Бузаубакова к. Д., Бупетаева с. Ж


БІЛІМДІ БОЛУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?



Pdf көрінісі
бет41/100
Дата14.09.2022
өлшемі3 Mb.
#39055
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100
БІЛІМДІ БОЛУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 
Білім дегеніміз – күш, 
Күш дегеніміз – білім. 
Ф. Бэкон
Білімді болу – бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық 
білімнен шығады. 
Білім – бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы - түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі 
інжу-маржан, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл-көсір 
өлшеусіз әрекет ету керек. Ғылым – білімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына 
жете алады. Білімнің керек емес жері жоқ. Ол саған тоңғанда киім, ашыққанда тамақ
әлсірегенде қуат. Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз. Адамды 
адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс-әрекетпен, тәжірибемен байланысқан білім 
ғана нағыз білім болып саналады. 
Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін 
қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық. 
Білімді адамды ақшалы болмаса да жарлы деуге болмайды. Білімді сенен ешкім 
ұрлай алмайды, алғанмен оны бойына сіңіре алмайды. 
Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой-арманын, 
талап-тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Кімде білім мол болса, сол 
жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алады. Білімсіз ешнәрсе ашылмайды. Білікті болсаң ғана 
қоғамнан лайықты орныңды тауып, атың шартарапқа жайылады. Білімдіге қашан да төрден 
орын тиеді. Білімді босаға жақта отырғанмен біртіндеп төрге шығады. Нағыз білімділік 
адамгаршілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс. 
ХХІ ғасырда білім құнды капиталға айналды. Оның өзі маңыздылығы жөнінен 
стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуы да тиіс. Елдің даму деңгейі 
біліммен өлшенетін болады. 
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, зәулім ғимараттар да, 
экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді, талантты да дарынды 
адамдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет