Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-шы Президенті Авраам Линкольнның ұлының ұстазына жазған
хатын оқып шығып, өз пікіріңізді білдіріңіз. " Ата-ананың мұғалімге деген көзқарасы
баланың бойындағы үлкенге деген құрмет сезімін қалыптастырады" деген пікірге
келісесіз бе?
ҰСТАЗ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК? Ұстаз қандай болуы керек? деген сұраққа Спандияр Көбеев төмендегідей пікір
білдірген:
Біріншіден, мұғалім теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси
білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек.
Екіншіден, өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мандықтың жетіле
беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей
зерттеп отыратын адам болуы қажет.
Үшіншіден, өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге ғылымның әр
саласынан көп хабары бар, жан-жақты біліммен қаруланған, іскер болуы қажет.
Төртіншіден, мұғалім өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін,
балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін шебер болуы қажет.
Бесіншіден, өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың қойған
тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы
көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс.
Алтыншыдан, өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын
орындатқанда, оны жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен
ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындалып отыратын болуы қажет.
Жетіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны
балалардың, оқушының тәртіпті болуын, жақсы тәлім-тәрбиелі және саналы болуын көздеп
жүргізілетін адам болуы қажет (1-сурет).