баланың досына айналу – оқыту процесінде оған қолдау көрсету және
көмектесу;
✓
тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген
ұмтылысына зиян келтірмеу; ✓
тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу;
✓
тұлғаның ішкі әлеуетін ашу, оның өз бетінше білімді игеруіне жағдай
жасау;
✓
тұлғаның өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне толықтай жағдай жасау (12-
сурет).
Сурет-12. Креативті педагогтың құзыреті Креативті педагог:
- ұдайы көтеріңкі көңіл-күйде жүреді – оқушылардың жан дүниесіне шаттық пен
мереке сыйлайды;
- ол тұйық емес: эмоция дегеніміз ол үшін педагогикалық құрал;
- ол өзінің барлық іс-әрекетінде тұрақты әрі бірізді. Ол ештеңені де ұмытпайды,
шатастырмайды, еш уақытта қателеспейді;
- ол оқушылар үшін ерекше жағдайды ойластырады: ерекше көңіл-күйді
қалыптастырып, оқушыларды еңбекке жұмылдырады;
- ол әріптестеріне қолдау көрсетеді, өз білгенің әріптестерімен бөліседі, оларды
жаңаға үйретеді, өзі олардан үйренеді.
Креативті педагог: ✓
Бақылаудың орнына ынталандырады.
✓
Мәжбүрлеудің орнына кеңес береді.
✓
Ауыстырудың орнына сенім белдіреді.
✓
Үгіттеудің орнына түсіндіреді.
✓
Дауыс көтерудің орнына әзілдейді. ✓
Кінәлаудың орнына қорғайды. ✓
Талап етудің орнына бірге жұмыс істейді.
59
✓
Нәтижені талап етпей, нәтижеге бағыттайды.
✓
Оқушыны үйрете отырып, өзі де үйренеді.
✓
Оқушыны шығармашылыққа баули отыра өзі де ұдайы ізденеді. ✓
Қателескен жағдайда оқушыдан бірінші кезекте кешірім сұрайды ( 13-
сурет).