56
мүмкін. Ондай балаларға «жаңалық» ашатын өз шығармашылығынан, дайын материалды
игеру әлде қайда қиынырақ екеніне тоқталады .
Шығармашылықты жалпытұлғалық сапа деп тану позициясы Б.А.Тұрғынбаева
да тән. Ол белгілі бір салада шығармашылықпен жүзеге асыратын адам
ақиқатқа тұтас
қарау үшін өзінің психикалық сапаларын бағыттауы тиіс деген ойын дәлелдейді.
3-суретте креативті педагогтың келбеті ашылды.
Сурет-3. Креативті педагогтың келбеті
Креативті педагог - жаңа технологияның
қыр-сырын меңгерген, өз ісіне үлкен
жауапкершілікпен қарайтын, педагогикалық процесті
нәтижеге бағыттай алатын, әрбір
шәкірттің жүрегіне жол табатын, оқушыларды шығармашылық ізденіске бағыттай алатын,
ұдайы шығармашылық ізденістегі интеллектуалды тұлға, шебер мұғалім.
Креативті педагогтың кәсіби өсуінің құрамды бөліктері болып табылатындар: кәсіби
іс-әрекет; кәсіби мәдениет; кәсіби құзіреттілік; кәсіби шеберлік ( 4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: