Сурет-13. Креативті педагогтың құзіреті Креативті педагог – заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген,
инновациялық технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын,
рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалды тұлға, білікті маман.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДҰРЫС ҚҰРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Бірінші ереже.Пікірталасушының көзіне тура қара:
- оның көзқарасынан жан дүниесінде болып жатқан процестерден бірталай мәлімет
аласың;
- өзіңнің жан құбылыстарың туралы мәлімет бересің.
Екінші ереже. Өзіңе сырттан сыншыл көз таста: тұрысым, көз қарасым қалай:
- шабуылға дайындалып тұрған жыртқышқа ұқсамаймын ба?
- жағымпазданып, құйрығын бұлғаңдатып тұрған күшікке ұқсамаймын ба?
- кеудемнен көк тірегендей, пікірлесушіні жаныма жуытпай, жол кесіп тастаған
жоқпын ба және т.с.с.
Үшінші ереже. Мәселені шешуді өз қателіктеріңнен баста. Мәселе шешуді өз
қабілеттеріңнен бастап, соңында ғана, қажеті болса, пікірталастырушыны сынға ал. Мұндай
әрекет сенің әділдігіңді көрсетеді.
Төртінші ереже. Кез-келген қарым-қатынаста бұйрық беруден бас тарт.
Пікірлесушіге бұйрық бергеннің орнына – сұрақ қою арқылы өзін сол бұйрық арқылы
істеткің келгенді атқаруға мәжбүр қыла біл.
Бесінші ереже. Қарым-қатынас жасап тұрған адамның абыройын сақтауға тырыс.
Қарым-қатынас жасап тұрған адамның абыройын сақтап қалуға өзіне мүмкіндік тудыр.
Алтыншы ереже. Өз қателеріңнен қашпа. Егер қателігің болса, оны бірден ашық
қабылдап, қажет болса кешірім сұраған жөн. Жағдайды жеңілдетеді.
60
Жетінші ереже.Басқаның пікірін сыйлай біл, оның қателіктерін ешқашан да бетіне
баспа. Бірақ дипломатия жолымен білдір.
Сегізінші ереже.Кез-келген пікірталасушыға ең алдымен өзің сый көрсет.