45
іс-шараларды және (немесе) ол қатысатын іс-шараларды жүзеге
асырушы адамдар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте,
баланың денсаулығына,
мүлкіне келтіретін зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа
жүгінуге құқылы.
46-бап.
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы
мемлекеттік баяндама
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік
баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының
Президентіне ұсынады және ол ресми басылымда жарияланады.
47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерінің қорғалуына
құқығы бар.
2. Баланың тұрып жатқан жеріндегі қорғаншы
және қамқоршы органдар, аумақтық
көші-қон қызметтері ата-анасының не өзге де заңды өкілдерінің бар
екендігі және олардың
тұратын жері туралы мәліметтер алуға жәрдемдеседі, қажет болған жағдайда баланы емдеу-
профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге
асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА
ӘСЕР ЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
48-бап. Бала жауапкершілігінің ерекшеліктері
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының
заң актілеріне
сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жаза түрін белгілеу кезінде баланың
өмір сүру мен тәрбиелену жағдайын,
психикалық даму деңгейін, жеке басының өзге де
ерекшеліктерін, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: