62
жымиюдың құпиясын көрсетіңіз. Мақтаншақтар мен бұзықтарды жеңу өте оңай екенін
ертерек білуге баулыңыз. Шамаңыз жетсе, кітаппен достасуына күш салыңыз. Арасында
мәңгілік құпиялар туралы ойланатын бос уақыты болсын. Аспандағы құсты, омартадағы
араны бақыласын, атқан таң мен көк шалғынның кереметіне көз жеткізсін.
Мектеп қабырғасында жүргенде алаяқтық жасағаннан
гөрі жеңіліс тапқан
әлдеқайда мәртебелі болатынын үйретсеңіз екен. Өзгелер бұрыстығын дәлелдеп тұрса да,
өз меніне деген сенімі нық болатындай етіп тәрбиелеңіз.
Жұмсақ адамдармен жұмсақ,
қатыгез адамдармен қатал болуға үйретіңіз. Менің ұлыма тобырға ілесіп жаңсақ басудан
сақтайтын рухани қуат беріңіз. Кез-келгенді тыңдап, әр сөздің мәні мен мағынасын түсініп,
електен өткізіп, тек дұрысы мен ақиқатын таңдауға дағдыландырыңыз.
Қайғырып отырып та күле білуге болатынын көрсетіңіз. Көз жасын көрсету ұят
еместігін түсіндіріңіз. Арсыздардың қылығына күле білетін, мақтанға бой үйретпесін. Өз
ақылы мен күш-қуатын ең жоғарғы бағаға сатуды үйретіңіз. Бірақ ешқашан жүрек пен
жанын саудаға салмасын. Ысқырығы жер жаратын боскеуделерді тыңдамауға, өзінікін
дұрыс
деп білсе, орнынан тұрып күресуге бел шешіп кіріссін. Оған мейірімді болыңыз.
Дегенмен де тым жұмсақтық таныта бермеңіз. Өйткені, тек отқа салған құрыш мықты
болып шығады. Ұлыма ымырасыздыққа баратын батылдық беріңіз.
Қайратты болуға
рұқсат етіңіз. Әрдайым өзіне деген сенімі нық болсын. Тек сонда ғана адамгершілікке
деген сенімі зор болмақ.
Менің айтқанымды орындау оңай емес екендігін түсінемін. Қолыңыздан келгенін
жасап көріңіз. Менің кішкентай ұлым сондай жақсы бала!"
Достарыңызбен бөлісу: