Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты


Д.6. Қазу жұмыстарының өзгеруін және карьердің



бет11/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

Д.6. Қазу жұмыстарының өзгеруін және карьердің
жағдайларын түсіру
Бұл түсірістің негізі, әр түрлі заттардың кеңістікте орналасу координаталарын тауып, оны қағаз бетіне, яғни картаға немесе планға түсіру.
Карьердегі түсіру орындарына төменде келтірілген нысандар жатады:
-кен қазбаларының элементтері, мысалы, текпішек, орлар, қопарылған кен жыныстары, қопарылған қазбалар, су ағарлар, жолдар;
-барлау қазбалары, жыныс құрылымдарының көрініп жатқан орналасу тәртібі мысалы, кен мен бос жыныстардың жанасқан жерлері, тектоникалық бұзылымдар, сынақ алынған, кен аумағын, ұзындығын, енін өлшеген жерлері;
-көлік, энергетикалық, байланыс коммуникациялары және өндіріс ғимараттары;
-аршу жыныстарының үймесі, өндірілген кен қоймалары және бөлек үйілген кен құрамы аз үймелер.
Түсіру дәлдігі ± 0.5 мм план масштабына сай болуы керек, ал биіктік дәлдігі жақын маңдағы түсіру қосындарымен салыстырып қарағанда ± 0.2 мм. Түсіру жиілігі өндіріс қажеттілігіне қарап анықталады. Карьер тепкішектерін түсіру ай сайын жүргізіліп отырылады, ал басқа нысандар өзгерген сайын түсіріледі.
Карьерлердегі түсіру әдістері жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болады. Олар тахеометриялық, стереофотограмметриялық, мензульдік, перпендикулярлар әдістері.
2.4.Тахеометриялық түсіріс аталған түсірістердің ішіндегі ең көп таралған және көп қолданылатыны себебі, бұл әдіс өзінің қолайлылығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
Әдістің кемшіліктеріне, ондағы карьерде істелетін жұмыстардың көп болуы, уақытты көп алатындығы және өнімділігі басқа түсірістерге қарағанда төмен болатындығы жатады. Сондықтан тахеометриялық түсіріс аумағы аз, басқа түсірістерді пайдалануға болмайтын карьерлерде қолданылады.
Тахеометриялық түсіру карьерлердегі түсіру негіздерінің қо-сындарынан, алдағы геодезия пәнінде өткен әдістермен іске асады. Дәлдігі Т30 теодолиттерімен сәйкес теодолит-тахеометрлер қолданылады. Тік дөңгелектен есеп алу 1 минутқа дейін ал, жазық дөңгелектен есеп алу 10 минутқа дейін дөңгелектенеді.
1:1000 масштабта рейкалық нүктелерге дейінгі аралық 150 м, ал, 1:2000 масштабта 200 м аспауы керек. Рейкалық нүктелердің арасы 30 м аспағаны жөн.
Түсіру өлшемдерін бірден журналға жазып, түсіру нысандарының сұлбасын қоса салып отырады. Түсіру нәтижелерін тахеометриялық арнаулы кесте арқылы есептейді. Сызба нәтижелері планға транспортир және сызғыштың көмегімен салынады. Сызғыш және транспортирді алмастыратын транспортир-тахеограф құралы қолдануға ыңғайлы (тахеометриялық түсіріс жұмысын толық оқулықтың келесі беттерінде қараймыз).
2.5. Жер бетіндегі стереофотограмметриялық түсіріс тахеометриялық түсіріске қарағанда 4-5 есе өнімді болып келеді. Стереофотограмметриялық түсірісті өңдеуге және орындауға қымбат тұратын жабдықтар, аспаптар керек болатындықтан, ол өнімділігі жоғары, үлкен карьерлерде қолданылады.
Жер бетіндегі түсіріс базистерінің екі жағындағы (ұшындағы) нүкте-лерден фототеодолитпен жүргізіледі. Базистік қосындарды ертерек жұмыс істеу алаңдарына ыңғайлы етіп орналастырылғаннан кейін бекітеді.
Фотограмметриялық түсіру кезінде (52-сурет) фототеодолитті базистің І қосынына орнатып, фотокамераның фотопластинкасын І-ІІ базистік қосындар үстінен өтетін сызықтар бойымен бағыттайды да (бағдарлайды) қарсы беттегі карьердің қабырғасын суретке түсіреді. Фототеодолитті базистің ІІ қосынына ауыстырып, ІІ-І базис сызығы бойымен бағдарлайды да қарсы беттегі карьердің қабырғасын суретке түсіреді (мұнда сол жақ фотосуретте карьердің қай тұсын суретке түсірді, сол жерді қайта суретке түсіреді). Сонда қарсы беттегі карьер қабырғасының екі фотосуреті-сол жақ және оң жақ фотосуреті шығарылады.
Карьер қабырғасына бағытталған КРМ үшбұрышымен шек-телген кеңістік екі рет І және ІІ базистік нүктелерден түсіріледі. КРМ үшбұры-шымен шектелген бұл кеңістік сол жақ және оң жақ суреттеде бір-бірінен айна қатесіз түсірілген. Мұндай суреттерді стереоегіз-деп (стереопара) атайды. Екі суреттеде фотокамераның оптикалық өстері 1-1/ және 2-2/ суретке түсірер сәтте бір-біріне параллель, ал базиске перпендикуляр болады. Мұндай түсірісті қалыпты түсіріс түрі-деп атайды.
Карьер кемерінің қисық тұстары екі суреттеде бірдей ауытқып, фотокамераның оптикалық өстері екі суреттеде пареллель болып қала береді де бірдей бұрышқа, базистен оң жаққа және сол жаққа бұрылады. Бұл жағдайда екі суреттеде карьердің түсірілген үлкен аумағы бір-біріне қаусырылып түсіріледі.

52-сурет
Жер бетіндегі стереотүсірісте карьердің кеңістіктегі нүктелерінің орналасуы фотограмметриялық координаталар жүйесінде анықталады. Бұл жүйе үш бір-біріне перпендикулярлы өстерден тұрады. Координаталар бастауы алдыңғы тораптық нүктеге қойылған фотокамераның объективі ішіндегі S1 нүктесі (53-сурет); базистің сол жақ нүктесінде УФ өсі жазық жазықтықта орналасып, фотокамера өсіне перпендикуляр болып келеді (қалыпты жағдайда Хф базистік жазықтық жазықтықтағы проекциясымен дәлме-дәл келеді); өсі тік жазықтықта орналасқан.
Уф мәні ылғида оң (+) болады және оны қалыс шама-деп атайды. Хф және мәндері ретімен О1 және О2 нүктелерден жоғары, оңға оң (+), ал төмен, солға теріс (-) болып келеді. Әр стереопара суреттерінің өзінің координаталар бастауы және бағдары болады.

53-сурет

Әр базистегі түсірудің сол жақ нүктелерінің координаталарын, базистің дирекциондық бұрышын және оның ұзындықтары алдын ала анықталып отырылады.


Әр базистен түсірілген суреттер арасындағы байланысты анықтау үшін, барлық базистерді геодезиялық торлар қосындарына түйістіріп отырады; базистер ұзындығы 1:3000 қатынасындай дәлдікпен өлшейді.
Әр стереопаралық суреттер стереофотограмметриялық аспаптарда өңделеді, яғни осы суреттер негізінде карьер қабырғасының кішірейтілген стереоскоптық (кеңістікте бейнеленген) пішінін қағаз бетіне түсіреді.
Стереокомпаратор аспабы стереопара суреттері арқылы бізге керек 1, 2, 3, 4, 5 ж.б. нүктелердің фотограмметриялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.
Фотограмметриялық координаталардан кәдімгі маркшейдерлік істе қолданылатын тік бұрышты координаталар жүйесіне ауысу белгілі формула арқылы шығарылады, бірақ бұл жол өте күрделі, ұзақ есептеулерді керек етеді. Сондықтан, маркшейдерлік пландарды жеңіл, уақыт алмай салу (сызу) стереопараларды пайдаланып, стереоавтограф аспабының көмегімен іске асады. Бұл аспаппен жер бедерін, карьер тепкішектерінің төменгі, жоғарғы жиектерін, басқада нысандардың орналасуларын қағазға түсіре беруге болады.
Стереоавтограф өзінің құрлысында координатографпен байланысқан. Стереоскоптан стереопараны қарап отырып аспап маркасын карьер кемерінің стереомоделінің үстімен жүргізіп отырады, сонда осы сызық (карьер кемерінің жоғарғы немесе төменгі жиектері) автоматты түрде координато-графтың столы үстіне салынған қағазға түсіріліп отырылады.
2.6.Ауадан түсірілетін стереофотограмметриялық түсіріс ұшақ немесе тік ұшақтарды пайдаланып, арнаулы фотоаппараттармен орында-латын түсіріс. Кейінгі екі әдіс жолдары фотограмметрия пәнінен оқыла-тындықтан бұл курста толық қаралмайды.
2.7.Мензульдік түсіріс аумағы үлкен емес карьерлердің кен қазбала-рының біріктірілген планын жасау үшін қолданылады.
Мензульдік түсірістің кемшіліктері:
-басқа түсірістерге қарағанда, түздік жұмысы көп;
-ауа райына байланысты ылғалды, жаңбырлы, қар жауып тұрғанда кездерде жұмыс істеуге тіптен болмайды;
-көмірлі карьерлерде, разрездерде планшет (қағаз) тез кірлеп істен шығып қалатындықтан жұмыс істеуге қолайсыз;
-мензульдік түсіріс аспабы қолайсыз, үлкен.
Бір үлкен жетістігі-түсірген нысандардың нобайы сол жерде түсіріліп, бағдарлауға, өзіңді өзің тексеруге болады.
Мензульдік түсірісті, фанераға немесе жұқа алюминиге желімделген ватман қағазына түсіреді. Бұл ватман қағазына координаталық тор және тірек торларының қосындары белгіленеді. Осылай дайындалған қағазды планшет дейді.
Түсірісті түсіру негіздерінен немесе ауыспалы нүктелерден бастайды. Аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық 1:1000 масштабта-50-100 м ал, 1:2000 масштабта-100-150 м болып келеді.
Көлбеу бұрыш кипрегельдің тік қорабының бір жағдайында өлшеніп, қолданылып жүрген формуламен шығарылады.
Нөлдік орын (МО) әр тұрған нүкте үшін жеке анықталады.
Нүктелердің биіктік шамалары 0.1 м дейін дөңгелектелініп планшетке жазылып отырылады.
Планшеттен графикалық түсіру қортындысы жылтыр қағазға көшіріліп, әрі қарай тау-кен цех басшыларының пайдалануына жі-беріледі.
2.8.Ординатты-сызықтық (перпендикуляр) әдісі қарапайым, жылдам және бұл әдісті жылдың қай мезгілі болсада түсіре беруге болады. Ординатты-сызықтық түсіріс кездерінде теодолиттік жүріс қабырғасына, түсірілетін нүктеден перпендикуляр сызық жүргізі-леді де, оның ұзындығын өлшейді (54-сурет).

54- Сурет. Перпендикулярлар әдісі
d1 және d2 қашықтықтарын 125-қосыннан және де 1, 2 нүктелерден түсірілген Р1, Р2 перпендикулярларының ұзындықтарын өлшейді, яғни осы 1, 2 түсіру нүктелерінің орнын анықтап, планға бірден түсіре беруге болады.
Қабырғаға түсірілетін перпендикуляр көз жобасымен немесе эккер аспабы арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет