47
Бүлдіршіндер тұр күтіп,
Енді оларға сөйлеу керек дана боп.
Әлі-ақ,
Әлі-ақ қырандайын түлейді ол,
Бар балаға бақытты күн тілейді ол.
Алғаш сабақ беріп тұр ғой…
Абдырап,
Қайта-қайта галстугін түзейді ол.
«Ей, жас ұстаз!
Қысылма да, қымсынба!
Түсіп көрген талай ағаң бұл сынға.
Сабаңа түс,
Сабағыңды бастап кет,
Баяғыдай бала болып тұрсың ба?!»
Естілді осы үн…
Жүзі бейне таңғы рең,
Құлағы да қалқияды қан күрең.
Алғаш түскен сөзі болды аузына,
«Ал, балалар, танысайық алдымен!»
Міне, ғажап!
Бәрі жақсы,
бәрі сән,
Құлағына құйылады таныс ән.
Кеше тіпті ойлаған да жоқ еді,
«Шәкірттерімен дәл осылай табысам».
Қайта келді босап кеткен жүйе, бой,
Жүріп берді жүйрік тіл, жүйелі ой.
Терезеден ымдап тұрды Ана Күн:
«Шәкіртіңді сенде мендей сүйе ғой!»
Әбубәкір Қайран
СЫНЫПҚА КІРЕР КЕЗДЕ ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ!
1.
Өзіңіздің балалармен қарым-қатынасыңыз туралы жан-жақты ойлаңыз, ойша
жоспар құрыңыз.
2.
Педагогикалық қарым-қатынас құру кезінде педагогикалық мақсатты ғана көздеп
қоймай, баланың мүддесін де ескеріңіз.
3.
Өз сөзіңізді жеке балаға немесе балалар тобына нақты бағыттаңыз.
4.
Қарым-қатынасты «билік» түрінде құрмаңыз. Ең
кішкентай сәбидің де қарым-
қатынаста өз еркіндігіне талпынатыны есіңізде болсын.
5.
Балалар ұжымындағы психологиялық ахуалды тани біліңіз, бұл баламен қарым-
қатынасқа көмегін тигізеді.
6.
Балаларды аяғына дейін тыңдай біліңіз.
7.
Өзіңізбен қарым-қатынас кезінде олардың көңіл-күйін сезе біліңіз.
8.
Балалар
арасында
егестер
болуы
мүмкін
екенін
және
өзіңіздің
педагогикалық дәрменсіздігіңіз арқылы оны ушықтырып алуға болатынын ұмытпаңыз.
9.
Баланың қателігін айту кезінде әдеп сақтаңыз..
48
10.
«Қиын» мәселелерден аулақ болу үшін «Неге?», «Не үшін?»
деген сұрақтан
бастаңыз.
11.
Қарым-қатынас барысында бастамашыл болыңыз.
12.
Қарым-қатынас
кезінде
әсіресе
қыздарға
көңіл
бөліңіз. Олар мейлінше нәзік, әрі эмоцияға жақын.
13.
Балармен қарым-қатынас кезінде бірқалыпта (тура жоспар бойынша) әрекет
жасаудан аулақ болыңыз.
14.
Кейбір балаларға деген жеккөрушілік
сезімінен аулақ болып, оны жеңе
біліңіз.
15.
Констурктивті бастамасыз жасалған жұмыс (тек қана сынау ) еш нтиже
бермейді.
16.
Балаларға жиі күлімсіреңіз.
17.
Балаларды жиі қолдап, мадақтап, мақтап отыруға тырысыңыз.
18.
Балалар
сіздің
өзіне
қалай
қарайтыныңызды
білуі
тиіс.
Баланың
тәртібіне
берген
сіздің
бағаңыз
оның
өзіңізге
деген
қарым-
қатынасын қалыптастырады.
19.
Әр баламен қарым-қатынасыңызды есте сақтаңыз.
Есіңізде болсын,
Сіздің қарым-қатынасыңыздың өзгеруі баланың негативтік тәртібіне әкеп соқтырады.
20.
Әр әңгімеге дайындалып, әңгімелесу стратегиясын құру керек.
21.
Балалардың өсіп келе жатқаны және олардың алғашқы тәртібі өзгеріп
отыратыны есіңізде болсын.
22.
Мұғалім мен
сыныптың, тәрбиеші мен топтың арасында кедергілер орын
алуы мүмкін. Бұл арада топтағы,
сыныптағы, балалар арасындағы әлеуметтік-
психологиялық жағдайды ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: