44
асыруға, әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын
таратуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердің жасалғаны үшін Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылық шаралары қолданылады.
40-бап. Баланы жезөкшелік пен порнографиядан қорғау
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқандарға,
балаға порнографиялық
материалдарды немесе заттарды, баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды,
порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзгеде нәрселерді таратқандарға,
жарнамалағандарға немесе сатқандарға Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген тәртіппен жауаптылық белгіленеді
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз 132-бап).
41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы
соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың
әскерилендірілген құрамаларын құруға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: