буын ішілік байламдар:
1ші ұршық буынының көлденең байламы;
2ші ортан жілік басының байламы; Жапқыш артерияның тармағы өтіп, ортан жілік басын қанмен қамтамасыз етеді.


Тізе буыны
Ең үлкен, ең күрделі буын. Буын басы- ортан жіліктің айдаршығының буындық беті. Буын ойысы- асықты жілік айдаршығының буын бетінен және тізе тобығының буын қуысына қараған буын бетінен түзіледі.
Тізе буынының негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы, буын қуысы, буын сұйықтығы, байламдары. Тізе буынының қосымша элементері: буын минкстер(латералды- кең сақина тәрізді, медиалды- жарты ай тәрізді), 13-қайырылым.
Буын капсуласы: алдынан- санның буындық шеміршегінен 5см жоғары, бүйірінен- айдаршықтан төмен, кейін- шеміршек жиегімен тізе тобығына, үлкен жілішік сүйегінің буын шеміршегінің жиегіне бекиді. Тізе буының капсуласының сыртынан- синовиалды қапшықтар орналасады.
Байлам апараттары:
Капсула сыртылық байламдар:
1ші Кіші жіліншіктің жанама байламы- бүйірінен
2ші Асықты жіліктің жанама байламы- бүйірінен
3ші тобық байламы- алдынан
4ші қиғаш және доға тәрізді тізе асты байламы.
Капсула ішілік байламдар:Мықты тығыз байлам апараты болып келеді.
1ші алдыңғы айқыш тәрізді байлам
2ші артқы айқыш тәрізді байлам
3ші тізенің көлденең байламы- латеральды медиалды минкстер арасында орналасқан.
4ші кіші жіліншік басының алдыңғы минкс- сан байламы
5ші кіші жіліншік басының артқы минкс- сан байламы
Тізе буын қапшығы- алдынғы қабырғасы- беткей орналасқан және, тізе тобығы алды қапшығынан және латеральды медиалды тізе тобығын ұстап тұратын байламдармен жабылған. Артынан- буын қапшығына тізе асты шұңқырын толтыратын тамыр- нерв құрылымдары, шектеп тұратын бұлшықеттер жатады(жартылай жарғақты, жартылай сіңірлі, санның екі басты бұлшықеті, балтыр және өкше бұлшық еттері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет