Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж



Pdf көрінісі
бет42/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100
БҰРЫШҚА ТҰР 
ЕСДАУЛЕТОВ Ұлықбек 
 
Көтере алмай келеңсіз еркелігін, 
Жазалады әкесі тентек ұлын: 
- Тұр бұрышқа! – ақырды ашуланып, 
Батырындай бағзы бір ертегінің. 
Қорыққаннан бұрышқа тұрды бала, 


51 
Құйттай болып дөңайбат түрді қара: 
Анда-санда иығы селк-селк етіп, 
Пырсылдайды әредік мұрны ғана. 
Әр бөлмеде – төрт бұрыш, орайы кеп, 
Тұрып шыққан тентек бұл талай рет. 
Ол ойлайды: 
«Бұрышқа тұрмас ем – ау, 
Тусам егер үй-күйсіз жабайы боп» ... 
Осы бала бұрышты жек көреді, 
Осы бала бұрышқа кектенеді. 
Анасына кей күні: 
«Мен өскенде, 
Бұрышсыз үй тұрғызам!» деп келеді. 
Сол тентекке жанымның қош келген, 
Еркелігін мен болсам кешірер ем? 
Шіркін оны бабасы бақытты ғой, 
Бұрышы жоқ үйлерде өсіп-өнген! ... 
Д.КАРНЕГИДІҢ БАСҚАРА БІЛУДІҢ (ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН) 10 ЕРЕЖЕСІ 
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 
ережесін басшылыққа ұстаңыз: 
1. Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан 
бастаңыз. 
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді. 
3. Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз. 
4. Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз. 
5. Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз. 
6. Мақтауға сараң болмаңыз. 
7. Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз. 
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындық келтірмейтіндей 
үміт туғызыныз. 
9. Өз қалауынша, адам қызығушылықпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз. 
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мүмкіндік беріңіз. 
Егер … Онда … 
Егер … 
Онда … 
Сіз күн сайын таңертең өзіңізді 
«жақсымын» деп іштей қайталасаңыз, 
өзіңізді-өзіңіз бағалауыңыз күннен-
күнге жақсара түседі. 
Үй жанурларын жақсы көрсеңіз 
немесе оларды асырасаңыз, 
жүйкеңіздің жұқару қаупі азая 
түседі. 
Сіз маңайыңыздағыларға тым мін 
таққыш болып, оларға үнемі риза 
болмай жүрсеңіз, 
бұл әуелі сіздің өзіңізге-өзіңіз риза 
еместігіңізді көрсетеді. 


52 
-Күніне аз дегенде 10 минут шек-
сілеңіз қатып күлсеңіз,
ұйқыңыз тыныш, ойыңыз сергек 
болады. Инфаркке ұшырау қаупі екі есе 
азаяды. 
Ән айтуды ұнатсаңыз, күн сайын 
дерлік ән шырқасаңыз, 
өміріңіз едәуір ұзара түседі. Ән 
шырқау кеуденің ғана емес, жүректің де 
бұлшық еттерін нығайтады. 
Депрессия 
мен сарыуайымға 
берілсеңіз, 
сіз үшін ең жақсы дәру-таңертеңгі 
күн сәулесі. Ол сіздің ағзаңызды көңілді 
көтеретін 
эндофрин 
гормонының 
бөлінуіне жағдай жасайды. 
ЕСІҢДЕ САҚТА! 
1) Іс-әрекетті мақсат қоюдан баста! 
2) Іс-әрекетті дұрыс жоспарла! 
3) Іс-әрекетті дәл уақытында баста! 
4) Іс-әрекетті дәл уақытында аяқта! 
5) Іс-әректтің нәтижесін сарапта!
6) Іс-әрекеттің жетістігі мен кемшілігін көре ал! 
7) Іс-әрекеттің жетістігін одан әрі дамыт!
8) Іс-әрекеттің кемшілігін жою, оған әсер еткен тұстарын анықтау.
9) Оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай туғыз!
10) Оқушының ішкі әлеуетін толық пайдалан! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет