49
❖
Білім
артық.
Білімің
көп болса, оны есептеу керек емес, ал
дүниең көп болса, оған көп есеп кітап та қажет
болады.
❖
Білім
артық.
Білімді көп жинасаң, оны қанша заман сақтасаң
да іріп-шірімейді, ал дүние-малды көп жинасаң, оның
азабы да көп, шіріп бүлінеді.
❖
Білім
артық.
Білім – діліңді жарық қылады, бар нәрсені дұрыс
сезінетін етеді, ал дүние –
адам ділін қарайтады,
адамды тура жолдан шығарып бұзады.
БІЛІМ, АҚЫЛДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ПАЙДАСЫ
(«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНАН)
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.
Ақыл қолдап,
біліммен ер жетілер,
Екеуімен қадірі артып, бекінер…
Ақылдыға қадір-құрмет лайықты,
Ақымақ жан керек, сезбес айыпты!..
Ақыл болса, асыл болар-болса ер,
Білім болса, бектік қылар-қылса ер.
Ақыл кімде болса – болар асыл ой,
Білім кімде болса – бек һәм басым ол.
Ақылмен кісі асыл атанар,
Бекке ел ісі білімімен жасалар.
Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,
Мың рақмет ақыл-еске асыл кен!
Пайдасы көп,
аз ақылды аз деме,
Қадыры көп, аз білімді аз деме!
Төрт нәрсе бар, аз деп ұғып кейіме,
Дана айтқан сөзді түйгін зейінге.
Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!
Ақыл,
сенің анттасқан нақ жолдасың,
Білім, сенген мейірімді қандасың…
Ақыл керек, білім таңдап аларға,
Білім керек, іске жақсы қарарға…
Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,
Білімді сөз – шырын, жанның құнары:
Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,
Білсе оларды өзін қинап қысқаны.
Бұның бірі-тілдің жалған айтқаны,
Бұдан басқа – айтқан сөзден қайтқаны.
Үшіншісі-шарапқа аңсар ауғаны,
Шексіз, текке өтер өмір қалғаны.
50
Тағы бірі – жүгенсіз іс-қылығың,
Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.
Енді бірі – зымияндық бықсыған,
Кісі үйін түтіндетіп, тықсырар.
Және бірі: ашулы тіл у, ашық,
Өлтіреді шағып сөксе, тіл ашып.
Бұлар жетсе,
бір-бірімен қосылып,
Одан құт, бақ безер аулақ жосылып…
Басы айналып, тағдыр оған иілмес,
Сырт айналар, айныр, қайта сүйінбес!…
Достарыңызбен бөлісу: